"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?

09.09.2022
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ?
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

     Жуырда өткен Үкімет отырысында Абай облысының облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аймақтың алдағы жылыту маусымына дайындығы жөнінде есеп берді. Белгілі болғандай, қазіргі таңда аймақта қысқы мезгілге әзірлік жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

Нұрлан Тельманұлы өз сөзінде бүгінгі таңда облыс бойынша барлығы 312 жылу көзі жұмыс істейтінін, соның ішінде Семей қаласы бойынша – 18 нысан бар екенін, жылыту маусымына даярлық шаралары қалыпты жүргізіліп жатқанын айтты.

– Облысымыздың жылыту маусымына жалпы қажеттілігі 1,2 млн тоннаны құрайды. Бүгінде 406 мың тонна көмір жеткізілді. Қысқа дайындық әлі де жалғасуда, – деп атап өтті Абай облысының әкімі.

Жылыту маусымына әзірлік жүргізуде негізгі салмақ қатты отын тасымалына түсетіні белгілі. Бұл орайда «Қаражыра» АҚ аймақтағы барлық кәсіпорынмен тиісті шарт жасасқан екен. Соның нәтижесінде, жалпы қажеттілік, яғни, жыл бойы көмірді жөнелту көлемі анықталған. Кестеге сәйкес, шілде айында Абай облысы мен ШҚО кәсіпорындары және энергиямен жабдықтаушы компаниялары үшін 256 мың тонна, тамызда – 306,78 мың, қыркүйекте – 358,143 мың тонна жөнелту жоспарланып, іске асырылған. Одан әрі өсу қарқыны бойынша: 436,535 мың тонна – қазанда, 458,528 мың тонна – қарашада және 486,046 мың тонна көмір  желтоқсанда жеткізілуі тиіс. Яғни, жыл соңына дейін «Қаражыра» көмір кенішінен тұрғын үй секторын, өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдарды жылыту үшін жалпы көлемі 2,532 млн тонна көмір жеткізілуі тиіс.

Бүгінгі таңда Өскемен мен Семейдің теміржол тұйықтарында көмір қоры жеткілікті.  Оны тек қалалықтар ғана емес, шалғай аудандардың тұрғындары да сатып алуда. Бұл бағыттағы жұмыстар күзгі мезгілде көмір тапшылығын және қарбалас тудырмас үшін ерте қолға алыныпты. Мәселен, биыл мамыр айының өзінде Өскемен қаласына 12 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір, Семейге 6 мың тонна көмір жеткізілген.

Қазір халықтың көмірді жылдық тұтыну көлемі 1,1-1,2 млн тоннаны құрайды екен. Жыл соңына дейін жасалған тиеу жоспарына сәйкес, Семейге 174,5 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір, ал жалпы Шығыс Қазақстан станциясына – 456,2 мың тонна көмір жеткізу жоспарланған.

Көмір бағасы осы жылы кеніш бортында теміржол тарифінсіз тұрғындар үшін тоннасына 5 500 теңгені құрайды (2021 жылы – 4 946 теңге болған). Энергетикалық кәсіпорындар үшін көмірдің бағасы теміржол тарифінсіз тоннасына 3 700-3 900 теңгені құрайды. Алайда, ол халыққа жеткен кезде баға екі есе өседі.

Қазір жеке сектордың тұрғындары қатты отынды тоннасына 10 мыңнан 12 500 теңгеге дейін сатып алуға мәжбүр. Әйтсе де, бұл қатып қалған баға емес, алдағы уақытта, күздің қара суығы басталғанда бұл баға тағы да өсуі ықтимал.

Жалпы, аталған бағыттағы шаралар облыс әкімдігінің  жіті назарында тұр. Мамандардың айтуынша, әзірге көмір жетекізу және саудалау ісі кедергісіз жүргізілуде, тосын жайттар туындаған жоқ.

Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

15 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

15 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

16 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

16 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

17 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

17 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС