"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САЯЖАЙ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

26.06.2014
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шаһар басшысы Айбек Кәрімов Мұрат саяжай алқабының тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді. Кездесуде  саяжай кооперативінің құрамына кіруге құқылы жер телімдері иелерінің санын анықтау үшін құрылған арнайы комиссияның атқарған жұмысы жайлы ақпарат берілді. Сол арқылы кооперативтің жаңа басшысын сайлау мәселесін шешуге қатысты ұсыныстар айтылды.

Жиынның негізгі бөлігі басталмай тұрып – ақ Айбек Мүталапханұлы халықтың көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Қойылған сауалдың біріншісі Цементшілер кентіндегі Глинка көшесін жарықтандыруға қатысты болды. Бұл көшені жарықтандырудың жағдайын қала басшысы:

— Біз қазір бұл бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Біраз бөлігін қалпына келтіріп те қойдық. Алайда шаруа толық аяқталған жоқ. Себебі, кезінде Глинка көшесінің жарықтандыру желісі жекеменшікке өтіп кеткен. Алдағы уақытта заңға сәйкес жарықтандыру желісі коммуналдық иелікке қайтарылған соң, жарық беру қалпына келтіріледі, — деп жауап берді.

Тұрғындар тарапынан қойылған тағы бір сауал қаладағы қоғамдық көліктің қозғалысына қатысты болды. Дәлірек айтқанда, автобустар мен шағын автобустардың кешкі сағат сегізден кейін мүлдем жүрмейтіні туралы сөз қозғалды. Бұл сұраққа да қала басшысы өзінің нақты жауабын берді:

—  Жолаушы тасымалдаушылармен жасалған келі-сімдер бойынша барлық бағыттағы автобустар сағат 22:30-ға дейін жүрулері керек. Бізде бұл салада арнайы мониторинг жүргізумен айналысатын «Жолаушы тасымалдарын бақылау орталығы» деп аталатын кәсіп- орын бар. Мониторинг жүргізіп, келісімге сәйкес міндеттемелерін дұрыс атқармаған тасымалдаушылармен келісімді бұзу керек. Тіпті, бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін жолаушы тасымалдаумен айналысатын коммуналдық кәсіпорын құрсақ деген ойымыз бар. Тек, оны жүзеге асыру үшін монополияға қарсы комитеттің рұқсатын алуымыз керек. Қазір қала әкімшілігі мен    комитет арасында бұл бағытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Егер біздің ұсынысымыз қолдау тауып, орындалып жатса, аталған мәселе шешімін табады деп   ойлаймын. 

Жиынның негізгі бөлігінде Мұрат саяжай кооперативіне мүшелікке кіруге құқылы жер телімдері иелерінің санын анықтау үшін құрылған арнайы комиссияның  атқарған жұмысы жайлы ақпарат берілді.

— Комиссия жұмысына жер қатынастары бөлімінің тигізген көмегі үлкен болды. Жалпы, қазір пайдаланылып жатқан 828 жер телімі анықталды. Олардың 27-нің иелерін таппадық. Қалған 801 жер телімінің тек 548-не ғана қатысты жер актілері бар екені анықталды. Демек, қазіргі таңда кооперативке мүшелікке енуге осы 548 жер телімінің иелерінің құқығы бар,- деді комиссия төрағасы саяжайшы Алексей Коновалов. Сондай-ақ, жер актілері жоқ 270-ке тарта жер телімі иелерімен жұмыс жасап, құжаттары рәсімделгеннен кейін оларды кооперативке мүшелікке қабылдау туралы ұсынысын жеткізді. Себебі, пай төлемдерін төлейтіндердің саны көп болса, кооперативке түсетін қаражаттың да мөлшері сәйкесінше артады. Ал, бұл өз кезегінде Мұрат саяжай алқабындағы қордаланған түйткілді жайттарды шешуге оң әсерін тигізбек. Оның ішінде жарықтандыру мәселесі де бар. Мысалы, жер телімдерін түгендеу барысында саяжай алқабындағы 300-ден астам үйде жарық жоғы анықталған көрінеді. Осының бәрін айта келе, Алексей Коновалов тұрғындар тарапынан келіп түскен тағы бір ұсынысты жеткізді:

 

{jcomments on}- Кооперативке мүшелікке енудің келісімшарттық жүйесін жасауымыз керек. Яғни, саяжайларын тұрақты баспана ретінде пайдаланатындар мен саяжайларын бағбандықпен айналысу мақсатында пайдаланатындар үшін көрсетілетін қызметтер тарифтері пайдалану мақсатына сәйкес болуы тиіс. Тағы бір айта кетерлік жайт, төленген пай төлемдерін жалақы беруге жұмсамауымыз керек. Себебі, бұл «Кооперативтер туралы» Заңда көрсетілмеген. Түскен қаражаттың барлығы кооперативті дамытуға жұмсалуы тиіс. Осылай істегеніміз бәрімізге пайдалы болады.

 

Сондай-ақ, кездесуде кооператив басшылығын сайлауға қатысты мәселе көтерілді. Бұл орайда қазіргі төрайымның атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау керектігі айтылды. Ол үшін шілденің 13-і күні кооператив мүшелерінің кезектен тыс отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Қазіргі төрайымның тындырған шаруалары тұрғындардың көңілдерінен шықпаған жағдайда жаңа төрағаны сайлау өткізілетіні сөз болды. Бұл орайда қала басшысы Айбек Кәрімов өз ойын былайша  жеткізді:

— Сайлау өткізу үшін, өздеріңіз білесіздер, есеп комиссиясын тағайындау керек. Арнайы жәшік пен сайлау бюллетеньдерін дайындау қажет. Сондай-ақ,      кооперативтің жаңа төрағасын сайлауға кооператив мүшелерінің кем дегенде жартысы қатысуы керек. Олай болмаған жағдайда сайлау заңсыз деп саналады. Нәтижелері есепке алынбайды. Сіздер бұл мәселеге        намқұрайлы қарамаңыздар. Кооперативтің жаңа төрағасын сайлауда жауапкершілік танытыңыздар.

Сондай-ақ, Айбек Мүталапханұлы саяжай кооперативінің толыққанды өкілетті басшылығы анықталғаннан кейін ғана саяжай алқабының инфрақұрылымына қа-тысты мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыстар атқаруға мүмкіндік туатындығын жеткізді.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

16 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

16 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

16 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

16 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС