"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Балалар шотына Ұлттық қордан қаражат аудару шешімінен бас тарту ұсынылды — сарапшылар

03.09.2022
Балалар шотына Ұлттық қордан қаражат аудару шешімінен бас тарту ұсынылды — сарапшылар
7.4k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тоқаевқа балалар шотына Ұлттық қордан қаражат аудару шешімінен бас тарту ұсынылды: Сарапшылар неге дауласуда?

1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасаған Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламаны енгізуді ұсынды. Оған сәйкес 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жинақтаушы қорына аударылады. Қор табысын балаларға теңдей бөлу қаншалықты орынды? Бұл мемлекет үшін тиімді ме? Semeytany.kz ақпараттық порталы бұл сұраққа жауап табу үшін Stan.kz тілшілерінің сарапшылармен тілдескенін сілтеме беріп жариялайды.

Айта кетсек, Қазақстанның Ұлттық қоры 2000 жылы құрылған. Мемлекеттік қорды қазіргі таңда сенімгерлік шарт арқылы Ұлттық банк басқарады. Заңға сәйкес Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын атқарады.

QazTrade Telegram-арнасының мәліметінше, Ұлттық қордың жылдық орташа табысы 3,17% болса, 2021 жылы инвестициялық табысы 3,4 миллиард теңгеге жеткен.

«Бағдарламаның болашағы бұлыңғыр»

Экономист Айдархан Құсайынов «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының орындалуы екіталай екенін мәлімдеді. Себебі табыс балаларға теңдей бөлінген сайын қордағы қаражат та азая түседі, дейді ол.

«Президент өз жолдауында ұсынған бағдарлама зейнетақы қорындағы қаражатты шешуге рұқсат бергенмен бірдей. Егер ақша дәл осылай есепсіз шашылса, мемлекет басшысының бұл уәдесі орындалмай қалуы да әбден мүмкін. Сондай-ақ қазір Ұлттық қор активтерінің кеміп жатқанын да ескерген абзал. Ал инвестициялық табысты теңдей бөлу қордағы қаражатты одан әрі азайтады, яғни инвестициялық табыс төмендесе, түсетін қаржы да кемитіні сөзсіз. Осы себепті мұның еш мәні жоқ деп есептеймін», – деді сарапшы.

Айдархан Құсайынов қор арқылы балаларға түсетін қаржының доллармен есептелуі де күдік туғызатынын айтты. Сөзінше, келешек ұрпаққа деп ашылған қор табысы төл теңгемізде емес, доллар бағамымен өлшенуі ұлттық валютаға деген сенімсіздікті көрсетеді.

«Балалардың жинақтаушы шотына шамамен 3 мың доллар түсетіні айтылды. Алайда президенттің халыққа табысты доллармен үлестіруі «Бізде қай валюта маңызды?» деген сұрақты туғызады. Үкіметтің өзі қаражатты доллармен жинаңдар деп үн қатқандай болды. Әрі түсініксіз тұстары жетерлік. Егер балалардың келешегін ойласа, неліктен білім беру саласына көбірек қаражат бөлмеске? Денсаулық сақтау саласын да дамыту қажет. Осы себепті мұны қаражатты ауаға шашу деп есептеймін», – деп түйіндеді ол.

«Бұл еліміз үшін жақсы инвестициялық бастама болмақ»

Ал GSB UIB бизнес мектебінің директоры, экономист Мақсат Халық аталмыш бағдарламаны «азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін жасалған қадам» деп атады.

«Менің есептеулеріме сәйкес Ұлттық қорда 52,5 миллиард доллар бар. Қазір инвестициялық табысы сын көтермейді, мұны жасыра да алмаймыз. Дегенмен жылдық табысты 10%-ға дейін көтеру мүмкіндігі бар және осы бағытта жұмыс істеуіміз керек. Бұл дегеніміз 5 миллиард доллардан асып жығылатын қаржы. Тең жартысы, яғни 2,5 миллиард долларды 6,1 миллион балаға бөлу керек. Сонда әр баланың шотына жылына 400 доллардан түседі», – деп түсіндірді сарапшы.

Мақсат Халық президент атаған бағдарламаның еліміз үшін жақсы инвестициялық бастама екенін атап өтті. Дегенмен табысты арттыру үшін білікті мамандар санын көбейту керек, дейді.

«Егер балалардың шотына түсетін қаржы аз болса, қорға жауап беретін қызметкерлерге де тұрғындар тарапынан көп сұрақ қойылады. Мұның алдын алу үшін Ұлттық қордағы инвестициялық табысты көбейту үшін осы бағытта тер төгетін білікті мамандардың санын көбейту қажет. Сонда келер ұрпақтың болашағына қажет қаражатты жинау үшін қадам бастық деп есептеймін. Өйткені бұған дейін қор бюджеттің тапшылығын жауып тұру үшін қолданылып келсе, енді Ұлттық қорда «келешек ұрпақтың қоры» деген функциясы қосылады. Алдағы уақытта қордағы инвестициялық табыс ұлғая беретін болса, балалардың шотына түсетін қаржының да көбейері сөзсіз. 18 жасқа толған соң ұрпағымыз шоттағы ақшаны білім алуына немесе денсаулығына, баспаналы болуға жұмсайды», – деді Мақсат Халық.

Сарапшының сөзінше, Ұлттық қор бұған дейін талан-таражға салынып келген. Бұл ұрпаққа арналған қордың таусылып жатқанын көрсетеді екен.

«Биылдың өзінде 2,6 триллион теңге аударылуы керек еді, бірақ үкімет қордан 2 триллион теңге алдық. Мұның барлығы бізді жаңа бюджет саясатын қабылдауға мәжбүрлеп отыр. Алдағы уақытта қор ашық болып, толығымен бақылауға алынуы қажет», – деп аяқтады Мақсат Халық.

“Қордың орташа жылдың табысы 3,6% ғана”

Tengenomika Telegram-арнасының ұсынған мәліметіне сәйкес, әлемдегі 30-дан аса мемлекеттің ұлттық қоры бар. Сонымен қатар отандық Ұлттық қордың моделі ретінде алынған Норвегиядағы қор жинақтау және тұрақтылық функциясын атқарады.

«Дегенмен Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестициялық табыстың жартысын алу туралы бастамасы қауіпке толы, себебі Ұлттық қордың жинақтау функциясының тиімділігін төмендетеді. 2022 жылдың шілдесіндегі жағдай бойынша Ұлттық қордың активі 53,3 миллиард доллар, бұл 2021 жылдың соңындағы көрсеткіштен 3,6%-ға төмен. Сондай-ақ қор құрылған уақыттан бастап 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жылдық табысы орташа 3,22% ғана болған», – делінген хабарламада.

Telegram-арнаның мәліметінше, егер жыл сайын инвестициялық табыстың 50 пайызы балалардың шотына аударылса, онда 5 жылдан кейін қордағы қаржы 3,6 миллиард долларға азаяды.

Сонымен қатар 18 жыл бойы инвестициялық табыстың тең жартысын алып отыру әр балаға тиесілі үлесті азайтады. Бұған бала туу өсімі де себеп екен. Сәйкесінше, баланың жинақтаушы шотына түсетін қаражат жыл өткен сайын азаяды.

 

Мақалада: Балалар шотына Ұлттық қордан қаражат аудару шешімінен бас тарту ұсынылды - сарапшылар

Ұқсас жаңалықтар

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

19.10.2026
Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

Бородулиха ауданына қарасты Петропавловка ауылында сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында магистральдық су құбырының 2,5 шақырымы ауыстырылды. Жөндеу жұмыстары су беру...

Толығырақ...Details

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

19.10.2026
Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

Semeitany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында аудандардағы сауда нысандарын жаңғырту және 2027 жылдан...

Толығырақ...Details

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

19.10.2026
Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Берік Асылов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Еркін...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

2 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

3 дня бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

3 дня бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

3 дня бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

3 дня бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

3 дня бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

4 дня бұрын

Семейде үш ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр

1 неделя бұрын

Ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дәріптейтін жоба

1 неделя бұрын

СЕМЕЙДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА «АДАЛДЫҚ МАРАФОНЫ» ӨТТІ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС