"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«БІРТҰТАС ҰЛТ – БІРТҰТАС ӘСКЕР»

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл

20.09.2022
«БІРТҰТАС ҰЛТ – БІРТҰТАС ӘСКЕР»
73
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«БІРТҰТАС ҰЛТ – БІРТҰТАС ӘСКЕР»

Қыркүйек айының он екінші жұлдызында Абай атындағы драма театрда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына және күзгі әскерге шақыру науқанына орай, «Біртұтас ұлт — біртұтас әскер» тақырыбымен концерт өтті. Мерекелік бағдарламаны Қарулы Күштердің ақпараттық насихат тобы құрамындағы ұлттық-әскери патриоттық орталығы ұйымдастырды.

Қазақстанның Қарулы Күштері — ҚР әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтитын іргелі құрылым. Отан қорғаушыларға арналған іс-шараның мақсаты – жастарды әскери борышын өткеруге ынталандыру және әскери саланың құндылығын арттыру. Салтанатты шараға Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері, «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері, «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері, әскерге дейінгі жастар және қала қонақтары қатысты.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай сала ардагерлері марапатталды. Марапат иелері өз кезегінде сөз алып,  игі тілектерін білдірді.

— Біз еліміздің Қарулы Күштерінің 30 жылдығы құрметіне, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың құрылуына орай арнайы жиналдық. Семейдегі қорғаныс істері жөніндегі басқарманың құрылғанына 100 жылдан асты. Еліміз Тәуелсіздік алғанға дейін Отан қорғаушылар күнін кеңестік датамен атап өтсек, бүгінде бұл мереке Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне байланысты 7 мамырда атап өтіледі. Бұл — мемлекетіміздің Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытпайтындығының белгісі. Біз жастарымызды Қарулы Күштер қатарына шығарып салғалы отырмыз. Болашақ сарбаздарға айтарым — Семей қаласы жауынгерлік ерліктерге бай қала екені естеріңізде болсын. Сіздер Отан алдындағы борыштарыңызды адал атқарады деген сенімдемін. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін! — деп ақ тілегін жеткізді жергілікті әскери басқару органдарының ардагері, отставкадағы полковник Ғарифулла Тайматов.

Тағылымды кеште жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулитын патриоттық сарындағы әндер шырқалып, тамылжыған күйлер орындалды. Сондай-ақ елімізге танымал бишілер тобы да өз өнерлерін көрсетіп, тың туындыларын көпшілікке паш етті.

Айта кетейік, концерттік бағдарламасы Семей қаласынан бастау алған ұлттық әскери орталық еліміздің әр өңірін аралап шықпақ.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Мақалада: «БІРТҰТАС ҰЛТ – БІРТҰТАС ӘСКЕР»

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

7 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

7 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

7 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

7 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

8 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

9 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС