“Қазгидромет” ауасы ең лас үш қаланы атады, деп хабарлайды Semeytany.kz ақпараттық портпалы “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Сынамалар өткен аптада зерттелді. Синоптиктердің зерттеуі бойынша, ең лас ауамен Астаналықтар дем алады. Мұнда зиянды заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясынан асатын 1300-ден астам жағдай тіркелді. Ең көп жағдай Бабатайұлы көшесінің маңында байқалған
Лас ауа бойынша екінші қала – Қарағанды. Зиянды заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясынан асатын 400-ден көп жағдай орын алды.
Үшінші орында Алматы қаласы.
Ең таза ауа Ақтөбе және Шымкент қаласында екені анықталды.