"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АСТЫҚ ЭКСПОРТЫ АРТҚАНМЕН…

04.10.2022
АСТЫҚ ЭКСПОРТЫ АРТҚАНМЕН…
15
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазір күзгі жиын-терін науқаны қызған шақ. Ала жаздай бел жазбаған шаруалардың еткен еңбек, төккен терінің, орақ науқанының нәтижесі белгілі болатын уақыт та жақын қалды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің астық түсіміне қатысты биылғы болжамы көңіл қуантарлықтай болғанымен, соңғы уақыттарда ұн бағасының айтарлықтай қымбаттағаны байқалуда.

«Тамыз айында еліміз бойынша ұн бағасы төрт пайызға, ал жылдық есепте бірден 41 пайызға қымбаттады», — деп хабарлайды energyprom.kz сайты.

Сарапшылардың зерттеуіне сүйенсек, жеті айдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда ішкі нарықта ұн сатылымы 21 пайызға төмендеп, экспорт 25 пайызға өскен.

Дәнді дақылдар мен өсімдік ұнынан жасалған ұн, сондай–ақ ұсақ тартылған қоспалар өндірісі биыл қаңтар мен тамыз аралығында екі миллион тонна болған. Бұл былтырмен салыстырғанда 0,5 пайызға аз. Ал одан бір жыл бұрын өндіріс көлемі 3,8 пайызға төмендеген.

Секторда шығарылған өнімнің 1,9 миллион тоннадан астамы бидай немесе суржик ұнына, 138,9 мың тоннасы нан-тоқаш өнімдерін дайындауға арналған қоспаға, 7,4 мың тоннасы ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұнын өндіруге жұмсалған.

Биыл қаңтар мен шілде аралығында отандық компаниялар дәнді дақылдардан ұсақ тартылған ұнға сұранысты 98,9 пайызға, (өткен жылы — 99,6 пайыз) қамтамасыз еткен. Сұраныс бір жылда 1,2 пайызға қысқарған, ал импорт 2,5 есеге, бірақ тек 18,8 мың тоннаға дейін өскен.

Экспорт ағымдағы жылғы қаңтар мен шілде аралығында 935,3 мың тонна болып, 24,9 пайызға артқан, ал ішкі нарықта сатылым көлемі 20,5 пайызға, яғни 757,5 мың тоннаға дейін қысқарған.

Биылғы жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша, ұн бағасы бір айда 4,3 пайызға өскен, бұл — 2011 жылдан бастап ұнның айлық деңгейде қымбаттауының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар 2011 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш биылғы сәуір мен мамырда тіркелген, яғни 7,5 пайыз және 6,8 пайыз болған.

2011 жылдан бастап былтырғы жылға дейін ұн бағасының орташа айлық өсімі 0,8 пайыз болған. Биыл қаңтар мен тамыз аралығында ұн айына орта есеппен төрт пайызға қымбаттаған.

Өңірлер арасында, ағымдағы жылғы тамыздың қорытындысы бойынша, ұн бағасының ең жоғары айлық өсімі Павлодар (12,8 пайызға), Жетісу (12,4 пайызға) және Батыс Қазақстан (11,9 пайызға) облыстарында байқалған. Ал Ақмола (0,3 пайызға), Ақтөбе (0,6 пайызға) және Солтүстік Қазақстан (0,8 пайызға) облыстарында айтарлықтай қымбаттамаған.

Сөз орайында айта кетсек, соңғы жылдар ішінде Қазақстанның астығы дүние жүзінің қырыққа жуық еліне экспортталыпты. Олардың арасында, іргеміздегі Ресей, Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан сынды елдердің нарығын айтпағанда, Еуропаның Италия, Испания, Нидерланды, Финляндия, Швеция, Норвегия сынды мемлекеттері бар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, биылғы қаңтар-мамыр айларында бидай экспорттау бір жарым есеге ұлғайғаны байқалады. Біздің бидайға қызығушылығы жоғары елдердің қатарында Италия, Түркия, Ауғанстан, Өзбекстан бар.

Кербез Дулатқызы,

«Семей таңы»

 

Мақалада: АСТЫҚ ЭКСПОРТЫ АРТҚАНМЕН...

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

19 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

19 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

19 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

19 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС