"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

20.09.2022
АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаланың көрікті жерлерінің бірі саналатын «Металлург» саябағындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңінде саябақтың солтүстік бөлігі қамтылды. Виноградов көшесінен бастап бас аллея мен аттракциондар аймағы жөнделіп, Назарбаев даңғылына қарама-қарсы орналасқан жаңа кең аллея жабдықталды. Саябақтың солтүстік бөлігінде автокөлік тұрағы мен серуендеуге арналған орын пайда болды. Шағын сәулет нысандары қойылып, орындықтар жаңартылды.

Сәулетші Борис Невзоров саябақтағы автотұраққа қарай жолдар жасап, белгілер және бағдаршамдар қоюды ұсынды. Қала  әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, қаржылық мүмкіндіктер болып жатса, осы және басқа да бірқатар идеяларды жүзеге асыруға болады. Шаһар басшысы саябақта қосымша алаңдар салу мүмкіндіктері де қарастырылатынын атап өтті.

Ал Интернационал көшесіндегі 1,6 шақырымдық асфальт жабынын ауыстыру ісі де аяқталды. Сондай-ақ Буров және Новаторлар көшелерінде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт толықтай жаңартылды. Алдағы уақытта осы аумақтағы жылу желілерін және жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Сол сияқты «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында  аулаларды жөндеу жұмыстары  өз жалғасын табуда. Әр ауладағы жөндеу жұмыстарынан соң спорт алаңы, балалар ойнайтын алаң, серуендеуге арналған жолдар жасалады.

Облыс орталығында сонымен қатар жаңа трамвай аялдамалары орнатылуда. Ашық металдан жасалған көгілдір түсті аялдама павильондары Орталық базардың жанында және Чехов көшесінде қойылды. Мұндай павильондар алдағы уақытта мүмкіндігіне қарай  барлық трамвай аялдамаларында орнатылмақ.

Кейін павильондардың ішінде трамвайлар туралы ақпараттарды орналастыру жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, қаланы абаттандыруға, оның тазалығын сақтауға тұрғындар да өз үлестерін қосуда. Мысалы, өткен аптада Виноградов пен 30-шы Гвардиялық Дивизия көшелерінің қиылысында орналасқан саябақ ретке келтірілді. Оған жақын маңдағы үйдің тұрғындары мен «Таза Өскемен» мекемесінің қызметкерлері атсалысты. Бұрын медициналық колледждің қарамағында болған бұл алаң соңғы уақытта қараусыз қалған. «Таза Өскемен» мекемесі басшыларының айтуынша,  жақында саябақ коммуналдық меншікке өтіпті, алайда абаттандырылатын аумақтар тізбесіне әлі енгізілмеген екен. Саябаққа жақын маңдағы үйлердің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы тазалық жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс білдірген соң, «Таза Өскемен» мекемесі дереу іске кіріскен. Өйткені өрт қауіпсіздігі тұрғысынан аталған аумақ ретке келтіруді қажет етіп тұрған болатын. Сондықтан сенбілік ұйымдастырылып, тұрғындардың көмегімен алаңдағы қураған ағаштар кесіліп, қоқыстан тазартылды.

Зарина КӘП,

«Семей таңы»

Мақалада: АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

9 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

13 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС