"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨРТПЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

13.09.2022
ӨРТПЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

 

Ел шығысындағы өрт қаупі әлі сейілмей тұр. Жекелеген аудандарда дала өрті тіркелуде. Бұл жайында Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өрттің алдын алу шараларына байланысты өткен баспасөз мәслихатының екінші отырысында айтылды.  

Өз кіріспе сөзінде департамент басшысы Манарбек Шапағатов қазіргі уақытта Үржар ауданында 5960 гектарды құрайтын табиғи өрт орын алғандығын хабарлады. Өртпен күрес қыркүйек айының алтыншы жұлдызынан басталған. Тілсіз жаудың алдын алуды кірме жолдардың болмауы және таулы жердің күрделі рельефі қиындатқан. Жалпы, өртпен күреске 321 адам, 39 техника, сондай-ақ су төгетін құрылғысы бар тікұшақ жұмылдырылғандығын мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 6-шы және 9-шы қыркүйегі күндері аралығында Абай облысы бойынша жалпы ауданы 7000 гектарды құрайтын 9 табиғи өрт және жалпы ауданы шамамен 1000 гектарды құрайтын 27 құрғақ шөптің жануы тіркеліпті.

Табиғи өрттер облыстың Үржар, Абай, Жарма, Ақсуат аудандарында және Бесқарағай ауданында орын алған. Өртті сөндіруге мемлекеттік құрылымдардан 608 адам және 94 техника жұмылдырылған.

Тағы бір айта кететін жайт, ағымдағы жылғы 8-ші тамыз күні Жарма ауданында өртті жою кезінде бөлімше командирі, жүргізуші — қызметкер және өрт сөндіруші әртүрлі дәрежедегі күйік алып, Шар қалалық ауруханасына жатқызылған. Өкінішке орай, жүргізуші Айдос Тоғызбаев денесінің 95%-н күйік шалып, көз жұмды.

Сонымен қатар, департамент басшысы Манарбек Шапағатов табиғи өрттің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 26%-ға жоғарылағанын да айтып өтті. Қазіргі таңда жедел штабтың жұмысы жалғасуда, қызметкерлер тәулік бойы өртпен күрес жүргізуде.

Кездесу соңында ол жергілікті атқарушы органдарға, халыққа, полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге дала өрттерін сөндіру кезінде көрсеткен ұстамдылығы мен батырлығы үшін алғыс білдірді.

Саяжан КЕРІМБЕКОВА,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

45 минут бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

47 минут бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

49 минут бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

4 часа бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

18 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

22 часа бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

22 часа бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

23 часа бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

23 часа бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС