"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САЯСИ ТҰҒЫРНАМА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.10.2022
САЯСИ ТҰҒЫРНАМА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыс- тық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті

Мәжіліске AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов, партияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңес және Бюро мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестердің және партиялық бақылау комиссияларының төрағалары, жергілікті атқарушы және өкілетті орган жетекшілері, қоғамдық ұйымдар, жастар бірлестігі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыстық конференцияның күн тәртібінде AMANAT партиясының Саяси тұғырнамасының жобасын талқылау туралы және AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезіне делегаттардың тізімін бекіту мәселесі қаралды. — AMANAT партиясының Саяси платформасы ағымдағы жылдың наурыз айында іске қосылған толық ауқымды партиялық трансформацияның бір бөлігі болып табылады. Платформа Қазақстанның басты қоғамдық күшінің болашаққа деген көзқарасын, даму бағдарларын, қағидаттары мен саяси мақсаттарын қамтиды. Саяси тұғырнаманы талқылауға партиялықтар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, азаматтық белсенділер белсенді қатысты. Платформа бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнамада 40 000-нан астам партия мүшесі өз ұстанымын білдірді, 1 000-нан астам бастама түсті. Біздің міндетіміз – AMANAT партиясының жаңа саяси платформасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету,- деді Даниал Ахметов. Кез келген партияның тұғырнамасы ұйым өкілдері үшін бағыт-бағдар жазылған маңызды құжат болып саналады. Мұнда Президенттің реформаларына да қолдау білдірілген. Партияның облыстық филиа- лының атқарушы хатшысы Әсем Рахметованың айтуынша, бұл – саяси құжаттағы негізгі ерекшелік. – Құжатта әр адамның лайық- ты білім мен қолжетімді дәрі-дәрмек алу құқығына, жеке өмірінің құпиясын қорғауға, жайлы әлеуметтік орта мен сенімді шаңыраққа ие болуына ерекше көңіл бөлінген. Проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары нақты көрсетілген. Осы орайда біздің қоғамдық қабылдауларымыздың жұмысын мысалға келтіруге болады. Олардың жолға қойылған жұмысы партияға солтүстікқазақстандық- тардың мәселелерінен үнемі хабардар болуға мүмкіндік береді, ал өкілетті органдармен орнатылған байланыстардың арқасында мәселелер әлдеқайда жылдам шешіле- ді, — деді Әсем Рахметова. Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаты Владимир Витченко AMANAT партиясы билік пен халық арасындағы көпір екендігін атап өтті. Баяндамасында халық қалаулысы «Дені сау ұлт» бағытына да тоқталып өтті. – Соңғы жылдары өңірімізде көптеген спорт нысаны бой көтерді. Барлығы 200-ден астам нысан — хоккей корттары, футбол алаңда- ры мен жүгіру жолақтары тапсырылыпты. Сондай-ақ биыл “Арт спорт” бағдарламасы іске қосылды. Бұл – біздің партиялық жобамыз. Айта кетейін, қазіргі уақытта шаһарда 3 мыңнан астам бала спорт үйірмелеріне тегін барады, — деді Владимир Витченко өз баяндамасында. Жиын соңында партияның өңір- лік филиалының саяси кеңесінің құрамына 33 адам қабылданды, ал бақылау-тексеру комиссиясының құрамы 5 адаммен толықты.

Талшын ҚАЛИАСҚАР,
«Семей таңы»

Мақалада: САЯСИ ТҰҒЫРНАМА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

15 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

15 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС