"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Кәсіп ашқым келеді, бірақ неден бастарымды білмеймін…»

23.07.2022
«Кәсіп ашқым келеді, бірақ неден бастарымды білмеймін…»
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сұхбатымыздағы кейіпкеріміз сияқты
мыңдаған кәсіпкерге қолдау көрсетіп, өз кәсібін
бастап, оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік беретін
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екені

белгілі. «Кәсіпті қалай жүргізу керек?», «Неден ба-
стау қажет?» деген сансыз сауалға жауап іздеу,

есепсіз құжатты дұрыс жүргізе алмау, миыңдағы
керемет жобаңа жұрт назарын аударта алмау,
сондай-ақ заң жағынан жеткілікті түрде хабардар

болмау – бұлардың барлығы кәсіпкер боламын де-
ушілерге бірден-бір кедергі болуы мүмкін. Бұл рет-
те аталған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, әр

кәсіпкерге бастан-аяқ қолдау көрсететін бірден-
бір ұйым – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер па-
латасы. Кәсіпкерлер үшін бұл палата үлкен мек-
теп сынды. Себебі, тіпті қолында ешқандай бизнес

жобасы болмаса да, жаңа салаға жол ашып, өзін
басқа қырынан көрсетуге құлшынған кәсіпкерлерге
таптырмас мүмкіндік. Идеяның айқындалуы мен
саланың таңдалуынан бастап, бизнес жобаның
толық сұлбасын жасап қана қоймай, белгілі бір

гранттарға қатысып, өз ісіңді бастап кетуге сеп-
тігін тигізуде «Атамекеннің» үлесі зор. Ендеше,

кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеттері мен
ұсынатын қызметтеріне тоқталсақ.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы,
негізінен, кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы
үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру
мақсатында құрылды. Ол –коммерциялық емес
ұйым. Басты міндеті – бизнестің заңнамалық және
өзге де нормативтік ережелерін қалыптастыру
процесіне барлық кәсіпкердің қатыстырылуын
кең ауқымды қамтамасыз ету, бизнес мүдделерін
және құқықтарын қорғау. Палатада сондай-ақ
кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс
істейді. Оған бухгалтерлік және салықтық есепке

алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есеп-
тілікті жасауға байланысты қызметтер, заңгерлік

қызмет көрсету, маркетинг мәселелері бойынша

қызметтер, мемлекеттік сатып алуға, ұлттық ком-
паниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың

сатып алуына байланысты қызметтер кіреді. Әр
қызмет түрі бойынша қызмет көрсететін жеке
мамандар бар. Мәселен, маркетинг мәселелері
бойынша «Атамекен» ҰКП Абай облысындағы
өкілдігінің маркетологі, экономика ғылымдарының
кандидаты Лаура Байдильданова қызмет
көрсетеді. Ол кәсіпкерлердің жас ерекшелігіне
қатысты қандай таңдау жасайтындарын, соның
ішінде жас кәсіпкерлердің артықшылықтарын атап
өтті.
— Біріншіден, кәсіпкерлердің қай салада өз
қызығушылықтары, білімдері мен тәжірибесі бар

екенін анықтап, сол салада нақты идеясы бол-
са, сол идея негізінде бизнес жоба жасаймыз. Әр

кәсіпкердің өз жас ерекшелігіне сәйкес бизнес
жоба әзіреленеді. Бұл ретте жастардың кәсіппен

айналасудағы өз артықшылықтарын атап өткім ке-
леді. Жастардың бойында ештеңеден қорықпай,

жаңа істі бастап кетуге деген құлшыныстары бо-
лады. Оларда жаңа идея көп. Қазіргі таңда қоғам

арасына тарап кететін идеялардың көбі жастарға
тиесілі. Мысал ретінде айтайын, көбінесе үлкен
адамдар тігін цехын, кондитерлік нүктені ашамыз,
мал асыраймыз деп жатса, жастар жай ғана тігін
ісі емес, брендтік киімдер тігу, тағам дайындайтын
орын ашса, оның жеткізу қызметін қоса ашу, сән
салоны болса, адамға бір уақытта бірнеше қызмет
түрін көрсету сияқты ерекшеліктерді қосады.
Бұл — клиенттерге қолайлы болу үшін олардың
жағдайын ойластыру мақсатында жасалатын
қадамдар. Әрине, кәсібін ашқан әр жастардың
бәрі бірлей кәсіпкер болып кетеді деп сеніммен
айта алмаймыз. Өз саласын дұрыс таңдағандар
әрі қарай алып кетеді, ал «қандай салада болсын,
грант ұтып алсам болды» деп келетін жастардың
ісі орта жолда қалып қояды. Мұндай жастар,
өкінішке қарай, жоқ емес. Ондай жастар аз уақыт

қана істеп, әрі қарай көп кедергіге шыдай ал-
май, біраз уақыттан кейін бастаған ісін аяқсыз

қалдырады. Кейбір жастар бір сала аясында іс ба-
стап, қандай да бір жағдай орын алып қалса (ка-
рантин, басқа да кедергілер), басқа салаға тез

ауысып кетеді. Ал үлкендердің бір саладан екінші

салаға ауысуларына біршама уақыт қажет бола-
ды. Жастар қазір қай жерде сұраныс бар, сол жер-
де өз қызметтерін көрсетуге дайын тұрады, — дейді

Лаура Берікханқызы.

Мақалада: «Кәсіп ашқым келедібірақ неден бастарымды білмеймін...»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

40 минут бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

43 минуты бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

4 часа бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

4 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

4 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

5 часов бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

5 часов бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

5 часов бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

5 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС