"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

04.07.2014
ОБЛЫС ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Әр салада атқарылып жат-қан шаруалар жайлы ақпарат таратып, халықты жан-жақты  хабардар етіп отыратын мамандық иелері — журналистер. Өзіндік қиындықтары мен қызығы жеткілікті осынау кәсіп иелеріне құрмет көрсетіп отыру өңірімізде қалыптасқан игі дәстүрлердің бірі. Шілденің екісі күні облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Өскемендегі «Аралдар резиденциясы» мәдени-     демалыс орталығында аймақтың БАҚ өкілдерінің облыстық форумын өткізіп, мерекелерімен құттықтап, қосқан үлестеріне лайықты марапаттарын табыстады.

 

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған кеште Бердібек Мәшбекұлы  Мемлекет басшысының өңірімізге жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар тапсырмалар жүктегенін айта келе, алдағы уақытта да жоспарланған маңызды шаруаларды жүзеге асыруда атқарушы биліктің бұқаралық ақпарат құралдарының көмегіне сүйенетінін жеткізді. Журналист мамандардың әр түрлі саладағы өзекті мәселелерді көтере жүріп, еліміздің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына, кемшіліктердің жойылып, олқылықтардың түзелуіне оң әсерлерін тигізіп келе жатқанын ерекше атап өтті.     

 

{jcomments on}– Халық пен биліктің арасындағы алтын көпірге айналған бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі ерекше. Халық өзінің мұң-мұқтажын  сіздерге айтып, шешілмей жатқан мәселелерін сіздер арқылы шешеді. Еліміздің, облысымыздың экономикасын дамытуда, қоғамның өркендеуінде БАҚ өкілдерінің қосқан үлесі зор. Өйткені, журналистер көтерген сан-салалы мәселелер халқымыздың әл-ауқатын арттыруға, кемшіліктерді жоюға ықпал етеді. Мемлекет басшысы сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалайды, құрметтейді. Біз де Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында биыл он екінші рет БАҚ қызметкерлеріне     облыс әкімінің жүлдесін табыс етіп отырмыз.      Егемендік алған кезден бастап елімізде ақпарат құралдарына еркіндік, сөз бостандығы берілді. Сіздердің жұмыстарыңызға ешқандай шектеу қойылған жоқ. Соның бір дәлелі болар, бүгінгі күні өңірімізде 132 бұқаралық ақпарат құралы, 59 республикалық БАҚ-тың меншікті тілшісі жемісті еңбек етуде. Жалпы, біздер тізе қосып жұмыс істейтін болсақ, халықтың       жағдайы жаман болмайды. Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын, сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, шаңырақтарыңызға құт-береке тілейміз,-деді құттықтау сөзінде өңір басшысы.

 

Мереке иелеріне ақ тілегін арнағаннан кейін Бердібек Сапарбаев аймағымыздың тыныс-тіршілігі жайлы ақпарат таратуда белсенділік танытқан бірқатар мамандар мен БАҚ ұжымдарын облыс әкімінің сыйлығымен марапаттады. Олардың арасында өңір журналис—тикасын дамытуға, жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік—экономикалық реформалар жайлы аймақ жұртшылығын хабардар етіп, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің редакциясы бар. Бердібек Мәшбекұлы форумға қатысқан аталмыш қос басылымның Бас редакторы Риза Молдашеваға арнайы грамота мен бағалы сыйлықты табыстады.

Марапаттау рәсімінен кейін салтанатты кеш әсем ән әуелеген әдемі концертке ұласты.

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

11 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

11 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

15 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС