"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙ СПОРТЫНА СЕРПІН БЕРЕР ЖОБАЛАР

19.06.2014
СЕМЕЙ СПОРТЫНА СЕРПІН БЕРЕР ЖОБАЛАР
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық әкімшілік пен кәсіпкерлер арасында 4 меморандумға қол қойылды. Аталмыш келісімдердің барлығы қалың бұқараның игілігіне  арналған спорт нысандарының құрылысына қатысты болды. Нақтырақ айтқанда, меморандумдардың шарты бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында кәсіпкерлер қала аумағында жабық теннис кортын, ауыр атлетика залын, екі шағын футбол алаңын және спорттық сауықтыру кешенін салмақ.

Меморандумға қол қою рәсімі басталмас бұрын қала әкімі Айбек Кәрімов кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызы жайлы пікірін білдірді.

— Бизнестің ел аумағында, жергілікті жерлерде әлеуметтік саланың дамуындағы рөлі зор. Спорт пен денешынықтыру, туризм нысандарының барлығын қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі жете бермейтіні белгілі. Бұл орайда, біздің кәсіпкерлер Президенттің кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі мәселесінде жасаған үндеуіне үн қосып, жергілікті билікпен бірлесе жұмыс атқаруға деген ниеттерін білдіруде. Бүгін, міне, бизнес өкілдерінің бір легі спорттық нысандар салу туралы ұсыныстарын айтып, қала әкімшілігімен меморандумға қол қоюға келіп отыр. Бұл біз үшін, жалпы қала халқы үшін өте көңіл қуантарлық жайт,  — деді қала әкімі.

Жиынның негізгі бөлігінде қаланың орталығында спорттық сауықтыру кешенін салу бойынша меморандумға қол қойылды. Нысан құрылысын «Гамма Петролеум» ЖШС қаржыландырады. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 260 миллион теңгені құрамақ. Бұл кешеннің қалада салынған бұрынғы спорттық нысандардан бір ерекшелігі – 1500 адамға есептелген мұз айдыны салынбақ. 2016 жылы құрылысы толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда қаламызда спорттың басқа да түрлерімен бірге футболдың дамуына көп көңіл бөлінуде. Сондықтан аяқдоптың тұрғындар арасында кеңінен таралып, жаңаша серпін алуына септігі тиетін, заман талабына сай жабдықталған жаңа ойын алаңдарының көптеп салынуына назар аударылып келеді. Қала әкімшілігі мен «Сәт транс» ЖШС арасында екі шағын футбол алаңының құрылысы бойынша меморандумға қол қойылуын соның нышаны деп қабылдауымыз керек. Жоба құны 15 миллион теңгені құрайды. Алаңның бірі Шығыс кентінде орналасса, біреуі Түйемойнақ аралында салынбақ.

 

{jcomments on}Соңғы жылдары елімізде қарқынды дамып келе жатқан спорттың тағы бір түрі – теннис. Қаламыздың тұрғындары арасында да оған деген қызығушылық артып келеді. Бұл орайда, Түйемойнақ аралында «теннис аймағын» салу жайындағы арнайы меморандумға қол қойылды. Қала әкімшілігі мен Дамир Бекішев есімді азаматтың арасында жасалған келісім бойынша құны 50 миллион теңгені құрайтын бұл спорттық нысан да Түйемойнақ аралында орналасады деп жоспарланып отыр. 100 адамға арналған жабық кортта негізінен жас теннисшілер, яғни, мектеп жасындағы балалар шынығуға мүмкіндік алады.

 

Еліміздің мерейін үстем етіп, халықаралық ареналарда Туымыздың жиі желбіреп, мемлекеттік Әнұранымыздың жиі шырқалуына себеп болып жүрген бірден-бір спорт түрінің өкілдері – еліміздің ауыр атлеттері. Соңғы сегіз жылда Афина мен Бейжіңде өткен екі жазғы олимпиададағы жеңістеріміз бен одан кейін ұйымдастырылған әр түрлі деңгейдегі біріншіліктердегі салмақты жетістіктеріміз осы сөзіміздің нақты дәлелі бола алады. Суарылмаған жемістің татымды өнім бере қоюы неғайбыл. Ауыр атлетикада осыншама жер бетін мойындатарлықтай жеңістерге жетіп, тіпті «ауыр атлетикалық державалардың» қатарына қосылуымыздың өзіндік себептері бар. Олардың қатарына жарыстардан жүлделі оралған спортшыларға жасалатын жағдайды айтпағанда, қажетті инфрақұрылымның лайықты деңгейде жасақталуы, ауыр атлеттердің жас буынын тәрбиелеуге көп көңіл бөлініп, арнайы спорттық нысандардың салынуы жатады. Бұл бағыттағы жұмыстар қаламызда да қарқын алмақ. Қала әкімшілігі мен Шығыс Қазақстан облыстық ауыр атлетика федерациясының ауыр атлетика залын салу туралы меморандумға қол қоюын соның бастамасы деуге болатындай. Қырық адамға арналған нысанның құрылысы биыл қараша айында басталып, келесі жылы тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Салуға кететін қаржының көлемі 100 миллион теңгені құрайды.

Осылайша Семейдегі спорт саласының дамуы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің аясында атқарылып жатқан шаралардың арқасында тың серпін алмақ. Тағы бір айта кетерлік жайт, аталмыш меморандумдарға қол қою аймақ басшысы Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Жерлестер форумына» орайластырылып отыр. Жиын соңында Айбек Кәрімов спорт нысандарының құрылысынан бөлек жерлес кәсіпкерлер бүгінгі таңда жаңа өндіріс орындарын ашып, шаһарымыздың, жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға ниетті екендіктерін жеткізіп, бұл бағытта жүзеге асырылуға тиіс жобалардың жалпы құны 5 миллиард теңгеден асатынын атап өтті. Сондай-ақ, қала басшысы өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, жаңа спорт нысандарын салу туралы ұсыныстар жасаған азаматтарға ризашылығын білдірді. Кәсіпкерлер де Айбек Мүталапханұлына алғыстарын айтып, меморандумдар аясындағы міндеттемелерін уақытында әрі сапалы орындап шығуға тырысатындарын жеткізді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды....

Толығырақ...Details

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

10.11.2026
Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

Халқымыздың өшпес мұрасы мен рухани байлығы қағаз бетінде емес, цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің ұлттық...

Толығырақ...Details

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

10.11.2026
Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

Қазақстан туризмді дамыту бойынша халықаралық рейтингте 110 елдің ішінде 56-орынға тұрақтап, Орталық Азия мемлекеттері арасында үздік нәтиже көрсетті. Осылайша, еліміз Өзбекстаннан 20 сатыға, Қырғызстаннан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

5 минут бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

1 час бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

1 час бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

1 час бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

1 час бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

1 час бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

1 час бұрын

Медиасауаттылық – интернеттегі жалған ақпарат пен деструктивті идеологиядан қорғанудың маңызды құралы

1 час бұрын

Зайырлылық – Қазақстан дамуының негізі: Абайдың сенім мен ақыл үйлесімі туралы сабақтары

1 час бұрын

АЛАШ МҰРАСЫНЫҢ ҚАЙНАРЫ — “ЖӘРДЕМ”

1 час бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС