"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА

19.08.2022
ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

16 тамыз күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берілді.

«Үкімет басшысы кейбір өңірлерде дизельдік отын бойынша проблема туындап отырғанын атап өтті», – деп жазады primeminister.kz.

«Бұл азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Егіс науқаны басталар алдында мұндай проблема қалай орын алып отыр?» – деді Әлихан Смайылов энергетика министріне. Өз кезегінде Болат Ақшолақов дизель отынына жоғары сұранысты жабу үшін барлық ресурстардың бірінші кезекте ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ЖҚС-ға бөлінетінін хабарлады. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен ҚТЖ үшін отын қалдықтары екінші кезекте бөлінетін болады, ал жетіспеген жағдайда қажетті көлем импортталмақ. Бұдан бөлек, министрлік шекара периметрі бойынша транзиттік көлік үшін дизель отынына сараланған баға белгілеуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланатын болады. Мәселен, қазақстандықтар үшін жүргізуші куәлігі болған жағдайда, қазіргі баға – 230-260 теңге бойынша лимит тәулігіне 100 литр дизель отынын құрайды, Қазақстанда тіркелген жүк көлігі үшін – тәулігіне 300 литр. Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемнен артық дизель отыны үшін 1 литр 450 теңгеден сатылады. Баяндаманы тыңдап болғаннан кейін Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне отандық нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін барлық шараларды уақтылы қабылдауды тапсырды. «Жанармай құю станцияларының иелерімен тиісті жұмыстар жүргізу керек. Азаматтарымыз бен ауыл шаруашылығы саласы зардап шекпеуі керек. Болат Оралұлы, жағдайды күнделікті жеке бақылауыңызда ұстаңыз», – деп тапсырма берді Премьер-министр. Үкімет отырысында сондай-ақ жаңа оқу жылына дайындық барысы да қаралды.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 36 аптаға созылатынын, 31 мамырда аяқталатынын хабарлады. Мектептерге қатысты бірқатар жаңашылдықтар енгізілді. Білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау институты енгізілді. Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа қағидалары да іске асырылып жатыр, оның ішінде Ұлттық біліктілік тестілеу арқылы. Енді ата-аналар жиналастары да заманауи және тиімді форматта өткізіледі. Биыл колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға мемлекеттік тапсырыс 70%-ға, көмекті қажет ететін балаларды қабылдау үшін грант квотасы 50%-ға дейін ұлғайтылды. Колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп 4000 астам білім беру бағдарламасын жаңартты. Жаңа өңірлердің оқу жылына дайындығы туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев және Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиев баяндады. Премьер-Министр 1 қыркүйекке дейін елімізде 81 жаңа мектеп ашу және тағы 213-ін толық жөндеуден өткізу жоспарланғанын атап өтті. Сонымен қатар Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласындағы бірқатар білім ошақтарында жөндеу жұмыстарының аяқталмай қалу қаупі бар. «Аталған өңірлер шұғыл шаралар қабылдап, жаңа оқу жылына дайындықты толық көлемде қамтамасыз етуі керек. Бұл жоспарланған мектеп құрылысына да қатысты», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы білім беру объектілерінің бәрі бірдей қауіпсіздік талаптарына сай емес екеніне назар аударды. Оның айтуынша, бұл мәселені ерекше бақылауға алып, балалардың қауіпсіздігі үшін тез арада тиісті шараларды қабылдау қажет, оның ішінде білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерін полицияның Жедел басқару орталықтарымен біріктіру керек. Премьер-Министр биыл оқушыларды тасымалдауға 515 жаңа автобус сатып алынағанын, сондай-ақ мектепке қажетті киім-кешек пен канцеляриялық тауарларды өздері сатып алу үшін аз қамтылған отбасылар кемінде 37 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алатынын атап өтті. Мұндай көмек 470 мың балаға көрсетілетін болады. Сонымен қатар жастарды кәсіптік-техникалық біліммен қамту үшін биыл мемлекеттік тапсырыс 128 мың орынға ұлғайтылды, университеттерде білім алуға берілетін гранттар саны 88 мыңға дейін көбейді, инженер-техник кадрларды даярлау мақсатында шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының еліміздегі 3 жаңа филиалына қабылдау басталды. «Жалпы, жаңа оқу жылына дайындықты қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданды», — деді Әлихан Смайылов. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы білім беру нысандарының оқу жылына дайындығын 100% қамтамасыз етуді тапсырды. Өңір әкімдіктері көмекке мұқтаж балаларды мемлекеттік қолдау шараларымен 100% қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар Сауда министрлігі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және әкімдіктермен бірлесіп, мектепке қажетті керек-жарақтар бағаларының тұрақты болуын қамтамасыз етуі тиіс. Индустрия министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, мектеп формасының құнына қатысты мәселені пысықтау тапсырылды.

Ерлан АЙҚЫНҰЛЫ,
«Семей таңы»

Мақалада: ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҮКІМЕТ НАЗАРЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

11 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

11 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

15 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС