"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШЫҒЫСТЫ ӨРТ ҚАУПІ АЛАҢДАТЫП ТҰР

08.09.2022
ШЫҒЫСТЫ ӨРТ ҚАУПІ АЛАҢДАТЫП ТҰР
23
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

     Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті күн райының жылынуына байланысты аймақта өрт қауіпінің күшейгенін хабарлады.

Бұл орайда мамандар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. Олардың айтуынша, ашық алаңқайларда және саяжайларда шөп пен қоқыс өртеуге жол бермеу қажет. Қазіргі мезгілде орманда да от жағу аса қауіпті. Көлікте келе жатып терезеден сіріңке немесе темекі тұқылын тастауға болмайды. Сондай-ақ орманға жақын жерде оталып тұрған көлікке жанармай құюға тыйым салынады.

Ауылдарда пайдаланылған және қосалқы жерлердегі кепкен өсімдіктер мен арам шөп, егін қалдықтарын, құрғақ өсімдіктермен қатар, автожолдар мен темір жолдардың, жол өтпелерінің бөлу жолақтарындағы шыбықтарды, үгінділер мен субстанцияларды өртеуге болмайды. Қауіпті жағдай анықталса, учаскелік инспекторлар жедел әрекетке көшуі керек. Бұл орайда тұрғындарды өрт қаупінен сақтандыру жұмыстары да қолға алынуда.

Статистикаға сүйенсек, өрттің шамамен 80 пайызы жұмыс кезінде және демалыста отты жөнсіз пайдаланғандықтан, саяжайларда қарапайым қауіпсіздік шараларын елемегендіктен де пайда болады екен. «Үйлердің, саяжай құрылыстарының, қураған ағаштардың, орман-тоғай жанында от жағу өте қауіпті. Қазіргі кезеңде жел жылт еткен ұшқынды алапат өртке айналдыруы әбден мүмкін», — дейді бұл орайда ШҚО ТЖД.

Сонымен қатар, мамандар өрт шыққан жағдайда «101», «112» телефондарына қоңырау шалу қажеттігін еске салады. «Далада және орманды алқаптарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деп ескертті ШҚО ТЖД.

Десек те, қауіпсіздік шараларының жоғары деңгейіне қарамастан, ШҚО-ның кейбір аудандарында дала өрті орын алуда. Мәселен, Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында дала өрті тұтанды. Айнабұлақ ауылдық округі аумағында өрт шыққаны туралы ақпарат төтенше қызмет өкілдеріне 3 қыркүйекте берілген. Құтқарушылар тілсіз жаумен екі-үш күн үзіліссіз арпалысты. Өрттен қаза болған және зардап шеккен адам жоқ.

– Өрт құрғақ шөп пен бұта-қарағаннан басталған. Таулы өлкеде жалын тез өршіп, 45 гектар аумақты шарпыды. 5 қыркүйекте сағат 8:00-де өрт толықтай сөндірілді, – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сол тәрізді аталған департамент мамандарының мәліметінше, шығыстағы «Зырян орман шаруашылығы» КММ мен Быков орманшылығы аумағында шөп пен бұта өртенген. Өрт сөндіру қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы дереу ұйымдастырылып, қазір тілсіз жаумен күрес жүргізіліп жатыр.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрттің алдын ала аумағы — 167 гектарды құрайды. Аумақты тексеру мақсатында «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің АН-2 ұшағы да жұмылдырылған.

Айта кету керек, қазір қызыл жалыннан ешқандай елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстарына ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы және «Қазавиаорманқорғау» мекемелерінен 344 адам және 25 техника, сондай-ақ суағар құрылғысы бар ШҚО АП МИ-8 тікұшағы іске қосылды, — деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Жағдай тұрақты бақылауға алынған. ШҚО ТЖД-да және өрт орнында жедел штабтар жұмыс істеп жатыр.

«СТ» — ақпарат

Мақалада: ШЫҒЫСТЫ ӨРТ ҚАУПІ АЛАҢДАТЫП ТҰР

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

5 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

5 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

9 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС