"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Итемген, Күшік, Тұяқ. Қазақ балаға неге жағымсыз есім қойған?

07.10.2022
Итемген, Күшік, Тұяқ. Қазақ балаға неге жағымсыз есім қойған?
2k
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақ кейде баласына Жаманбай, Тезекбай, Сасықбай деп ат қойған. Мұның өз себебі бар. Қазақ балаға есімді қалай қойғанын Massaget.kz тілшісі баяндайды.

Тұяқ, Башпай, Итемген…

Жаманбай, Тезекбай, Қорлан, Ошақбай, Жаманқұл деген есімді жиі кезіктіреміз. Осындай жағымсыз есім қоюдың да өз себебі бар. Балаға Алланың назары түспесін, тіл-көзден аман жүрсін деген наныммен қояды. Көп жағдайда бала шетінеп кете бергенде осындай есім қойылады.

«Кейде балаға көз сұғы қадалмауы үшін, қайта-қайта сәбиі шетінеп кеткен әйелдердің балаларына Тұяқ, Башпай, Итемген деген сияқты аттарды қойған», — дейді этнограф Болат Бопайұлы.

Итемген, Күшік, Тұяқ. Қазақ балаға неге жағымсыз есім қойған?
Дудин С.М. Қазақстан. 1899 ж.

Бала тіл-көзден аман жүруі үшін оған Итаяқ, Күшік деп те жағымсыз есім қойған. Десе де кейде бала ер жеткенде есімін ауыстырған.

Қазақ қыз туған әйелдің баласына Ұлбосын, Ұлтуған, Жаңылсын деген сынды аттар қояды. Онысы артынан ұл туады деп ырымдағаны.

Балаға есімді бір жасқа толғанда қою

Сондай-ақ, қазақ халқында ертеде жаңа туған сәбиге бірден ат қоймайтын дәстүр болыпты. Алғашқы ерлігін жасағанша бала есімсіз жүрген екен.

«Ертедегі халықта дуализм деген түсінік болды. Балаға кеш ат қою дуализм ұғымынан туындаған. Бұл түсінік бойынша адам өмірден өтсе, қайта туады — солай айналып жүре береді. Қазақ бұрын баласына кемінде бір жасқа дейін ат қоймаған. Себебі бала бұрын дүниеден өткен адамның жалғасы деп сенген. Мысалы, қайтыс болған адамның қырық күндік садақасын береді, ал бала туған соң оны қырқынан шығарады. Сол секілді өлген адамның жылын берсе, бала жасқа толғанда тұсауын кесіп, бұл өмірге өтті деп, есім берген», — дейді филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық.

Итемген, Күшік, Тұяқ. Қазақ балаға неге жағымсыз есім қойған?
Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейінің архивінен

Яғни, баланың бір жасқа дейінгі уақыты — заманауи тілмен айтқанда транзиттік кезең. Көне наным-сенім бойынша осындай дәстүр кеңінен тараған. Ал есім берілгенше баланы есте қалмайтын, елеусіз әр түрлі аттармен шақырған. Себебі, ат қойып меншіктеуге болмайды. Өйткені, тәңірдің қаһарына ұшыраймыз деп қорыққан.

15 жасқа дейін есімсіз жүрген

Балаға есімді кеш беру дәстүрін ежелгі эпостар мен ертегілерден анық байқауға болады. «Оғызнама», «Дадам Қорқыт» секілді  жырларда осы дәстүрдің үлгілері бар. Кей түрік жырларында «бала адам өлтіріп, қан төкпесе ат қойылмайды» деген жазбаларды кездестіруге болады. Сондай жырлардың бірінде жауды өлтіріп, ешқандай ерлік жасамаған Бәмсі Байрақ 15 жасқа дейін атсыз жүрген.

Тағы бір мысал «Бұқаш батыр» жырында бар. Мұнда бас кейіпкерге алты жасына дейін ат берілмеген. Бірде балалар ойнап жүргенде біреудің байлаудан босап кеткен жабайы бұқасы оларға шабуыл жасаған. Сол кезде бәрі қашып кетеді. Тек бір бала бұқаны тұмсығынан ұрып өлтіреді. Осы ерлігінен соң оны бәрі «Бұқаны жыққан батыр — Бұқаш» деп атаған. Содан кейін Бұқаш батыр атанып кетеді.  Бәріне таныс Алпамыс батыр да алып қарсыласын жеңіп, өз күшін көрсеткен соң осындай ат қалған.

Алмасбек Әбсадықтың айтуынша, қазақтың өз батырларына ерліктері үшін ат беруі осы дәстүрден қалған. Мысалы, Ерасыл деген жасөспірім жігіт жылқыға шапқан жабайы қабанды өлтіріп тастаған. Сол кезде халық оны Қабанбай батыр деп атап кеткен. Ал оның кейін қазақтың танымал батырына айналғанын бәрі біледі.

Е.Төлеш

Мақалада: Қазақ балаға неге жағымсыз есім қойған?

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

5 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

5 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

5 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

5 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС