"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Айнұр Тұрсынбаева: Күйеуімнің мінезі жаман, таяқ жеп қалам ба деп қорқамын

30.08.2022
Айнұр Тұрсынбаева: Күйеуімнің мінезі жаман, таяқ жеп қалам ба деп қорқамын
2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева бүгінде қыз-келіншектерге ақылы дәріс жүргізіп, психологиялық кеңесін айтып жүр. Әлеуметтік желі арқылы оқырмандарымен жақын байланыста. Бұл жолы айтыскер күйеуі екеуінің ара қатынасы мен мінезі жайлы айтты.

Айнұр Тұрсынбаева әртүрлі тақырыпта дәріс жүргізіп, көмек сұрағандарға кеңесін айтады. Жеке өмірін мысалға келтіре отырып, өзгенің проблемасын шешуге тырысады.  Айтыскер ажырасу, әйелдің жаман мінезі, күйеумен арадағы жанжал мәселесін айтты.

«Мен ажырасқан соң Алладан дұға тіледім. Кешірім сұрадым. Мен өте көп күнә жасаған адаммын. Мен ашуланғанда тіліме ие бола алмайтын адаммын. Менің аузымнан ақ ит кіріп, көк ит шығады. Өте сабырсыз адаммын. Ешкімнің сөзін көтере алмадым. Маған сын айтса, өзіне жауап айтуға дайын тұратынмын. Күйеуімнен жеңілмеуге тырыстым. Сол мінезім үшін, сабырсыздығым үшін кешірім сұрадым», — деді Тұрсынбаева ханым.

Айтыскер ажырасқан әйел қайта тұрмысқа шығар алдында өзін өзгерту керек деген кеңесін айтты.

«Әйел не себепті ажырастым деп өзіне сұрақ қойсын. Сізге неге жаман күйеу жолықты? Неге күйеуіңіз ішімдік ішіп кетті? Сіз қай жерде қателестіңіз? Өзіңізді өзгертіңіз. Мінезіңізді жақсартыңыз. Сабырлы болыңыз. Бұрынғы қателіктер қайталанбасын. Мен Алладан кешірім сұрай отыра жақсы күйеу жолықтыршы деп дұға еттім. Сабырлы болуды үйрендім. Күйеуімдікі дұрыс емес болса да, үндемейтін болдым. Аузымды жауып алып отырамын. Басқа бөлмеге кіріп, есікті жауып аламын. Себебі жаман сөз айтып қоям ба деп қорқам. Егер ішіме сыймай бара жатса, смс-пен жазып жіберемін де, ашуым тарқағанда өшіріп тастаймын. Мен ашуды осылай жеңемін. Барлық күнә тілден. Тілді тыю керек», — дейді ол.

Айнұр ханым ұнайтын заттарыңызды күйеуіңізге айтып отыру артық етпейді дейді. Өзі біліп сыйлық сыйламаса, үйретіңіз деп кеңес берді.

«Мен  жолдасыма гүлмен күтіп ал деп айтам. 8 наурыз келгенде маған сыйлық бер деп айтам. Бірнәрсе қалап тұрсам, соны алып бер деп айтам немесе ақшасын сұрап алып, өзім сатып аламын. Себебі сыйлық жасау керек екенін, гүл сыйлау керек екенін білмейді. Сіз де үйретіңіз», — деді Тұрсынбаева.

Желідегі оқырмандарының бірі бұл пікірмен келіссе, бірі келіспейді.

«Білмей жатса айтқан дұрыс, екінші рет өзі біліп алып беретін болады», «Оны қолдан қуыршақ жасаудың не керегі бар?», «Өз ниетімен бермеген сый сыйлық бола ма?», «Ер адамдар ондай ұсақ-түйекке мән бермейді. Сондықтан білмеуі мүмкін», «Менің күйеуім бәрін айтпай-ақ өзі сыйлайды», — деп жазды олар.

Айтыскердің қазіргі жолдасы Нұржан Иманәлиев Жамбыл облысы Жаңатас қаласының тумасы. 1983 жылғы азамат айтыскерден 6 жас кіші. Бұған дейін Айнұр Тұрсынбаева Шамсат Исабековке тұрмысқа шыққан.

Мақалада: Айнұр Тұрсынбаева: Күйеуімнің мінезі жамантаяқ жеп қалам ба деп қорқамын

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

12 часов бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

12 часов бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

1 день бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

1 день бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС