"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«СЕМЕЙ ТАҢЫНЫҢ» ҚҰРДАСЫ ТҰЯҚБАЙ АҚСАҚАЛ

26.06.2014
«СЕМЕЙ ТАҢЫНЫҢ» ҚҰРДАСЫ ТҰЯҚБАЙ АҚСАҚАЛ

Тұяқбай Алпысов 1919 жылы 15 мамырда қазіргі Павлодар облысында дүниеге келген. Жастайынан қиындық көріп, зұлмат жылдардың зобалаңын  да басынан өткерді. 1939 жылы КСРО мен Финляндия арасындағы өзара түсініспеушілік, келіспеушілік пен құпия қарым-қатынасқа байланысты ұрыста  ел іргесін қорғауға аттанған. Фин соғысы Ұлы Отан соғысымен жалғасып, қан майданда Отан үшін қолына қару алып, Украинаны азат етуге қатысқан. Соғыс аяқталған соң, 1946 жылы туған жеріне емес, Семей қаласына келген. Өзге қалаға келген жігіт ағасы сол кездегі «Мереке» базарында бақылаушы, өзге де түрлі қызметтерді атқарған. Қызмет бабында жүріп Қатима Шәкерқызымен танысып, шаңырақ көтерген.

Тұяқбай ақсақал мен марқұм Қатима әже  өмірге 7 бала әкеліп, тәрбиелеген. Үшінші баласын киелі шаһардың құрметіне Семейбай деп есім берген. Балаларының барлығы дерлік жоғарғы оқу орындарында білім алған.  Екі баласы  әскери саланы таңдаса,  қалған ұл – қыздары дәрігер, есепші мамандықтарын игерген. Олар еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Тұяқбай ата бүгінде ұл-қыздарынан 20 немере, 34 шөбере сүйіп отыр. Ұрпақтары Тұяқбай атаның тамырын тереңге жаюда. Немерелерінің біразы бұл күнде өз алдарына отау тіккен.  Ал, шөберелерінің алды мектеп жасына жетіп қалған. Ұрпақтарының жетістіктерін айтып тамсанған ақсақалдың сөзіне қарап, кейіпкеріміздің әулеті мәуелі бәйтерек екендігіне көз жеткіздік.

— Ұзақ жасауымның өзіндік сыры бар. Өмір бойы біреуге өкпе, наз, кек ұстамадым.      Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген қанатты сөзі менің өмірлік ұстанымым болды,- дейді көнекөз қарт. Сондай — ақ, ақсақал қимыл — қозғалыс пен еңбек адамды алға жетелейтін күш, ұзақ жасаудың қарапайым қағидасы дегенді айтады.

— Мен тоқсанның бесеуіне келгенім үшін алдымен Аллаға, екіншіден, келініме алғысымды айтамын. Келінім үнемі «ата-ата» деп әбігерге түседі. Балаларым жағдайымды жасап, келінім күтіп отыр, — деген Тұяқбай ата келінің кішіпейіл мінезін мақтан тұтатындығын жеткізді.

Тұяқбай ақсақалдың өмірлік қосағы 20 жыл бұрын бақилық болған. Қолындағы ұлы Семейбай мен келіні Гүлмира әке  алдындағы перзенттік парыздарын орындап отыр. Бүгінде өзі де әже атанып отырған келіні Гүлмира Жұмағазықызы атасы жайындағы өз ойымен бөлісті.

— Атаммен бірге тұрғанымызға 34 жыл болды. Балаларын тура жолға тәрбиелеп отырады. Өтірік айтқанды жек көреді. Атамыз жылдам, шапшаң адам. Әрдайым жүзі жарқын, көңілді жүреді. Ата-енемізден көп тәлім-тәрбие алдық,- дейді Гүлмира апай.

 

{jcomments on}Жастық шағындағы еңбегі мен ерлігі елеусіз қалмады. Тұяқбай ата «Қызыл жұлдыз» ордені, «Украинаны азат еткені үшін» медалі, «Ұлы Отан соғысы» ордені, «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. Қазіргі таңға дейін өзі елу жыл қызмет еткен «Мереке» базары  ардагерін ұмытпай, мереке сайын құрмет көрсетіп отырады екен.

 

«Семей таңы» газетінің құрдасы әңгімесенің соңында «Елімізде бейбітшілік болсын.   Біз көрген бейнетті ұрпақтарымыз көрмесін. Ашық аспан астында тату-тәтті ғұмыр кешіп, еліміз дамып, өркендей берсін», — деп ақ тілегін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

9 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

9 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

12 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

12 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

13 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 день бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС