"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ШЕШЕНДІК ШЕБЕРІ»

09.08.2022
«ШЕШЕНДІК ШЕБЕРІ»
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма күні Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен, Зайсан ауданы әкімдігінің қолдауымен, Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай, «Шешендік шебері» облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты —  шешендік өнерді жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау, жастардың шешендік өнерге деген құштарлығын арттыру, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

18-35 жас аралығындағы алты үміткер бақ сынаған байқау «Сәлем – сөздің атасы» , «Ұлылар сөзі», «Көрініс көрсету», сондай-ақ «Ұшқыр ой» атты төрт кезеңнен тұрды. Байқаудың салтанатты ашылуында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Роза Төлемісова сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы, сайыскерлер, шешендікпен қатар, білім мен тапқырлықтарын да сынға салды.

– Аталған байқау Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Мақсат — шешендік өнерді меңгерген жастарды қолдап, құштарлығын ояту. Осындай шаралардың жастарымыздың сөйлеу шеберліктерін жетілдіріп, жедел шешім қабылдауға бейімдейтіні сөзсіз, – дейді ұйымдастырушылар.

Байқаудың бірінші кезеңінің шарты бойынша, үміткерлер шешендік өнердің өзіне тән сипаттарын сақтай отырып, өздерін таныстырды, екінші кезеңде  ұяшықтардағы қазақтың ұлы ақын-жазушыларына, би–шешендер мен жырауларға арнау өлең шығарса, үшінші кезеңде ұлы тұлғалар, шешен, билердің образына еніп, шешендік өнерлерін  көрсетті, ал төртінші кезеңде экранда көрсетілген ұяшықтардағы Қаз дауысты Қазыбек бидің өмірбаяны мен туындыларына қатысты викториналық сұрақтарға жауап берді.

Байқауда көрермендерге есімі жақсы таныс айтыс ақыны — Көкпектіден келген Фархат Маратұлы да бақ сынады. Зайсандық ақын Олжас Шарибаев, күршімдік Елдес Нұрданұлы сынды сайыскерлер де осал қарсылас емес екендерін көрсетті.

Дөп басып, мүдірмей айтқандары бар, кідіріп, ой түбіне бойлағандары бар. Қалай десек те, әр кезеңнің өз ерекшелігі болды.

Байқау қорытындысы бойынша, алты үміткерден алға озған Фархат Маратұлы (Көкпекті ауданы) бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орын Боранбай Төлепбергенге (Зайсан ауданы), екінші орын Күршімнің намысын арқалаған Елдес Нұрданұлына бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынды Олжас Шарибаев (Зайсан ауданы) иеленді.

Байқауда топ жарғандар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ

Мақалада: «ШЕШЕНДІК ШЕБЕРІ»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

22 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

22 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

22 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

23 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

24 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС