"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАТЫР ТОЙЫ – ЕЛ ТОЙЫ

23.08.2022
БАТЫР ТОЙЫ – ЕЛ ТОЙЫ
20
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен сенбі күні Тарбағатай ауданында Ақжар ауылының 100 жылдығы мен Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған үлкен той — DARABOZ фестивалі өтті.

Аудандағы мерекелік және спорттық іс-шаралар өтетін Қабанбай батыр атындағы орталық саябақта Ақсуат, Көкпекті, Самар, Шемонаиха, Глубокое, Ұлан, Күршім сынды көрші аудандар және Ақжар, Құйған, Тұғыл, Маңырақ, Жетіарал, Жаңаауыл, Қабанбай елді мекендері ақшаңқан киіз үйлерін тікті. Алаң ортасында жылжымалы сахна құрылды. Жергілікті тұрғындар мен қонақтар қазақтың атақты батыры Қабанбайға арналған театрландырылған қойылымды тамашалады. Фестиваль аясында спорттық сайыстар, қазақ күресі, ауыл іргесіндегі ипподромда аламан бәйге, жаппай көкпар ойыны ұйымдастырылды, өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.

Республикалық деңгейде өткен қазақ күресіне еліміздің түкпір-түкпірінен келген 36 балуан қатысты. Бас жүлдеге автокөлік тігілді.

Қайтадан құрылған аудандағы алғашқы үлкен шараға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н.Жұмаділов арнайы келіп қатысып, тарбағатайлықтарды құттықтады. ШҚО басшысы Даниал Ахметовтің сәлемін жеткізіп, Тарбағатай өңірінің тың серпінмен дамитынын, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жаңа жұмыс орындары ашылып, жаңа нысандар салынатынын, билік өкілдері халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтінін жеткізді.

— Ауданның құрылуы біздің ата-бабамыз Қарекерей Қабанбай батырдың 330 жылдығымен тұспа — тұс келді, өңірдің өсіп-өркендеуіне тілектеспіз. Ауданды дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, биыл 1 млрд теңге бөлінсе, Даниал Кенжетайұлы айтқандай, алдағы бес жылда аталған қаражат 5 есеге артады. Сондай-ақ 48 жоба іске асырылып, 7,8 млрд теңге қарастырылады,- деді Н.Жұмаділов.

БАТЫР ТОЙЫ – ЕЛ ТОЙЫ

Ақжардағы тойға жан-жақтан келген жерлестер, ірі бизнес өкілдері аудан экономикасын көтеруге, ауыл шаруашылығын дамытуға қомақты инвестиция салуға әзір екендерін жеткізді.

Фестиваль аясында «Бабалар ерлігі — ұлт мұрасы және ұрпаққа үлгі» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өтті. Хан батырдың ерлігін ұлықтау шарасына белгілі ғалымдар, зерттеушілер мен ақындар — Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, «Кетбұға — Төлегетай» халықаралық қорының үйлестірушісі Манарбек Мұхамеджанов, философия ғылымдарының докторы, профессор Нұрдәулет Ақыш, әскери тарихшы Қайрат Сағатайұлы, ақын, филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербек қатысты.

— Қаракерей Қабанбай қатыспаған бірде-бір ірі шайқас болған жоқ. Ол барлық қиян-кескі шайқастарда болды, 103 рет жекпе-жекке шығып, бәрінде де жеңіске жеткен. Ерлік істерге ұйытқы болған ұлы қолбасшы өз кезеңінде атты әскер соғысының мықты стратегі, жекпе-жектің тендесі жоқ шебері еді. Қабанбай батыр алпыс жыл бойы атқа мініп, қазақ жерін жаудан азат етті, ал жоңғар шапқыншылығы кезіндегі оның ерлігі ұрпаққа үлгі болды, – деді әскери тарихшы Қайрат Сағатайұлы.

Фестивальға жиналған мыңдаған адам Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетовтің өршіл жырларын тыңдап, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының Шалқар Рысханов жетекшілік ететін «Байжігіт» ұлт аспаптар оркестрінің, өнер жұлдыздарының концертін тамашалады.

Тарбағатай төріндегі үлкен той отшашумен аяқталды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

5 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

9 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС