"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ — БІЛІМДІ ҰРПАҚ НЕГІЗІ

26.06.2014
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Маусым айының 9-18 аралығында Семей қаласының облыстық биологиялық орталығында қосымша білім беру педагогтарының біліктілігін көтеру республикалық курстары болып өтті. Аталмыш шараға еліміздің әр аймағынан келген ұстаздар қатысты. Курстарды ұйымдастырған Білім және ғылым министрлігінің республикалық оқу—әдістемелік орталығы.

Қосымша білім беру мамандарының біліктілігін арттыру курстары       Семей қаласының облыстық биологиялық орталығынының негізінде бірінші рет өткізіліп отыр. Маңызды шараға қатысушылардың құрамында мектеп директорлары, білім бөлімдерінің  әдіскерлері, мектеп директорларының орынбасарлары мен қосымша білім беру ұстаздары бар.

— Осы жолғы курстың бағдарламасы да ауқымды. Мәселен, балалар мен халыққа экологиялық тәрбие мен білім беру мамандарының біліктілігін арттыру, оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын үйрену, тұлғаның қалыптасуындағы психологияның маңызын түсіндіру тұрғысындағы жұмыстар жүргізілді. Курстарға еліміздің барлық аймақтарынан жиыны 50-ге тарта адам қатысты. Тағы бір айта кетерлік жайт, педагогтардың теориялық білім деңгейін арттырумен қатар оны іс жүзінде пайдалануға үйрету тұрғысында да көптеген шаралар атқарылды. Қатысушылар біздің орталықтың экологиялық тәрбие мен білім беру бағытындағы жұмыс тәжірибесінде қолданылып жүрген әдістемелерді үйренуге мүмкіндік алды, — дейді биологиялық орталықтың директоры Валерий Дядов.

Өз кезегінде қатысушылар қосымша білім беру мамандарының біліктілігін арттыру курстарының ұйымдастырылу деңгейінің өте жоғары екенін атап өтті. Педагогтар   теориялық білімді іс-жүзінде пайдалануға қатысты жақсы әдістемелерді үйренуге мүмкіндік алған көрінеді. Біліктілікті арттыру курстарының маңыздылығы жайлы Солтүстік Қазақстан облысының жас натуралисттер орталығының директоры Ғалым  Темірбеков былай деп пікір білдірді:

 

{jcomments on}- Бірінші кезекте республикалық оқу-әдістемелік орталығына осындай ауқымды шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтуымыз керек. Өткізілген курстардың мазмұны өте бай болды. Экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізуге қатысты жаңа әдістемелерді меңгердік. Өте үлкен білім қорын жинап, біліктілігімізді шынымен де арттырдық деуге болады. Сонымен қатар, Семей қаласында осындай шараның лайықты деңгейде өткізе білген қалалық білім бөлімі мен биологиялық орталыққа алғысымызды айтамыз.

 

Республикалық курстардың қорытындысын шығаруға арналған        жиынға Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова қатысты. Басқосу барысында сөйлеген сөзінде ол қазіргі уақытта қосымша білім берудің қаншалықты маңызды екеніне тоқталып өтті.  Сондай-ақ, ол білім беру саласындағы барлық ұстаздармен бірге осы бағытта жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін арттыру күн сайын пайда болып отыратын мәселелерге байланысты міндеттерді шешу үшін қажеттілігін тілге тиек етті.

Жиын барысында қатысушылар қалалық білім бөлімінің басшысына өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап    естуге мүмкіндік алды. Ашық әңгіме аясында тағы бір мәрте өзара пікір алмасты. Басқосу соңында тоғыз күн бойы өткізілген республикалық     курстардың қорытындысы туралы айтылып, қатысушыларға арнайы     сертификаттар табысталды.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

20 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

20 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

20 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

20 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

22 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

22 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС