"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ

09.09.2022
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

      Еліміздің барлық аймағы орман өртінің тигізген залалына байланысты Қостанай облысына көмек жіберуде. Абай облысының тұрғындары да зардап шеккен қостанайлықтарға бес мың тоннаға жуық метариалдық көмек көрсетті. 

Гуманитарлық көмек жинау аймағымыз бойынша әлі де жалғасуда. Бұған «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалы, «Жастар рухы» партиясы Жастар қанатының және жастар ресурстық орталығының өкілдері, сондай-ақ, ҚМДБ-ның Семей өкілдігі және кәсіпкер азаматтар бастамашы болуда. Облыстың жанашыр тұрғындары отандастарына азық-түлік, тұрмыстық тауарлар мен киім-кешектер, дәрілік заттарды мол көлемде әкеліп жатыр.
— Бүкіл ел бойынша «Жастар рухы» жастар қанатының 1200-ге жуық белсендісі гуманитарлық көмек жинаумен белсенді айналысуда. Қала мен облыстың жанашыр тұрғындары да барынша көмек көрсетуде. Гуманитарлық көмек жинау 4 қыркүйек күні таңертең басталды және бүгінгі күні бес мың тоннаға жуық зат жиналды. Енді гуманитарлық көмек жөнелтілетін болады, — дейді бұл орайда «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты қалалық филиалының жетекшісі Темірлан Бақтияров. Гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы Қостанай облысына сол күні кешкісін жөнелтілді.

Абай облыстық «Абай Құнанбайұлы» мешітінде де Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Абай елінен Қостанай еліне көмек» атты қайырымдылық акциясы басталды. Аталған акция 10 қыркүйекке дейін жалғасын табады. Игі бастама ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асуда.

–Әрбір қиындықтан кейін Алланың жеңілдігі болатынын ұмытпауымыз керек. Абай атамыз «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», – деді емес пе?  Ендеше, осындай кезде елдігімізді, бірлігімізді, жанашырлығымыз бен  мұсылмандығымызды танытып, сол жақтағы ағайындарға көмек қолын созуды ұйғарып жатырмыз», — дейді аталған іс-шараның облысымыз бойынша ұйымдастырушысы, Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов.

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары да Қостанайдағы өрттен зардап шеккендерге аз уақыттың ішінде 35 тонна гуманитарлық көмек жинады.

Осы уақытқа дейін Өскемен қаласындағы «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының гуманитарлық пунктінде 35 тоннадан астам жүк жиналды. Өңір жұртшылығы Қостанай облысына 4 қыркүйектен бастап қол ұшын созуға кіріскен.

«Барлық деңгейдегі депутаттар, жанашыр азаматтар, жастар мен еріктілер азық-түлік, тұрмыстық техника мен қажетті заттарды жинап жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек. Дәл қазір гуманитарлық пунктке 14 тонна ұн, 5 тонна макарон, 10 тонна күнбағыс майы, 3 тонна ауыз су жиналды», – дейді партия филиалының жауапты хатшысы Сайрангүл Жұмаділова.

Азамат ЕРСАЙЫН,

«Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

20 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС