"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Қазағымызды жарылқап алайық»: Елімізге ағылған ресейліктерге жан ұшыра көмектескен қазақстандықтардың әрекеті қызу талқыға түсті

29.08.2022
«Қазағымызды жарылқап алайық»: Елімізге ағылған ресейліктерге жан ұшыра көмектескен қазақстандықтардың әрекеті қызу талқыға түсті

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин мобилизация туралы мәлімдемесінен кейін ресейліктер шетелге үдере көше бастады. Ішкі істер министрлігінің мәлімметінше, сол кезден бастап Қазақстанға 98 мыңға жуық ресейлік келген. Қиын жағдайға тап болған көршілерге отандастарымыз барынша көмектесіп, тамақ пен пана ұсынып жатты. Алайда мұндай көмекті сынап, шектен тыс жағымпаздыққа теңегендер де табылды, — деп хабарлады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстанға жаппай ағыла бастаған ресейліктер туралы халықтың пікірі екіге қақ айырылды. Біреулер қонақжайлығымызды көрсетіп, басына күн туған көршілерімізге көмектесу қажет десе, басқалары оларға көмектескенше өзіміздің отандастарымызды жарылқап алайық десті.

Мәселен, Typical Uralsk Instagram парақшасында жарияланған Шынар есімді оралдық әйелге жіберілген аудиожазба желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Еріктілердің іс-әрекетіне қатысты таңданысын жасыра алмаған әйел жазбасында олардың  ресейліктерге үй жабдықтарын, тіпті шылымға дейін таратып жатқанын сөз етті.

«Оралдық еріктілер естерінен айырылды-ау. Қайырымдылықтары шектен асты, аяқ-қолы сау ер азаматтарды сұмдық жарылқауда. Еріктілер тобына ресейліктерге ыдыс жуатын шүберек, сабын керек деп жазыпты. Не масқара? Дүкендерде «Ресейліктерге жеңілдік» деп жазылған» – дейді Орал тұрғыны аудиожазбада.

Әйелдің бұл сөзі үшін оны айыптағандар да табылыпты.

“Ресейге ешкім басып кірген жоқ, ешкім ол жаққа бомба тастамады, ендеше не үшін көмектесіп жатсыздар? Қазақтар, өзіміздің тұрғындарға көмектесейік» деп жазғаным үшін қарсы пікір айтып, мені айыптай бастады. Қалада қаншама халық баспанасыз жүр. Қанша адам шалшық үйлерде, сарайларда тұрып жатыр. Ата-аналары киім алып бере алмағандықтан кейбір балалар мектепке бара алмай жүр.

Кезінде көп балалы аналарға көмек беру керек дегенде, көпшілігі «баланы ойланып, жоспарлап тусын, туса, өздері үшін туады» деп айыптауға дайын тұрды. Сонда өзіміздің қазақ бауырымызға көмектесу қиын екен де, үйі-жағдайы келісті ресейлікке тегін тамақ тарату оңай болып отыр ма? Қазағым, әуелі өзімізді жарылқап алайықшы”, – дейді әйел.

Жазба астында желі қолданушылары оның айтқандарын қостап, жарыса пікір қалдырып жатты.

“Пандемия кезінде шекарадан Оралға дейін жету үшін такси жүргізушілері қымбат сұрап, бағаны көтерген еді. Сол кезде балаларымызды тасымалдауға ешкім көлік жалдап, автобустарды ұйымдастырған жоқ! Неге сол кезде ешкім қол ұшын созбады? Сол кезде ұяттары қайда қалды?” – деді тұрғындардың бірі.

«Олардың жағдайы жақсы. 1 рубль 8 теңгеден айналады. Сондықтан мұндағы баға бізге қымбат боп көрінгенімен, олар үшін арзан. Ресейден келгендерде темекі сатып алатын ақша жоқ деп ойламаңыздар. Олардың көпшілігінің онлайн жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Еріктілер көмектесіп, қонақжайлылығын көрсеткен болар. Бірақ олардың алдында құрдай жорғалаудың қажеті жоқ», – деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Танымал тамада, шоумен Мұхтар Өтесов те еріктілердің шектен шығып кеткенін айтып, жазба қалдырды.

«Аяқ-қолы балғадай, менен де ірі айдаладағы жігіттерді асырап жатырсыңдар ғой. Олар босқын емес, қашқындар. Ресейдегі ата-аналары оларға ақша жіберіп отыр. Қанша баспанасыз жүрген көпбалалы аналар, жағдайы төмен мүгедектер бар, соларға көмектес, өз қазағыңды жарылқа!» — деп жазды шоумен.

Жоғарыда айтылған пікірлермен келіскендердің қатарында исламтанушы Елиза Нұрахыман болды. Кедей адам ұшаққа билет ала алмайды деген ол отандастарымызды далада түнеп жүрген студенттерге көмектесуге шақырды.

“Мәскеу-Алматы билет құнын көрсеңіздер, мұны қарапайым адам сатып ала алмайды, ал бұлар миллион теңгеге билетке ақша қиып жатыр. Одан да расымен мұқтаждарға, мысалы студенттерге көмектесейік. Көшеде ресейліктер емес, қазақ студенттері түнеп жүр. Пәтерді ресейліктерге береміз деп оларды қуып жатыр. Шетелдіктер Қазақстан арқылы дамыған елдерге кетпекші. Сосын елі тынышталғанда, Ресейге қайтады. Ал мына жастар – болашақтың адамдары, ертеңіміз» – деп пікірімен бөлісті ол.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін оралдық еріктілер теміржол вокзалында өзге ел азаматтарына тамақтану орындарын ұйымдастырып, тегін тамақ таратқаны жайлы айтылған еді. Кейіннен мобилизациядан қашқандарға оралдық кәсіпкер кинотеатрда түнеуге рұқсат бергені де жазылды.

Мақалада: "Қазағымызды жарылқап алайық": Елімізге ағылған ресейліктерге жан ұшыра көмектескен қазақстандықтардың әрекеті қызу талқыға түсті

Ұқсас жаңалықтар

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

18.11.2026
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістерді төмендету және жасыру фактілерін анықтау, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындау...

Толығырақ...Details

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

18.11.2026
Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

Қазақстанда ғылыми әлеуетті нығайтуға, зерттеу инфрақұрылымын дамытуға және отандық ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізуге бағытталған ауқымды өзгерістер жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 часа бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 часа бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 часа бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

23 часа бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

23 часа бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

24 часа бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

1 день бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

1 день бұрын

Балалардың интернеттегі қауіпсіздігі және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнама жетілдірілуде

1 день бұрын

Абай облысында 260 ауыл интернетпен қамтылған

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС