"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

16.08.2022
ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Димитрий Гариков Дальний, Қазкрай, Березовский, РСУ-1, темір жол вокзалы аудандарының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге қалалық әкімдіктің салалық бөлімдерінің басшылары мен қалалық мәслихат депутаттары қатысты

Димитрий Гариков аталған аудандарда атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы баяндап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қала әкімінің міндетін атқарушы Димитрий Гариковтің айтуынша, өткен 6 ай бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады. Атап айтқанда, өнеркәсіпте 53,5%-ға; агроөнеркәсіптік кешенде 59,3%-ға; саудада 17,6%-ға; негізгі капиталдағы инвестициялар бөлігінде 21,2%-ға; тұрғын үйді пайдалануға беру 7,9%-ға өсім бар. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігін орташа жөндеу бойынша конкурстық рәсімдер өткізілуде. Қазкрай ауданында 310,7 млн теңгеге жалпы ұзындығы 5,2 шақырым болатын 9 көшенің жолдарын орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Аталған шағын аудандарда таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл аудандарда тұратын 8 мыңнан астам тұрғын ауыз суды «Смычка» су жинағышы арқылы алып отыр. Су құбыры желілерінің негізгі бөлігі 70-ші жылдары салынған, қазіргі күні олардың 68%-ы, кәріз желілерінің 72,2%-ы тозған. Аудандарға жекелей тоқтайтын болсақ, Ақсай кентінде 1,2 млрд теңгеге су құбыры желілері салынды, Березовский кентінде 461 млн теңгеге су құбырының құрылысы басталды. Бұл мақсаттарға 2022 жылы 200,1 млн теңге қарастырылған. Бүгінде аталған аудандарда көше жарығын жаңғырту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 15 көше жарықтандырылмақ. 2023 жылы Қазкрай мен Березовский кентінде жарығы жоқ тағы 5 көшені жарықтандыру көзделген. Қала әкімінің міндетін атқарушы аудандарда алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстардан да хабардар етті. Ақсай кентінде құны шамамен 2,8 млрд теңге болатын 600 орындық орта мектеп салу жоспарда бар. — 2025 жылға дейін 6 мөлтек ауданды дамытуға 4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсау жоспарлануда. 600 орындық орта мектеп салынады. Сондай-ақ Алматы көшесінде су құбыры желілерін салу, Ақсай кентінде электрмен жабдықтау, ЕҚДБ аясында 5 көшені жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылады, — деді Димитрий Гариков. Кездесуде тұрғындар жол сапасы, ауыз сумен қамту, жарықтандыру мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойып, наразылықтарын білдірді. Тұрғындар қоғамдық көліктің жұмысына да шағымданды, интернет сапасы да нашар. Березовский кентінің тұрғыны жолдар мен арықтардың жағдайына көңілі толмайды. — Өткен жылы біз тұратын Центральная көшесіне қиыршық тас төгілді, бірақ бір жыл уақыт өтсе де бұл көшемен жүру мүмкін емес. Балалардың мектепке баратын уақыты да таяды, ал мына жолмен жүру қиямет. Тағы бір мәселе — 2019 жылы қазылған арық жүйесі. Қазір арамшөп басып тұр, арыққа мал құлап жатады. Балалар ойын алаңына айналдырып алды. «Зеленстрой» ЖШС шақырып, байланыс орнатқандай болдық. Бірақ нәтиже жоқ. Бұл мәселеден Амантай Өтелбаев та хабардар. Жыл сайын арықтағы су көшеге жайылады, оқыс жағдай болмай тұрғанда бұл мәселені қолға алу керек, — деді Кәкен Карипбаев. Сұрақтарға жауап берген Димитрий Гариков биыл көшені асфальттау жұмысы жоспарланбағанын жеткізді. Оның айтуынша, өткен жылғы жоспар бойынша тек арық қазылу керек болған, қалған жұмыстар осы айда қолға алынады. Азат көшесінің тұрғыны бұған дейінгі тұрғындармен кездесуде тұрғын үйлерге 1 маусымнан бастап жарық тартылатыны айтылғанын, бірақ неліктен әлі ешқандай жұмыс жүргізілмей жатқанын сұрады. Димитрий Гариковтің айтуынша, бұл жұмыстарды бір ай ішінде жүзеге асыру мүмкін емес, бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама дайын, қаржы бөлініп, 10 қыркүйекте жұмыстар басталмақ. Қала әкімі қызметіне кіріскен сәттен бастап қала тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады. Осы кезеңде 182 кездесу, оның 140-ы – қалада, 42-сі ауылдық округтерде өтті. Осындай диалог құру арқылы жиындарда, сондайақ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу және жазбаша өтініштерді қарау кезінде проблемалық мәселелер анықталады.

Дана ТАЛҒАТБЕК,
«Семей таңы»

Мақалада: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

16 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

16 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

19 часов бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

19 часов бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

20 часов бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

20 часов бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

21 час бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

21 час бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

21 час бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

21 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС