"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

20.09.2022
ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
24
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

Мемлекеттік қызметті электронды үкімет арқылы алудың басты артықшылығы – уақытты қысқартуға және олардың сапасын арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қауіпін барынша жоюға едәуір мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда техника, технология жетістіктерін шеберлікпен пайдаланудың арқасында мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдар осы электронды үкімет жүйесі арқылы ел азаматтарымен тұрақты қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын тапты. Оның тиімділігі — қажетті ақпаратты жедел береді, мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайлы етеді және шығынның аздығымен әрі ашық, жариялылығымен ерекшеленеді. Үкіметтік ұйымдардың да өзара тығыз байланыста жұмыс істеуіне ықпал ете алады.

Үкімет ұсынған қызметтерді халық ақпарат алмасудың жылдамдығының арқасында бірден меңгеруде. Керекті құжаттың электронды нұсқасын пайдалану арқылы қағазбастылық артта қалып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Бұл – электронды үкіметтің игілігі. Ал электронды құжат  экономиканы дамытудың негізгі тетігі екені анық. Үкіметтің бүгінгі ұсынып отырған электронды қызметтерін жұртшылық электронды цифрлық қолтаңба арқылы алады. Қазір  елімізде электронды үкіметтің www.e.gov.kz порталы жұмыс жасайды. Аталмыш порталда мемлекеттік органдардың барлық ақпараттарына қол жеткізуге болады. Бүгінде www.e.gov.kz порталында экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде екі мыңнан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әр түрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Мәселен, цифрлық қолтаңба арқылы кез келген тұрғынның мемлекеттік органдардан анықтамалар алуға, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға немесе белгілі бір мемлекеттік органға тікелей шағымдануға («Виртуалды қабылдау»), коммуналдық қызметтерді төлеуге, мекенжай анықтамасын алуға мүмкіндіктері бар.

Порталдағы барлық қызметтерді қолдану үшін азаматтарда алдымен электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы қажет. Электронды сандық қолтаңба портал арқылы үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу үшін өте қажет. Бұл ыңғайлы әрі қолжетімді. Электронды үкіметтің қарапайым халық үшін тиімді әрі қолжетімді екенін бөлім қызметкерлері еgov.kz порталының барлық мүмкіндіктері арқылы көрсетіп бере алады.

Электронды қызметтер көрсету орталығы — халыққа қызмет көрсететін орталықтардың жаңа форматы, бұл жерде мемлекеттік қызметтерді көрсету саласының барлық жаңашылдықтарын көруге және цифрлық сауаттылықты арттыруға болады.

Электрондық қызмет көрсету орталықтары қазіргі таңда еліміздің барлық елді мекендерінде дерлік бар. Тіпті шалғай ауылдық елді мекендерде де ашылып жатыр. Онда мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі қазіргі заманғы технологиялар ұсынылған. «ELEKTRONDYQYZMETORTALYGY» «жанды» операторларсыз, жасанды интеллекттің көмегімен жұмыс істейтін болады. Виртуалды кеңесшілер қандай да бір анықтамаларды алу туралы ақпаратты ұсынып, қажетті секторға бағыт береді. Сондай-ақ бұл жерде «M-gov» мобильді нұсқасының мүмкіндіктерімен танысуға, ұялы байланыс операторын өзгертуге, нөмірді сатып алуға және де ЭСҚ-ны SIM картаға жаздыртып алуға болады.

Сонымен қатар қызмет алушылардың көлік жүргізуші куәлігін алар кезде көлік жүргізу бойынша алдын ала емтиханнан өтуге мүмкіндік болады. Орталық емтиханды нақты автокөлікте тапсырған кезде тексеру мүмкін болмайтын төтенше жағдайларда жүргізудің кәсіби дағдыларына қол жеткізуге көмектесетін «digitaldrive» симуляторымен жабдықталған.

Орталықта «Video call room» бар, оның көмегімен азамат мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына бейнеүндеу жазып жібере алады, ал олар үндеуді қарастырып, жауапты 15 күн ішінде өтініш берушілердің электрондық поштасына жолдауға міндетті. Сонымен бірге бұл жерде қоғамдық қолжетімділік пункттері орналасқан, олардың көмегімен азаматтар электрондық үкімет порталында биометриялық деректер, электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік құпия сөз және мемлекеттік қызметтерді алудың дербес секторында ақпараттық анықтамалардың 44 түрін өз бетінше ала алады.

Сондай-ақ азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында, орталықтарда бекітілген кестеге сай семинарлар өткізілетін болады. Өзіне ыңғайлы жағдайда азаматтар электрондық үкімет порталының сервистерін пайдалану дағдыларын қалыптастырып, оқытудан өткені туралы сертификат алады, сертификат олардың электрондық мекенжайларына жолданатын болады.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының бірқатар қалаларында цифрлық ХҚКО іске қосылған, мемлекеттік қызметтерді алу толығымен автоматтандырылған, олар операторлардың қатысуынсыз жүзеге асырылады. Халыққа қызмет көрсету цифрлық орталықтарының ашылуы азаматтардың қоғамдық қолжетімділік пунктерінің, «Connectionpoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының және мемлекеттік корпорацияның арнайы павильон  қабырғаларындағы планшеттердің көмегімен өз бетінше электрондық өтінімдерді беретін мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа форматына көшудің кезеңіне ауысты.

Жақын арада қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді беттің немесе саусақтың ізін сканерлеу арқылы алу мүмкіндігіне ие болады. Азаматтар электронды үкімет порталында, оператор немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қоғамдық қолжетімділік пункттері арқылы биометрия бойынша қызметтерді алуға мүмкіндік беретін тексеру орталығы құрылмақ.

Қызмет көрсетулердің басым бөлігі электрондық форматқа көшірілуде. Электрондық форматта қолжетімді қызметтер ішіндегі көпшілік қолданатын қызметтің бірі — egov.kz порталында жүргізуші куәлігін ауыстыру. Ол көлікті онлайн тіркеу, ХҚКО-ға бармай-ақ, автомобильді арнайы рәсімдеу мүмкіндігін ұсынады. Порталда аталмыш қызметті пайдалану үшін сатушының да, көлікті сатып алушының да электронды саусақ қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы тиіс.

Көлікті онлайн тіркеу үшін сатушы egov.kz порталында авторланудан өтіп, сатылатын көлік жайлы ақпаратты енгізіп, айыппұлдары, салық қарыздары мен техникалық тексеріске сұраныс жіберуі қажет, ал олар болған жағдайда, электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлем жүргізуі тиіс. Осыдан кейін сатып алушы электрондық порталдағы жеке кабинетінде өтініммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейін, нөмірлік белгі, көлік құралын тіркеу және тіркеу туралы куәлік үшін мемлекеттік бажды төлеуге көше алады. Сатып алушы смарт-мәмілені өзінің ЭСҚ-мен растайды және де оған тек арнайы ХҚКО-ға барып нөмірлік белгіні алу немесе оны үйге жеткізуге тапсырыс беруі ғана қалады.

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру кезінде egov.kz порталында авторланудан өткеннен кейін электрондық өтінім беріп, ЭСҚ-мен қол қою керек. Өтінімге сурет және қолтаңба бейнесі бар скан қоса беріледі. Одан әрі жеке кабинеттің «Қызметтерді алу тарихы» бөліміндегі қалыптастырылған электрондық арызды басып шығару қажет және де мемлекеттік бажды төлеу туралы электрондық чекті басып шығаруы тиіс. Оны қызметтерді төлеу тарихы бөлімінде табуға болады.

Айта кетейік, жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК болып табылады.

Бұдан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша арнайы ХҚКО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не дайын жүргізуші куәлігін алу үшін ғана барады. Басып шығарылған арыз бен чек, ауыстырылатын жүргізуші куәлігі және жеке басты куәландыратын құжаттары өзімен бірге болуы тиіс. ЖК көрсетілген мерзімінен кешіктіріп ауыстыратын жағдайда өзімен бірге психиатриялық және наркологиялық диспансерден анықтамалар, және де 083-нысанды медициналық анықтамалар болғаны жөн.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірге бала туу туралы қызметтерді де проактивті форматта көрсету жөнінде пилоттық жобаны іске қосты. Ақпараттық жүйелердің интеграциялануы нәтижесінде жаңа азаматтардың тууын тіркеуге берілген өтініш автоматты түрде түсетін болады.

Бала туғаннан кейін оның ата-анасының ұялы телефонына нәрестенің тууын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу туралы ұсыныс бірден келіп түседі. Барлық мәліметтерді электрондық үкімет порталы әр түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйлерінен тартады, ал жетіспейтіндерін – қызмет алушыдан  SMS-хабарламалар арқылы сұратады. Баланың тууын тіркеумен байланысты проактивті қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жоба Қазақстанның барлық облыстарында әрекет етеді.

Телефон арқылы тек баланың тегін, атын және әкесінің атын ғана емес, туу бойынша жәрдемақыны рәсімдеуге арналған есепшот нөмірін және балабақшаға кезекке қою үшін деректерді жіберуге болады.

Проактивті форматтағы мемлекеттік қызметтерді алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы міндетті болып табылады. Бұл үшін www.egov.kz сайтындағы жеке кабинетте мобильді телефон нөмірін ЖСН-не байланыстыру қажет.

Жобаны іске қосқан сәттен бастап 100 мың адам мемлекеттік қызметті проактивті режимде алуға ниет білдірген екен.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу қазақстандықтар үшін зор мүмкіндіктер ашады. Мобильді азаматтар базасының пайдаланушыларына мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алу қолжетімді. Олар egov.kz сайтында ЭСҚ-сыз, бір реттік sms-құпия сөздің көмегімен 40-тан астам мемлекеттік қызметке қол жеткізе алады. Сонымен қатар өзіне қатысты анықтамаларды үшінші тұлғаларға алу құқығын бере алады. Телеграмм-бот арқылы анықтамалар алып, қызметтерді пайдалана алады. Бүгінде Қазақстанда 5 млн-нан астам тұрғын мобильді азаматтар базасында тіркелген.

Күн сайын портал арқылы 100 мыңнан астам қызмет көрсетіледі.

Жоба іске қосылған сәттен бастап «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ азаматтар үйден шықпай-ақ ала алатын қызметтер мен сервис тізімін арттыру жөніндегі жұмысын жалғастырып келеді. Осылайша, ұсынылатын қызметтер мен сервистердің саны 12 жыл ішінде 235-ке дейін артқан, композиттік қызметтер пайда болды, 44-тен астам қызмет бір реттік смс-құпия сөздің көмегімен қолжетімді болды, төлемдердің 38 түрі авторланудан өтпеген қолданушылар үшін онлайн режимге көшірілді және де «анықтамасыз қызметтер» сервисі ең көп қолданатын анықтамаларға үшінші тұлғалардың сұратуына рұқсат беру автоматтандырылған.

Бүгінде « Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның eGov.kz порталының құрамына 150-ден астам ақпараттық жүйе мен деректер базасы интеграцияланған, осының арқасында пайдаланушы бірнеше ведомствоға бармай-ақ, бір сұрату арқылы «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді қызметтер көрсетуге көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қызметтер мен сервистердің қолжетімділігі дамып, сонымен бірге тіркелген қолданушылар саны да арта бастады.

ЭСҚ-ны қолданбай-ақ @EgovKzBot – Телеграм мессенджері арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады. EgovKzBot арқылы 15 мемлекеттік қызмет пен сервисті – әлеуметтік мәртебені тексеру және негізгі зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алу, ересектер мен балаларды емханаға тіркеу, дәрігердің қабылдауына жазылу және дәрігерді үйге шақырту, ХҚКО-ға баратын кезде кезекті брондау, жұмыс және қызметкерлер іздеу, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алу, мекенжай анықтамасы және т.б. алуға болады.

Мемлекеттік қызметтерді телеграм-бот арқылы алу үшін «Мобильді азаматтар базасында» тіркелу қажет. Ол үшін өз телефон нөміріңізді eGov.kz порталындағы жеке кабинетте байланыстырып, өз гаджетіңіздің Telegram мессенджеріндегі ботты іске қосу керек. Содан кейін алдын ала белгіленген командаларды жіберу және SMS-коды арқылы растау арқылы анықтамалар мен сервис ақпаратын сұратуға және оларды пайдаланушының электрондық поштасына қайта жіберуге болады.

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы алдында мемлекеттік қызметтерді толықтай электрондық форматқа көшіру міндеті тұр. Қарауына мемлекеттік корпорация енетін Ақпарат және коммуникация министрлігі өкілетті мемлекеттік органдармен бірге мемлекеттік қызметтерді азаматтарға және бизнес үшін көрсету процестерін мейлінше оңтайландыруды жүргізіп жатыр.

Әзірлеген Әлібек КЕМЕЛХАН,

«Семей таңы»

 

Мақалада: ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ – ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ

Ұқсас жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

23.07.2026
Дәл барлау – дәл соққының кепілі

Абай гарнизонындағы 28738 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес мамандық бойынша дайындық сабақтары үздіксіз жүргізілуде. Дайындық барысында әрбір әскери қызметші...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

23.07.2026
Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында 11–19 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!   Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026...

Толығырақ...Details

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

23.07.2026
Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан ересек тұрғындарының жынысы, жасы, тұрғылықты елді мекен түрі және аймағы бойынша құрылымын көрсететін ұлттық іріктеме...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

23.07.2026

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР! Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы...

Толығырақ...Details

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

23.07.2026
КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

Биыл Қазақстан жаңа Конституция жағдайында өмір сүріп жатқан мемлекет ретінде дамудың кезекті кезеңіне қадам басты. Конституция – бұл тек заңгерлерге...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Дәл барлау – дәл соққының кепілі

8 часов бұрын

Абай облысында жол ережесін бұзудың 2200-ден астам дерегі анықталды

8 часов бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде ҮНДЕУ

8 часов бұрын

Қазақстандық қоғамдық даму институты 2026 жылғы 8-20 шілде аралығында еліміздің барлық өңірлерінде – 17 облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 1200 респондент арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді

8 часов бұрын

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

8 часов бұрын

КОНСТИТУЦИЯ – ҚАҒАЗДАҒЫ ЗАҢ ҒАНА ЕМЕС, ӨМІР СҮРУ МӘДЕНИЕТІ

8 часов бұрын

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МӘДЕНИЕТІ

8 часов бұрын

АДАЛ АЗАМАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ

8 часов бұрын

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

8 часов бұрын

Семейдегі сауда нысандары жаңарып жатыр: облыс әкімі тапсырмалардың орындалуын тексерді

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС