"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СПОРТ КҮНІН АТАП ӨТТІ

23.08.2022
СПОРТ КҮНІН АТАП ӨТТІ
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тамыздың үшінші жексенбісінде еліміз Спорт күнін атап өтеді. Бүгінде спорт саласы елімізде үлкен қолдауға ие. Спорттың бұқаралық спортты насихаттауға, спорттағы жетістіктерді ынталандыруға бағытталған саясат ықпал етуде. Қазақстандық спортшылар соңғы онжылдықтарда халықаралық жарыстарда, Олимпиада ойындарында үздік нәтижелер көрсетіп келеді. Елімізде беделді халықаралық жарыстар да өткізілуде.

Спорт күнінде дәстүр бойынша түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі.

Биылғы мерекеден Өскемен қаласы да тыс қалған жоқ. Спорт күні осы жылы ғана пайдалануға берілген Теннис орталығы алдында ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға бапкерлер мен спортшылар, қала жүртшылығы қатысты. ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараның ашылуында сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Денис Рыпаков биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған шектеулер алынған соң Спорт күнін ауқымды деңгейде мерекелеу жоспарланғанын жеткізді.

– Бұл — үлкен мейрам. Халықаралық, әлемдік ареналарда өңір атынан ел құрамасы сапында бақ сынап жүрген спортшыларымыз жүлде ала берсін, бапкерлер жұмысына береке тілеймін. Көк туымыз Олимпиада ойындарының төрінен көрінсін, – деді мәслихат хатшысы.

Жерлестерді облыс басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында құттықтады.

— Бүгін Қазақстанда Спорт күні аталып өтуде. Бұл — кәсіби спортшылар мен спорт сүйер қауым, жаттықтырушылар мен жанкүйерлер үшін ортақ мереке. Шығыс Қазақстан — елімізді халықаралық деңгейде даңққа бөлеген көптеген атақты спортшылардың мекені. Бұл — олимпиадалар мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары, жаңа рекордтар орнатқан ардақты есімдер. Біздің өңір жеңіл және ауыр атлетика, хоккей, қысқы спорт түрлері, волейбол және түрлі жекпе-жек спорт мектептерімен танымал. Ольга Рыпакова, Юлия Галышева, Жанна Мамажанова, Дарын Әскербек, Дмитрий Рейхердтің және басқалардың есімдері облыстан тыс жерлерде белгілі. «Алтай» волейбол клубы беделді клубтық жарыстарда жүлделі орындарға ие болса, біздің балуандар жақсы нәтижелер көрсетуде. Біз бұқаралық және әсіресе балалар спортын дамытуға зор қаражат саламыз. Тіпті шалғай ауылдарда дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары мен бассейндер салынуда, ал облыс орталығында үлкен спорттық кластер құрылды. Жақында ғана оның бір бөлігі — үстел теннисі орталығы ашылды. Бұл жұмыс, әрине, одан әрі де жалғасын табады. Спорт мерекесінде баршаңызға денсаулық, жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!,- деп жазды ШҚО әкімі.

Облыстық мәслихат хатшысының құттықтауынан кейін түрлі додаларда көк байрағымызды желбіретіп жүрген облыстағы спорт саңлақтары сөз алды. Олардың бірі — жақында ғана жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы атанған тарбағатайлық Дарын Әскербек.

– Күреспен тоғыз жасымнан бастап айналысып келемін. Елішілік, құрлықтық жарыстарда топ жарып, жүлдегер атандым. Жуырда жаһандық жарыста оза шауып, жанкүйерлерімді қуантқаныма қуаныштымын. Талмай еңбектенген әр спортшының биік шыңдарды бағындыратыны сөзсіз, – деді Дарын.

Аталған орталықтың директоры, үстел теннисінен еліміздің спорт шебері, жуырда ғана Түркияда өткен Ислам ынтымақтастық ойындарында қола медаль иеленген Денис Жолудев те жиналған жұртты мерекемен құттықтады.

– Спорт денсаулық кепілі дейміз, дегенмен, жаңа достар табуға да себепші екендігін айта кетейік. Бастысы, әрине, денсаулық. Спорт саласында тер төгіп жүрген баршаңызға амандық тілеймін, шәкірттеріңіз жеңістерге жете берсін! – деді.

Батутты гимнастикадан былтыр жастар арасында Әлем чемпионы атанған Игорь Грачев:

– Спорт мәнсабымда көп жүлде алдым. Елішілік жарыстардан бастап, халықаралық сайыстарда үздіктер қатарынан көріндім. Ірі бәсекелерде ел намысын қорғап жүргенімді мақтан етемін, – деді тәжірибелі гимнаст.

Бұдан соң қалалықтар жас спортшылардың өнерін тамашалады. Араларында бапкерлер зор үміт артқан таланттылары қаншама! Жастар алдымен дзюдо, сосын бокс, әрі қарай каратэ, футбол, көркем гимнастика, еркін күрес бойынша шеберліктерін көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Бұл күні спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар бапкерлер мен спортшылар марапатталды. Ұлан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақтан талай жылдан бері бапкер болып жүрген Бақытбек Оразаманов «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды.

Рио-2016 Олимпиадасында қола медаль иеленген Денис Уланов, сондай-ақ Дарын Әскербек, Денис Жолудев және Игорь Грачевке облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтовтың алғыс хаты табысталды.

Тағы бірқатар бапкерлер мен спорт саласынының үздік мамандары  Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

Ерасыл КЕНЖЕБЕКОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

11 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

11 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

11 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

11 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС