"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨҢІРЛЕРДЕГІ АХУАЛ БАҚЫЛАУДА

27.09.2022
ӨҢІРЛЕРДЕГІ АХУАЛ БАҚЫЛАУДА
26
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен апта соңында ШҚО әкімі Даниал Ахметов бірқатар маңызды әлеуметтік мәселелер талқыланған кеңес өткізді. Облыс басшысы сондай-ақ Күршім, Ұлан аудандарына іссапармен барып, құрылыс жұмыстары жүріп жатқан әлеуметтік маңызағды нысандарды аралады.

Жиында алдымен көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін тұрғын үй құрылысын жалғастыру жайы сөз болды.

Даниал Ахметов Зайсан ауданында 20, Күршім ауданында 14, Катонқарағай ауданында 5 үй тұрғызылатынын айтып, әкімдерге баспаналардың қашан және қандай отбасылар үшін салынатыны туралы нақты жоспар құруды тапсырды. Сонымен қатар ауылдарда пайдаланылмай тұрған үйлерді сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қолданысқа беруді ұсынды.

— Тағы бір маңызды мәселе — ауылдық елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету. 126 ауылда ғаламторға қосылуда мәселелер бар. Сондықтан біз ауылдарда орнатылатын антенна-діңгек құрылыстарының типтік жобасын әзірледік,- деді Д.Ахметов.

ШҚО басшысы дене шынықтыру-спорт кешендерінің құрылысына да тоқталып өтті.

— Тұрғындар саны үш мыңға жетпейтін ауылдарда, Айыртау ауылындағыдай, типтік жоба құратын боламыз. Ал үш мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердегі жобалар Таврия ауылындағы спорттық нысанға ұқсас болады. 50, 100, 320, 600 және 1200 орынға арналған мектептер бойынша бізде үлгілік жобалар әзірленді және қажет болған жағдайда оларды пайдаланатын боламыз,- деп атап өтті облыс әкімі.

Кеңесте қаралған тағы бір маңызды мәселе — аймақтың жылу беру маусымына дайындығы. 1 қазанға дейін барлық әлеуметтік нысандар жылуға қосылады. Тұрғын үйлерде дайындық төлқұжаттары да бар.

— Теміржол тұйықтарында дүрлікпе жоқ. Біз отын сатудың тағы екі пунктін аштық. Барлық қазандықтар маусымға дайын. Риддердегі жағдай аздап алаңдаушылық туғызды, бірақ ЖЭО басшылары станцияны жөндеу аяқталуда деп сендіреді. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұру бойынша мониторингтік топтар өз жұмысын жалғастырады, себебі олар өз тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін қайта жандандыру қажет, онда халық өнімді тікелей өндірушілерден сатып ала алады,- деді Д.Ахметов.

Сонымен қатар өткен аптада Даниал Ахметов Күршім мен Ұлан аудандарына жұмыс сапарымен барып қайтты. Облыс әкімі Күршім ауданындағы Марқакөл және Ұрынхай ауылдарының тұрғындармен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады. Ауыл мектебіне заманауи құрал-жабдықтар алу үшін «Қазақстан халқына» қорынан қаржы бөлінгені халық үшін өте маңызды екенін айтты.

— Марқакөл шекаралас аймақтарды дамыту бағдарламасына енді, сондықтан бұл ауылға ерекше көңіл бөлінуде. Қараша айының соңына дейін ауылда заманауи спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. Жергілікті аурухана құрал-жабдықтармен жабдықталған, кадр мәселесі жақын арада шешілуі керек, – деді Даниал Ахметов.

Ал Ұрынхай ауылында қараша айынан бастап жаңа мектеп қолданысқа берілмек. Оқушылар екінші тоқсаннан бастап білім алуды жаңа мектепте жалғастырады. Ауылда туризмді дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар.

— Үш жыл ішінде жол жөндеуге 305 млн теңге бөлдік, бұл жұмыс жалғасады. Мені ауыл тұрғындарының туризмді дамытуға көп көңіл бөлетіні қуантты. Көпшілігі қонақ үйлерін салып жатыр. Қазірдің өзінде бес қонақ үй құрылысының жобасы бар. Ал біз өз тарапымыздан мұндай кәсіп ашуға грант бөлуге дайынбыз, — деді ШҚО әкімі.

Иә, Шығыс Қазақстан облысында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Осы орайда айта кетейік, жуырда Өскемен – Бұқтырма – Зайсан бағыты бойынша моторлы кемелер іске қосылмақ. Ертіс бойымен автобустармен саяхат ұйымдастыратын «БелАлекс» компаниясы енді Өскемен – Бұқтырма – Зайсан бағытында турлар ұйымдастыру үшін круиздік кемелер сатып алмақшы. Бұл орайда қала әкімі Жақсылық Омар өз тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтады.  Өңірдегі су туризмін дамыту идеясының авторы — BelAlex жобасының негізін қалаушы Олег Белов.

— Бір кездері бұл бағытта кемелер жүзетін және ол жоғары сұранысқа ие болды. Қазір бізде шағын круиздік кеме қайта жөндеуден өтіп жатыр. Егер бәрі ойдағыдай болса, 2023 жылдың жазында біз круиздік маршруттарды іске қосамыз. Қазір өз қаражатымызға жұмыс істеп жатырмыз. Әкімдік тарапынан қолдау болса, жақсы болар еді. Бизнес-жоспардың екінші бөлігі бойынша кемінде 86 орындық кемелерді сатып алу көзделуде, олар Қиын-Керіш пен Шекелмес мүйісіне қатынайтын он күнге созылатын круиздерге шығады,- дейді Олег Белов.

Ұлан ауданына сапары барысында ШҚО басшысы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Қараша айында өңірдегі Қ.Қайсенов кентінде 40 пәтерлік екі үй пайдалануға берілмек. Қазір құрылысшылар әрлеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Аулаларда балалар кешендері, тұрақ орындары орнатылады. Кентте сонымен қатар 320 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Желтоқсан айында нысанды тапсыру жоспарланып отыр.

— Өкінішке қарай, құрылысшылар жұмысты созуда, сондықтан мен құрылыс басқармасына және аудан әкіміне осы маңызды нысанды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырдым. Нысанды тапсыру мерзімін бұзбау үшін қосымша мамандарды тарту қажет. Сондай-ақ қазірдің өзінде аудан әкімдігі үйлер мен басқа да нысандардың құрылысын ескере отырып, кент қазандығының мүмкіндіктерін есептеуі тиіс,- деді Д.Ахметов.

Ал Айыртау кентінде дене шынықтыру-спорт кешенінің құрылысы аяқталуда. Мұндағы жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. Кешен ауласында балалар және спорт алаңдары орнатылмақ.  Даниал Кенжетайұлы аталмыш жоба негізінде осындай спорт нысандары шағын ауылдарда да салынатынын айтты. Таврия ауылындағы дене шынықтыру-спорт кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын.

— Ең бастысы, ол мектеп пен стадионның жанында орналасқан, бұл ауыл тұрғындарына спортпен шұғылдануға ғана емес, сонымен қатар спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Стадионның өзі мектеп иелігінде. Қазір оның жабынын жөндеуге смета дайындалуда. Алайда мектеп әкімшілігі стадиондағы спорт ғимараттарын қадағалап, оларды талапқа сай ұстауы керек. Жалпы, мен аудан әкімдігіне жергілікті мәдениет үйін, мектеп пен аурухананы жылытатын қазандықтың қуатын арттыру бойынша жоба дайындауды тапсырдым. Қазір бұл нысандар электрмен жабдықталуда,- деді Д.Ахметов.

Аудандардың жай-күйі аймақ басшысы Д.Ахметовтің бақылауында. Алдағы күндері де әкімнің іссапарлары жалғаса бермек.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Мақалада: ӨҢІРЛЕРДЕГІ АХУАЛ БАҚЫЛАУДА

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

20 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

20 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС