"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Сыныптасы қалам лақтырып, көзін ағызып жіберген»: Зардап шеккен баланың әкесі әділдік іздеп жүр

Бірінші қыркүйекте мен екі баламды ол мектепке жіберуден бас тартамын. Қорқамын жіберуге.

19.08.2022
«Сыныптасы қалам лақтырып, көзін ағызып жіберген»: Зардап шеккен баланың әкесі әділдік іздеп жүр
332
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысында бір жыл бұрын сыныптасы қалам лақтырып, көзі көрмей қалған оқушының ата-анасы әділдік іздеп жүр. Ашынған әке «сау баламды соқыр еткендерге» тым жеңіл жаза берілді деп отыр. Сөзінше, сабақ кезінде балаға тікелей жауапты тұлғалар жай ғана сөгіспен құтылған. Ал істі жабу үшін емге деп азын-аулақ ақша жинап беріпті. Биыл тағы да жеті жүз мың теңге ұсынды дейді жәбірленуші. Ал қаржы еш жазығы жоқ мұғалімдерден жиналғанын естіп, көмектен үзілді-кесілді бас тартыпты. Серік Әкімбаев бала қауіпсіздігіне салғырт қараған директор жұмыстан қуылсын деген талап қойды, деп хабарлайды  31-арнаның «Информбюро» бағдарламасы.

11 жастағы Еркеғали – Серік Әкімбаевтың тұла бойы тұңғышы. Сөзінше, бір жарым жылдан бері ұлының сол көзі көрмейді. Өйткені өткен жылы сабақ үстінде сыныптасы Еркеғалиға қалам лақтырып, көзі ағып кеткен. Содан бері төрт рет ота жасатыпты. Енді баласы бесінші рет ауруханаға жатқызылып отыр. Бірақ дәрігерлер үміттен күдік басым екенін айтыпты, себебі көзі жүз пайыз көріп кететініне кепіл жоқ.

«Биыл бала үш ай бойы әр аурухананың баспалдағын тоздырып жүр. Енді бізге Петербург қаласына жолдама берді. Катон-Қарағайдан Санк-Петербургқа баламыз екеуміз барып қайтқанымызды есептегенде 2 млн 300 мың теңге ақша керек екен. Ал отасы қайда, жатар орны қайда, оның аудармашысы қайда?», – деді  жәбірленушінің әкесі Серік Әкімбаев. 

Айтуынша, кезінде кешірім алу үшін керекті көмекті көрсетеміз деп көл-көсір уәде берген тарап ізім-ғайым жоқ. Сосын шенеуніктерден «Қазақстан халқына» қорынан қаржы алуға жәрдемдесуді өтініпті. Өйткені, отаға қажетті қаржыны тек осы ұйым ғана бере алады. Мектеп директоры болса мұғалімдерден жеті жүз мың ақша жинап әкепті. Алайда одан бас тартуға мәжбүр болған.

«Бірінші қыркүйекте мен екі баламды ол мектепке жіберуден бас тартамын. Қорқамын жіберуге. Айдың күнінің аманында, таңғы сағат жетіде баламды мектепке жіберемін. Ал түсте көзі қанталап келді. Баяғыда біз оқып жүргенде біз 26 бала оқыдық. Ал қазір айналдырған он балаға ие бола алмайтын мұғалімнің керегі не?», – деп қосты Серік Әкімбаев. 

Әкімдік өкілдері барлық жауаптылар заң аясында лайықты жазасын алды деді. Мысалы, сынып жетекшісі мен директорға сөгіс берілген. Қосымша әкімшілік айыппұл салыныпты. Айтуынша, жазатайым жағдай болғандықтан мектеп қызметкерлерінің кінәсі жоқ. Ал жеті жүз мың теңгені мұғалімдерден өз еріктерімен жинады дейді.

«Сол балаға кім аямайды көмек бергісі келгендер өз еркімен көмек ретінде аудандық білім бөліміне ақша өткізген. 700 мың теңге көлемінде қаражат жиналды, ата-анасы өздері қабылдамады», – деп мәлімдеді ШҚО Білім басқармасының бөлім басшысы Әсем Нүскенова. 

Шенеуніктер Әкімбаевтарға көмек көрсетілгенін және қажетінше қолдауға дайын екендерін жеткізді. Олар бұған дейін де отаға жолдама беріп келген. Бірақ шет елдерде жасалатын ота жайын тек министрлік шешеді деп отыр. Ал олар бас тартқан ақшаны аудандағы емге мұқтаж өзге де балаларға үлестіріпті.

дереккөзі: sn.kz

Мақалада: «Сыныптасы қалам лақтырыпкөзін ағызып жіберген»: Зардап шеккен баланың әкесі әділдік іздеп жүр

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

22 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

22 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

23 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

24 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

24 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС