"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

РОБОТОТЕХНИКА ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ

21.09.2022
РОБОТОТЕХНИКА ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ
РОБОТОТЕХНИКА ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ
РОБОТОТЕХНИКА ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ
РОБОТОТЕХНИКА ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ
31
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

РОБОТОТЕХНИКА ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЕСІГІН АЙҚАРА АШТЫ

Қалалық балалар мен жастардың шығармашылық сарайында жаңа заманауи жабдықталған робототехника орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылуына Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, «Сәби» Республикалық қайырымдылық қорының негізін қалаушылар Әсел Тасмағамбетова мен Кеңес Рақышев қатысты.

Орталық 15 оқу орнына есептелген. Мұнда білім алушылар ақпаратпен сандық форматта жұмыс істей алады. Жаңа кабинет «Activepanel AP 75» сенсорлық моноблогымен, презентацияларды көрсету үшін «TETRIX PRIME» радиобасқарылатын үлгілерді жасауға арналған робототехникалық жиынтық, модельдерді құюға арналған «CREATOR Pro» 3Д принтерімен, роботтардың футбол ойнауына арналған футбол алаңдары мен инфроқызыл доптармен жабдықталған. Сондай-ақ мини сумо, кегельринг, қара сызықпен жүру сияқты бағыттар бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізуге арналған алаңдар бар.

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының директоры Қанат Шапатов заманға сай құрылғылармен жабдықталған орталық жұмысымен таныстырып, ерекшелігіне тоқталды.

— Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы – қаламыздағы ең ірі және көп салалы қосымша білім беретін мекеме. Біздің мекемеге 4400 бала қатысады, осы ғимаратта 2500 бала. Көркемдік-эстетикалық, музыкалық, бейнелеу, би өнері, қолөнер, әскери сияқты 10 бағытта жұмыс жасаймыз. Дамытып жатқан бағытымыздың бірі – IT технология. Бастауыш балаларға арналған LEGO құрастырмаларына жеке кабинет болғанымен ол жеткіліксіз. Мына орталыққа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, заманауи құрылғыларды орнатқан – «Сәби» қоры. Қор президенті Әсел Тасмағамбетованың демеушілігімен робототехника орталығы ашылды. Орталықта 2 мұғалім жұмыс істейді. Бұл пән мектепте болса да, бұл жерде оқушылар өз қабілеттерін бекіте алады, — дейді Қанат Мұратұлы.

Жиында сөз алған өңір басшысы балаларды жаңа технологияларға тартудың маңыздылығын атап өтті.

— Меценаттардың осындай қолдауларының арқасында көптеген балалар ғылыми-техникалық, инновациялық салада білім алуға мүмкіндік алды. Семейде жаңа цифрлық орталықтың ашылуы біздің облысымыздың балалары үшін маңызды. Өйткені робототехника – болашақтағы мүмкіндігі ең жоғары бағыттарының бірі. Біз балаларға жаңа білім алуға және өз әлеуетін іске асыруға көмектесетін барлық жобалар бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, — деп атап өтті Нұрлан Ұранхаев.

Еліміздің барлық өңірінде бұндай орталықтардың кеңінен таралуын мақсат ететін қор бастамасымен Алматы, Петропавл қалаларынан кейінгі еліміздегі үшінші орталық қаламызда ашылып отыр. «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова өз кезегінде орталықтарды республикалық деңгейде масштабтау туралы шешімнің кездейсоқ пайда болмағанын түсіндірді.

— Құрметті Семей қаласының тұрғындары, роботехника орталығының ашылуында көріскеніме қуаныштымын! «Сәби» қоры 20 жылдан астам Қазақстанның өңірлік қалаларында қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып келеді және біз елімізде дарынды балалар мен талантты педагогтардың көп екеніне көзімізді жеткіздік. «Сәби» қоры Абай өңірінде де бірнеше жобаларын іске қосты, мәселен, 2011 жылы «Инватакси» қызметін, кейіннен 4 ойын және спорттық алаңдары ашылды, көптеген дарынды балаларға арнайы қолдау көрсетілді. 2 жыл бұрын ең үлкен жобалардың бірі – балалар хирургиясының жұмысын бастауы. Бастамалардың жалғасы ретінде Семей қаласында роботехника орталығының ашылды. Осындай қарқынды заманда орталық балалардың жан-жақты дамуына, ой-өрісін дамытып, потенциалын көтеруге ықпал етеді деп ойлаймын. Market Research Future зерттеуіне сәйкес робототехниканың жаһандық нарығы жыл сайын 22,8 пайызға өседі және 2030 жылға қарай $214,68 млрд долларға жетеді деп күтілуде. Бұл бізге робототехника орталықтары сұранысқа ие болатынына және жоба жақсы нәтиже береді деп болжауға негіз береді, — деді Әсел Иманғалиқызы.

Қаламызда ашылған орталықтың жалпы ауданы – 75 шаршы метр. Жобаның құны 26,3 миллион теңгені құрады. Орталықта 150-ден астам бала роботехника әуесқойларының қатарын толықтырады. Аталған орталыққа барлық қалаған оқушылар тегін бара алады.

Мақалада: Семейде робототехника орталығы ашылды

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

20 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

20 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

20 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

20 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

22 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

22 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС