"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙЛІК ЖАС ӘНШІ – «БАЛА ДАУЫСЫ» ЖЕҢІМПАЗЫ!

25.09.2022
СЕМЕЙЛІК ЖАС ӘНШІ – «БАЛА ДАУЫСЫ» ЖЕҢІМПАЗЫ!
213
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Алматыда «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының VII маусымы өткен еді. Байқауға біздің облыс намысын қорғауға қатысқан жас әнші Ырысгүл Қайратбек ГРАН-ПРИ иегері атанды. Осылайша, ол 2016 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан еліміздегі ең ауқымды ән байқауында өнер көрсетіп, семейліктердің үкілі үмітін зор абыроймен ақтап шықты.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен 8-12 жас аралығындағы 3 мыңнан аса жас орындаушы қатысқан байқаудың іріктеу кезеңі 5 сәуір мен 15 мамыр аралығында қашықтықтан өтті. «Бала дауысы» байқауы әлеуметтік жоба болып табылатынын айта кету керек, яғни балалар оған ақысыз негізде қатысады.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, кәсіби қазылар алқасы 18 финалистті анықтады, олар үшін 1 маусым мен 20 қыркүйек аралығында вокал және актерлік шеберлік бойынша сабақтар, фотосессия, телевизиялық роликтер түсіру ұйымдастырылды. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін VII маусымның финалистері Көк Төбе саябағында концерттік бағдарлама ұсынды.

«Бала дауысы» түлектерінің шығармашылық кеші және конкурстық концерттік бағдарламада финалистер Илья Башкатовтың жетекшілігімен және музыканттардың сүйемелдеуімен танымал халықтық және эстрадалық композицияларды орындады.

— Мен жыл сайын «Бала дауысы» қорытынды концертін асыға күтемін. Балалар қазақстандық ән әлеміне керемет саяхат сыйлады! Көрермендер өткен жылдардағы «Бала дауысы» түлектерінің өнерін тамашалады, олар қазіргі таңда біздің эстрадамыздың танымал жас орындаушылары. Ең бастысы, балалар шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Ең алдымен, бэнд музыканттарының кәсібилігін, режиссураның жоғары деңгейін, вокал бойынша педагогтардың, киім дизайнерлерінің, стилистердің, бейне-контент әзірлеушілердің жұмысын атап өткім келеді. Барлығы соншалықты үйлесімді, құрылымдық және тұтас! — деп композитор және өнертанушы Назым Мухадиева өз ойымен бөлісті.

Балалардың өнерін дәстүрлі түрде қазылар алқасы бағалады, олардың арасында қазақ эстрадасының танымал әртістері Әли Оқапов, Зарина Алтынбаева, Айри және Аян Бірбаев бар.
Кештің шарықтау шегі марапаттау рәсімі болды. Байқаудың үшінші жүлдесін Батыс Қазақстаннан келген Максим Скоробогатов, Түркістан облысынан Халық Ғалымат және Қарағанды облысының өкілі Ислам Кушенов иеленді. Екінші орынға Алматы облысынан келген Алсу Ұлуханова және Атырау облысынан Дильназ Ежірова ие болды. Алматы қаласының атынан өнер көрсеткен жас финалист София Балғазина бірінші орынды қанжығасына байлады.

Ал «Бала дауысының» VII маусымының Гран-при жүлдесін иеленген Ырысгүл Қазақ ұлттық өнер университетінің дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің грантына ие болып, Гонконгте орналасқан ертегі Диснейлендке ұмытылмас саяхатқа жолдама алды.

Жас әнші – халықаралық түрлі өнер байқауларында топ жарып, маңдайлары жарқырап жүрген қазақ елінің өнерпаз оқушыларының бірі. Оған Ырысгүлдің бұған дейін бауырлас түрік еліндегі Стамбұл маңында ІІ Түркия-Айбалық Халықаралық би және музыка фестиваліне алаш жұртының қырық шақты өнерлі балалар арасынан оза шауып, І орын иеленгені дәлел. Жас өнерпазға сонымен бірге Гүржістанның Батуми қаласындағы «ArtBatumi» жолдамасы бұйырды.

Мақалада: СЕМЕЙЛІК ЖАС ӘНШІ – «БАЛА ДАУЫСЫ» ЖЕҢІМПАЗЫ!

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

15 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

15 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

15 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

15 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС