"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ГЕНДЕРЛІк САЯСАТ – ЖАСТАР ПІКІРТАЛАСЫНЫҢ АРҚАУЫ

26.06.2014
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Өткен бейсенбі күні қалалық Дос-тық үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасымен және ШҚО әкімдігімен және қалалық әкімдікпен бірлесіп, жастардың гендердік түсінігін арттыру мақсатында «Гендерлік теңдік әлемдегі прогреске әсерін тигізе ме?» атты тақырыбына көрнекі талқылау және «Гендерлік теңдіктің әлеуметтік-экономикалық дивидендтері» атты тақырыбында пікірталас өткізді.

Жиынға ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан келген делегаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогра-фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Смайылова мен қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова сынды жергілікті билік өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, қаланың белсенді   жастары қатысты.

Аталмыш шара барысында қалалық Достық үйінің дәлізінде түрлі ұлттық орталықтардың мүшелері әзірлеген қол өнер бұйымдарының көрмесі өтті. Шара басталмас бұрын БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасының кеңесшісі Жанна Жибраевамен және қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Смайы-ловамен сұхбаттасудың реті келген еді.

— Семей өңірінде маңызды саяси оқиға болып жатыр деуге болады. Гендерлік саясат жөнінде бірқатар шаралар өтуде. Соның ішінде «Гендерлік теңдіктің әлеуметтік-экономикалық дивидендтері» тақырыбына жастардың пікірталасы ұйымдастырылуда. Ашық алаңда ойларын ортаға салу үшін түрлі саладағы жастар шақырылып отыр. Жиында жастар тарапынан айтылған пікірлерді қалай жүзеге асыру керектігі туралы сөз болады, — дейді Жанна Жибраева.

 

{jcomments on}Ал, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Смайылова:

 

— Гендерлік саясатты тек әйел адамдарға ғана қатысты деуге болмайды, ол екі жаққа да бірдей. Ал, гендерлік саясат туралы өтіп жатқан бұл шараның мақсаты — әйел затын жоғары көтеру емес, бұл сала бойынша қаламызда қандай жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын көрсету. Шара барысында пікір таластырып, сынға түсетін жастардың осы саладағы біліктілігі байқалады, — дейді журналистерге берген сұхбатында.

Жиын барысында БҰҰ Даму бағдарламасы гендерлік жобасының менеджері Рашида Наубетованың кіріспе сөзінен соң, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның меңгерушісі Салтанат Тұрлыбекқызы сөз алды.

— Қазіргі өркениетті заманда саяси-экономикалық даму бағытына ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік-экологиялық, мәдени салалардың дамуына да мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Сол бағыттардың бірі  — гендерлік саясат та елімізде өз деңгейінде дамып, біршама жетістіктерге жетіп келеді, -дей келе, — Қазақстанда халықтың гендерлік түсінігін арттыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Оқулықтар, оку-әдістемелік кешендер, құралдар мен балалар кітаптарының тізбесіне гендер бойынша бағдарламалар енгізілген. Жоғары оқу орындарында гендерлік пәндер таңдау бойынша жүргізіледі, — дейді Салтанат Тұрлыбекқызы.

Лауазымды тұлғалардың пікірінен соң жалынды жастардың аталмыш салаға қатысты пікірталас сайысына кезек берілді. Дәлелді мағлұматтарды өз деңгейлерінше жеткізе білген сайыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

21 час бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

21 час бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС