"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САЛЫҚ ТӨЛЕУ — ПАРЫЗ, ТӨЛЕМЕСЕҢ – ҚАРЫЗ

19.06.2014
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада қалалық әкімдікте қала әкімі Айбек Кәрімовтің төрағалығымен шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов, дербес бөлім басшылары, прокуратура мен шағын және орта бизнес өкілдері жиналды. Күн тәртібінде салықты уақытылы төлеу, кәсіпорын қызметкерлерінің жалақы мөлшерін арттыру сынды бірқатар мәселелер қаралды.

Бірінші болып сөз алған қала басшысы соңғы үш жылда қала бюджетінің жергілікті түсім көлемі 3,5 мил- лиард теңгеге артқандығын, өзге өңірлермен салыстырғанда Семей қаласында шағын және орта бизнестің даму қарқыны ойдағыдай екендігін айтты.

Қала  экономикасы шағын және орта бизнеске негізделген. Сондықтан болар, салықтың жалпы түсімінің 50 пайызын біздің шаһарда шағын және орта бизнес түсімдері құрап отыр.

— Кіріс мөлшерінің 50 пайызы шағын және орта бизнестің кәсіпкерлік құрылымдарынан түсетін Қазақстанда жалғыз қала – Семей. Шағын және орта кәсіпкерліктер 49 пайыз, жеке кәсіпкерлер 8 пайыз, жалпы, кірістің  елу пайызын кәсіпкерлер қала қазынасына құйып отыр,- деген қала әкімі, — қаражаттың жұмсалуына тоқталар болсақ,  қаржының басым бөлігін жылу жүйелерін жөндеуге бөлеміз.  Сондай-ақ,  қала инфрақұрылымын қайта жаңғыртуға,  әсіресе, таза ауыз сумен қамту мәселесіне  де қомақты қаржы бөлінсе,  қала көшелерін әр түрлі деңгейде жөндеуге жылына кем дегенде 1 млрд. теңгеден  астам қаражат қарастырылады,- деп атап өтті.

Сондай ақ, Айбек Мүталапханұлы шағын бизнестен түсетін салықтың Семейдің әлеуметтік – экономикалық жағынан дамып, көркеюіне тікелей ықпал ететіндігін де жиналғандар алдында ескеріп өтті. Ол үшін, әрине, әр кәсіпкер салық төлемдерін уақытылы жүргізіп отыруы — заңдылық.

Әр елдің болашағының жарқын болуы оның экономикасына тығыз байланысты. Елбасы Н. Назарбаевтың «алдымен экономика, содан соң саясат» дегені елдің есінде. Бұл орайда Семей қаласы Қазақстанның экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып келеді деп айтуға толық негіз бар.

 

{jcomments on}-Қазіргі таңда қаламызда 11 ірі өндіріс орыны, 28 мың кәсіпкерлік нысаны  бар. Жеке кәсіптерін ашушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 1830  адамға артқан. Сондай –ақ, жеке кәсіпкерліктен қала қазынасына түскен қаражаттың  мөлшері  7 млрд. 746 млн. теңге көлемінде. Бұл  айтарлықтай жақсы көрсеткіш.  Қаламыз кенже қалмай, еліміздің қарқынды экономикалық дамуына атсалысып отыр,- дейді  Семей қаласы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Сайрамбаева.

 

Әлбетте, кәсіпкерлік нысандарының саны көбейсе, халыққа жаңа жұмыс орындары ашылады. Ал, көлемі артып,  тасы өрге домаласа, халықтың да тұрмысы түзелетіні белгілі. Биылғы жылдың ақпан айында валюта бағамының өзгеруіне байланысты  Елбасымыз Н.Назарбаев кәсіпкерлерге, өндіріс орынының басшыларына жұмысшылардың жалақысын кем дегенде 10 пайызға арттыруды атап тапсырғаны бар.

Бұл жөнінде де Айбек Мүталапханұлы өз ойымен бөлісті.

— Бірнеше кәсіпорында жалақы мөлшері 19 мың, 14 мың, 10 мың, тіпті, 7 және 6 мың теңге деп көрсетілген. Бір жұмыс орыны орташа еңбекақы мөлшерін 4 мың теңге деп көрсеткен. Елестетіп көріңіздерші. Кейбір кәсіпорындар жалақы көлемін  дұрыс көрсетпейді. Бұл қалалық бюджетті толықтыру өз дең-    гейінде жүріп отырған жоқ деген ойға саяды, — деді өз сөзінде қала әкімі.

Бұл мәселеге байланысты қала әкімі шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне әлеуметтік жауапкершілікті арттыруды қатаң тапсырды.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 час бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

23 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

24 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

24 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

24 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС