"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»

07.09.2022
«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

     Елімізде алғаш рет 1200 шақырымнан асатын «Ұлы дала жорығы» атты 12 күндік марафон-бәйге өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өзінің facebook парақшасындағы арнайы бейне-үндеуінде жариялады.
— Өздеріңізге белгілі, халқымыз үшін жылқы жануарының орны бөлек. «Түбіміз – түркі, түлігіміз — жылқы» дейтін қазақ атамыз тұлпарды ерекше қадірлеген. Қазақ даласында ежелгі Ботай қонсында жылқының қолға үйретілгені археологиялық қазбалар арқылы дәлелденді. Бүгінде әлем Алаш баласын арғымақты алғаш ерттеген ел деп таниды. Осы ретте сол көшпенді бабаларымыздың заңды мұрагері ретінде ат спорты мен ат туризмін заманға сай жаңғырту мақсатында жаңа жобаны қолға алдық, — деді Дәурен Абаев.

«Ұлы дала жорығы» аламан-марафонына қатысушылар қыркүйектің 18-інде елордадан шығып, киелі Түркістанға 12 күн ішінде жетуі қажет. Бұл ретте, Мәдениет және спорт  министрі жігіттердің жігерін сынайтын, қазанаттардың қажыр-күшін көрсететін марафон-бәйгеге барша қазақ жұртын жанкүйер болуға шақырды.

Дәурен Абаевтың айтуынша, бүгінде дүниежүзі  елдері ат жарысының түр-түрін өткізеді. АҚШ-та, Еуропада, басқа да мемлекеттерде қысқа және ұзақ қашықтыққа арналған бәйге көп. Бірақ сол жарыстардың ішіндегі ең ұзақ қашықтық 160 шақырымнан аспайды екен. Соның бәрін саралай келе, министрлік қашықтығы 1 200 шақырымнан асатын «Ұлы дала жорығы» атты 12 күндік аламан жарыс, марафон-бәйге ұйымдастыруды қолға алып отыр.

Бұл – Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, әлемде теңдесі жоқ марафон-бәйге. Сондай-ақ бұл аламан жай ғана ат жарысы емес. Қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртып, рухын оятатын, Қазақстанның бай табиғаты мен тарихын зерделейтін, жаңа туристік маршруттарды қалыптастыратын тың жоба болмақ.

Дәурен Абаевтың айтуынша, аталған марафон-бәйге бағытын таңдауда ұзақ ойлануға тура келген.

– Бұл егемен еліміздің тарихында ең ұзақ қашықтықтағы аламан болғандықтан, еңселі елордамыздан бастау алып, киелі Түркістан шаһарына қарай аттанғанын жөн көрдік. Марафоншылар мәреге 12 күн ішінде атпен жетуі тиіс. Осындай ұзақ жолға мойымаған шын мықтылар қомақты жүлдемен марапатталады. Марафон-бәйгеге әр өңірден бір-бір команда шақырамыз. 5 шабандоздан құралған командалардың әрқайсысы өз аймағының намысын қорғауы тиіс,– дейді министр.

Аталған жарысқа қатысу үшін qazanat.com сайтында өтінім қалдыру қажет. Аламанның толық шарттары мен ережесі де осы сайтта көрсетілген. Іріктеуден өткен 20 команда 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласынан «Ұлы дала жорығына» аттанады.

 

Мақалада: «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

18 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС