"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ИНВЕСТИЦИЯ — 50 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ

05.08.2022
ИНВЕСТИЦИЯ — 50 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласына биылғы жылдың алты айында 50 млрд теңге инвестиция бөлінді. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен Семей қаласының бас жоспарын іске асыру барысы талқыланған жиында айтылды.

Қаланың бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 маусымдағы №707 қаулысымен бекітілген. Бұл жоспар негізінде қаланың оң және сол жағалау бөліктерін егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленіп, белгіленген тәртіппен бекітілді. Қаланың оң жақ жағалау бөлігінде 5 аудан — орталық бөлік, 2-орталық бөлік, 35, 40, 342, 343, 352-ші кварталдар, Солтүстік және Қарағайлы тұрғын аудандары, сол жағалау бөлігінде 4 аудан — Юность шағын ауданы, Новостройка ауданы, Цементный кенті, 14, 15-тұрғын аудандары, Суық бұлақ, Кирпичный, Жоламан кенттері қамтылған. Қала маңындағы аумақтарда жалпы ауданы 4574,2 гектар болатын 12 тұрғын үй алабы анықталды, бұл — жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналған 17543 жер учаскесі мен әлеуметтік мақсаттағы нысандар. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақтарды игеру үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) жүргізу жұмыстары 3 кезеңге бөлінген. Бірінші кезең — Ұшақтар және Комсомол тұрғын алаптары, іске асыру мерзімі — 2019-2021 жылдар аралығы; екінші кезең — Ақсай тұрғын алабы, іске асыру мерзімі — 2022-2023 жылдар аралығы; үшінші кезең — 9 тұрғын алабы: Суық бұлақ, Бобровка кенті, Жарқын, Ақ қайың, Жібек Жолы, Кіші Ақтөбе, Степной кенті, Красный кордон және Водный кенттері. Іске асырылу мерзімі 2023-2030 жылдар аралығына жоспарланған. Бұған қоса, Шүлбі кенті, Приречный, Озерки, Прииртыш, Мұқыр, Новобаженово және Қайнар ауылдарының құрылысын дамыту сызбасы (бас жоспар) әзірленді. Қаланы толық қамту үшін Шығыс кенті, Дальний ауданы, Березовский, Контрольный, Мирный кенттері, Былғары-тері зауыты, Пристань, Революция күрескерлері аудандары, Силикат кенті, Нахаловка және Бейбітшілік аралының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу қажет. Сондай-ақ ауылдық округтерге қарасты 23 ауылдың және Шаған кенті аумақтарының құрылысын дамыту сызбаларын (бас жоспарларын) әзірлеу қажет. Өткен мамыр айында Шығыс оң жақ және Шығыс сол жақ саяжай алаптарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмыстары басталды. Қараша айында бекітіледі деп күтілуде. Бүгінгі күні қаланың сол жағалау мен оң жағалау бөліктерінде оң жақ бұрылыстар жасалған көшежол желісін түзету, автомобиль жолдарының санаттарын өзгерту қажеттілігі туындап отыр. Бұдан басқа аудандарды инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгерістер енгізу қажет, атап айтқанда жылу желілерін, сумен және электрмен жабдықтауды қайта қарау және есептеу керек. Қазіргі күні жұмыстар жүргізіліп жатыр, қараша айында аяқталуы тиіс. Бүгінде Қарағайлы тұрғын ауданында құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. 11 бюджеттік үй салынуда, 24 коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы қолға алынды. Көпқабатты тұрғын үйлердің 38 жобасы әзірленді, 27 жоба дайындалу үстінде. 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бірінші жарты жылдықта шағын аудандағы құрылыстың жалпы көлемі 13 986 шаршы метрді құрады. Биыл 81 990 шаршы метр жеке тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған Бірінші жарты жылдықтың қорытындысында әлеуметтікэкономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша да оң динамика байқалады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 201,3 млрд теңгеге жетті, бұл көрсеткіш өткен жылдың деңгейінен 72 млрд теңгеге, немесе 55,7% — ға жоғары. Алайда жеңіл өнеркәсіпте өткен жылғы деңгейге қарағанда өндіріс көлемі 25,7%-ға төмендеді. Жыл соңына дейін өндіріс көлемін арттыру жоспарлануда. Өңдеу саласында 18,2 млрд теңгеге 9 жоба іске асырылады. Агроөнеркәсіптік кешенде өткен 6 айда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 59,3% — ға өсті. Ет өндірісі 45% — ға, сүт – 5% — ға, жұмыртқа — 74,7% — ға артты. Өткен жылмен салыстырғанда, мал басы да өсіп отыр. Жыл қорытындысы бойынша өнім көлемін 58 млрд теңгеге, немесе 2021 жылғы деңгеймен салыстырғанда 112,1% — ға жеткізу көзделуде. Сондай-ақ 6 айда қалаға шамамен 49,9 млрд теңге инвестиция тартылып, өткен жылғы кө р с ет к і ш п е н салыстырғанда 18,1% — ға өсті. Жыл қорыт ы н д ы с ы бойынша инвестициялар көлемі жоспардағы 130 млрд теңгенің орнына 114,5 млрд теңге болады деген болжам бар. Инвестицияның жылдық нақты көлем индексін 100% — ға дейін жеткізу үшін қосымша 2,5 млрд теңге, жоспар-тапсырманы орындау үшін 15,5 млрд теңге жеке инвестиция қажет. Семей қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Мақалада: ИНВЕСТИЦИЯ - 50 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

3 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС