"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА КӨПІР АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

30.09.2022
ЖАҢА КӨПІР АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданына жаңа әкім тағайындалды. Өңірдің жаңа басшысы Алмат Талғатұлы Ақышевты аудан активіне ШҚО әкімі Даниал Ахметов таныстырды.

— Алмат Ақышев — Күршім ауданының тумасы, басқарушылық тәжірибесі жоғары маман.  Біраз уақыт экономика және туризм саласында қызмет атқарды, облыстық ТҮКШ және энергетика басқармасын басқарды. Алмат Талғатұлын шешілуі тиіс бірқатар экономикалық және әлеуметтік міндеттер күтіп тұр. Ойдағыдай алып шығады деген сенімдемін,- деді облыс әкімі.

ШҚО басшысы сапар аясында аудан орталығындағы әлеуметтік нысандардың жұмысын бақылап, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылыс барысын пысықтап қайтты. Күршім ауылындағы бұрын әскери комиссариат орналасқан мұражай ғимараттарының біріне барған Даниал Кенжетайұлы нысанның сәулеттік келбетін сақтап қалу үшін қайта құруға қаржы бөлінетінін жеткізді.

ШҚО әкімі Күршім аудандық ауруханасына да аялдады.  Мұндағы күрделі жөндеуден өткен хирургиялық бөлімде шетелдік клиникаларда оқыған дәрігерлер жұмыс істейді. Перзентхана бөлімшесінде де жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ана мен балаға жоғары медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бермек.

—  Мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына Марқакөлде дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қысқа мерзімде шешуді тапсырдым. Ауылдағы перзентхана бөлімшесі заманауи жабдықтармен жабдықталған. Босандыру жүйесінде екі маман жетіспейді. Олар үшін біз қысқа мерзімде баспана тұрғызамыз,- деді Д.Ахметов.

Аймақ басшысы сондай-ақ әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ететін қазандыққа барды. Нысан жылу беру маусымына дайын.

Осыдан соң Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының басында болған облыс басшысы мұндағы жұмыс қарқынымен танысып, мамандармен тілдесті.

— Бұл — үш ауданды байланыстыратын бірегей стратегиялық және әлеуметтік нысан. Көпір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша салынуда. Құрылыс екі жағалаудан бірдей басталады және маусымдық ауа райына тәуелді болмас үшін, техникалық көпір іске қосылды, — деді аймақ басшысы.

Даниал Кенжетайұлының айтуынша, мұнда құрылысшылар екі ауысымда жұмыс істейді және олар үшін вахталық кент те жабдықталыпты. Өткелдің берік болуы үшін ең заманауи технологиялар қолданылуда. Көпірдің ұзындығы  1316 метр болса, төсемнің ені 10 метрге жетеді.  Қазіргі уақытта 21 тіректің 9-ы салынып біткен.  Ал тіректің тереңдігі 40 метрден асады. Сондай-ақ көлік айрықтары, су бұру және мал өткізу жолдары қарастырылған. Көпір кеме қатынасына кедергі келтірмейтінін атап өту қажет.
— Қазақстан үшін бірегей құрылыстың салынуы Күршім, Тарбағатай және Зайсан аудандарының логистикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді. Жоба аяқталғаннан кейін паром өткелінің бағасы тауарлардың құнына енгізілмейді. Көпір аудандардың экономикалық және әлеуметтік дамуына, сондай-ақ туризм, өнеркәсіп және кәсіпкерлікке жаңа серпін бермек,- деді Даниал Ахметов.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

1 час бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

1 час бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

1 час бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

22 часа бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

24 часа бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС