"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛ ЖАҒДАЙЫМЕН ЕТЕНЕ ТАНЫСТЫ

21.07.2014
ЕЛ ЖАҒДАЙЫМЕН ЕТЕНЕ ТАНЫСТЫ
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі күні Семей қаласына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Әмірхан Рақымжанов арнайы іссапармен келді. Халық қалаулысы Семей өңірінің әлеуметтік – экономикалық дамуына,  ауылшаруашылығы саласындағы кешенді  жобалардың іске асу барысымен танысып, ауылдағы ағайынның әлеуметтік әлеуетін де бағамдады. Семейде атқарылып жатқан ауқымды істермен депутатты қала басшысы Айбек Кәрімов таныстырды. Түстен кейін «Нұр Отан» партиясында қоғамдық қабылдау өткізген Әмірхан Мұратбекұлы осы жерде жергілікті кәсіпкерлермен және облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттарымен жүздесті.

Халық қалаулылары қашан да сайлаушыларының сан қырлы мәселелерін биік мінберде көтеруге міндетті. Сол үшін де халық қалаулысы атанып, қауым елдің тілегін, түйткілді, түйіні шешілмеген мәселелерін өз көздерімен көреді. Әлбетте, ол үшін ел аралап, елдің жағдайымен етене танысу керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әмірхан Рақымжанов өзінің  мүмкіндігін мүлт жібермей, туған топырағы Шығыс Қазақстан-ға бет бұруы да осы. Осылайша, Әмірхан Мұратбекұлы Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтің тікелей жетекшілігімен соңғы жылдары атқарыл-ған соны істерге тәнті болды.

— «Нұр Отан» партиясы фракциясының жоспары бойынша біз халықтың жағдайымен таны- суымыз керек. Мен биыл туған өлкеме, Шығыс Қазақстан облысына іс-сапармен келіп, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын, өндірістің дамуын байқадым. Басты мақсатымыз – қарапайым  халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, күрделі мәселелерінің шешім табуына жол ашу,- деді сапарының мақсаты жайлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 

 

{jcomments on}

 

Семей спортында серпіліс бар

Халық қалаулысы Семейдегі сапарын сол жағалауда салынып жатқан, құны – 250 млн. теңге болатын жаңа жоба дене шынықтыру — сауықтыру кешенінен бастады. ҚР Бокс федерациясының қаржыландыруымен өткен жылдың жазында басталған спорт нысаны семейліктерге бокс, күрес, таэквондо және ауыр атлетикамен айналысуға мүмкіндік береді. Жоспарға сәйкес, спорт залдарымен қоса, мұнда шағын футбол алаңы, үш жолақты жүгіру жолы болады. Сонымен қатар, заманауи жаттығу құралдарын орнату да   ескерілген.   Сондай-ақ, ғимараттың жобасында оңалту орталығы да кіріктірілген.

Құрылыс қарқыны қалыпты жүріп, аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстарымен спорттық нысандар салуға маманданған астаналық мердігер мекеме «БАЙ Прок-сима» ЖШС айналысуда. Мердігер мекеменің атқарушы директоры Талғат Соғынаев халық қалаулысына бір жылға жоспарланған жұмыстың тоқсан пайыздан астамы еңсерілгенін мәлімдеді. Әмірхан Рақымжанов мұндай спорт кешенінің салынуы, біріншіден, жас спортшылардың шыңдалуына жағдай жасаса,    екіншіден, әлеуметтің әлеуетінің артқандығының көрінісі екендігін атап өтті.

 

Ауылы бар ажарлы

Спорт нысанының құрылыс жұмысына қаныққан Әмірхан Мұратбекұлы шаһарға жақын орналасқан Приречный ауылдық округіне ат басын тіреді. Түтіні түзу, бірлігі бекем ауылдың ажары айшықталып, бұл күнде  «Үлгілі ауылдық округ» атанған. Мың жарымға тарта тұрғынның мекені болған Приречный ауылы, әсіресе, ауылшаруашылығы саласымен мақтана алады.

— Халықтың әлеуметтік әле-уеті артып келеді. Жаңа отбасылық дәрігерлік амбулатория халық игілігіне берілді. Мәде-ниет, өнер саласы да өркен  жаюда. Бір қуантарлығы бұрын тірек ауылы болсақ, биылғы жылы «Үлгілі ауылдық округ» атандық. Әрмен қарай да ауылды көркейте бермекпіз. Бес    жылға арналған жоспарымыз бар. Жоспар жүзеге асса, бес жыл ішінде  мәдениет үйі, спорт алаңдарын қолға алып, көшелерді жарықтандырамыз,- дейді ауылдық округ әкімі Қабылқақ Ченгелбаев.

Ауыл әкімінің айтуынша, халықтың барлығы дерлік жұмыспен қамтылған. Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қатар қанат жайған ауылда        52 шаруа қожалығы бар. Оның оннан астамы жермен айналысса, қалғаны мал шаруашылығын меңгерген. Барлығы да мемлекет тарапынан қолдауға ие. Қабылқақ Қабдыкешұлы мемлекеттік бағдарламалар аясында  57 млн. теңге несие алып, өз кәсібінен нәсіп тауып отырған қожалықтар жайлы да айтып өтті.

Әмірхан Мұратбекұлы осы жерде «Приречное Агрофирма» ЖШС-нің жұмысымен танысып, егістік алқаптарын аралады.  Агрофирма бірнеше бағыт бо-йынша жұмыс жасайды. Көкөніс, егін егуден бөлек, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды да кешенді түрде жүргізуде. Агрофирманың таза әрі табиғи көкөніс өнімдерімен тек қана Семей өңірін емес, Өскемен мен көршілес Павлодар облысын да қамтуға қауқарлы.

Агрофирма директоры Мұхит Тұмабаевтың айтуынша, биыл-ғы жылы да өнім түсімі ойдағыдай болады деген сенімі бар.

— Агрофирманың көкөніс және ет — сүт өнімдерімен қаланы қамтамасыз ете алуы, бағаның тұрақтылығын сақтап тұруы тұрғысында жергілікті әкімдіктің оңтайлы шешімі деп білемін. Біз әрдайым халыққа қолжетімді және сапалы өнім ұсынуымыз керек,- деді осы жерде Мәжіліс депутаты.

Әмірхан Рақымжанов өзге өңірлермен салыстырғанда жері құнарлы, шөбі шүйгін Шығыс  жерінде кәсіптің қандай түрін қолға алса да, өркендетуге болатындығына тоқталды. Сонымен қатар, Семей шаһарында шағын және орта бизнестің қарқын алып келе жатқандығын ескеріп, бизнес бар жерде кемел болашақтың да болатындығын ерекше атап өтті. Халық қалаулысы қаланың жан – жақты дамуы мен келбетіне де айрықша тоқталып, Семейде серпін бар екендігін, өркендеуде өзіндік даму жолын қалыптастырған шаһар ретінде бағаланатындығын жеткізді.

— Мен шет мемлекеттерге жиі шығамын. Барған жерімнің даму қарқынын үнемі елімізбен са-лыстырамын. Көптеген мемлекеттердің, әсіресе, бұрынғы ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасы даму тұрғысынан  көш ілгері. Бұл әлбетте, Ұлт Көшбасшысы Н.Назабаевтың ерен еңбегі мен қажыр-қайратының нәтижесі, — дейді Әмірхан Рақымжанов.

 

Қоғамдық қабылдау — халық пен билік арасындағы алтын көпір

 

Халық қалаулысы түстен кейін «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.  Бұл күнде халықтың партиясына айналған «Нұр Отан» кез – келген тұрғынның талап-тілегін, арыз- шағымын жерде қалдырған емес. Мәселенің дер кезінде және тиянақты реттелуіне тікелей бастамашы партия жұмысына халық қашан да арқа сүйеп келеді. Сондықтан болар, қоғамдық қабылдауға өздерінің әртүрлі өтініштерін айта келген тұрғындардың қарасы көп. Сөз басында айтқандай, жеке өтінішімен партия кеңсесінің табалдырығын аттаған азаматтардың мәселесі уақытылы орындалуы үшін әр салаға жауапты, құзырлы мекемелердің өкілдері де жиналды. Қоғамдық қабылдауда қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, прокуратура және көші-қон полициясы, БАҚ өкілдерінің қатысуы қоғамдық қабылдаудың ашық әрі жариялы түрде өтетіндігін айқындап тұрғандай.  

Қабылдауда жұртшылық тарапынан бірқатар ауқымды мәселелер сөз қозғалды. Атап айтқанда, өңір тұрғындары жер учаскесіне шығарған сот шешімімен келіспеу, Семей сынақ полигонынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау, Қазақстан азаматтығын алу, құқық қорғау органдары     тарапынан заңсыз тексеру сынды бірқатар мәселелер көтерілді.

Әмірхан Мұратбекұлының қоғамдық қабылдауына алғашқылардың бірі болып қатысқан Борис Соседов көршілес Ресей азаматы болғандықтан, қажетті ем шараларын ала алмай жүргенін айтып, көмек сұрады.

– Мен, Қарулы күштер ардагерімін. Бір елден екінші елдің азаматтығына өту ұзаққа созылады. Ал, менің азаматтықты күтуге денсаулығым келмейді. Тез арада дәрігерлік тексеруден өтуім қажет. Алайда, қазіргі уақытта мені бірде — бір емдеу мекемесі қабылдамайды, — деген Борис  Андреевич Мәжіліс депутатынан мәселені шешіп беруін өтінді.

Халық қалаулысы ШҚО-ны аралап, ел ортасында жүргенінде осыған ұқсас мәселелердің көтерілгенін атап өтті. Алдағы уақытта бұл сұрақтың мән-жа-йын тиісті министрліктен анықтайтынын жеткізді. Бұл орайда ШҚО Ден-саулық сақтау басқармасы Семей өңірі бойынша бас маманы Светлана Вакуленко тегін медициналық көмек тек Қазақстан азаматтары мен оралмандарға ғана  берілетінін атап өтті.

— Қазақстан азаматтығын алмаған азаматтарға шұғыл жағдайларда ғана тегін медициналық көмек көрсетіледі. Жоспарлы медициналық тексеріс тек ақылы негізде жүргізіледі. Бүгінгі күні барлық құқықтық актілер осындай болып отыр, — деді С.Вакуленко.

 

Көтерген сауалдың негізді екенін айтқан Мәжіліс депутаты осы жағдайда Борис Андреевичке нақты көмек қолын созу қажеттігін жеткізді.

Халық қалаулысының қоғамдық қабылдауына келгендердің қатарында қала тұрғыны Юрий Титаев та бар. Ол Семей сынақ полигонынан зардап шеккендердің әлеуметтік қорғалуы жөнінде өз пікірін білдірді.       Айтуынша,      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау   туралы Заңға өзгерістер қажет. Нақты айтқанда сол заңдағы науқастар тізімі дұрыс көрсетілмеген. Мәжіліс депутаты Әмірхан Мұратбекұлы бұл ұсынысты жан – жақты саралап, қажет болған жағдайда бастама көтеретінін атап өтті.  Юрий Николаевич сөз соңында тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі тұрғындар үшін айтарлықтай көмек  болып отырғанын ортаға салды. Дегенмен, дәрі-дәрмек алу кей кездері үлкен мәселеге айналып жататынын жасырмады. Ондай жағдай өзінің басынан да өткенін жеткізген қала тұрғыны бұл сырқаттар үшін өте ауыр тиетінін баяндады. Өз кезегінде Светлана Вакуленко дәрі – дәрмектің барлығы Өскемен қаласынан жеткізілетінін түсіндірді.

Халық қалаулысы қала тұрғыны шағымына орай дәрі – дәрмектің уақытылы жеткізілуін  Семей қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы мен қалалық әкімдіктің жіті қадағалауында болатындығын атап өтті.

Әмірхан Рақымжанов осы жерде облыстық және қалалық  мәслихаттың депутаттарымен, кәсіпкерлермен және ауыл әкімдерімен кездесу өткізді. Қала басшысы Айбек Кәрімов Әмірхан Мұратбекұлының ШҚО-ға сапары аясында Семей шаһарының тыныс-тіршілігімен танысқанын атап өтті. Халық қалаулысы өз кезегінде Семей өңірі өзінің     туған жері екендігін айта келіп,  алғашқы іс-сапарын көп ойланбастан Шығыс өңірінен бастауды жөн көргендігін жеткізді.

Мәжіліс депутаты Шығыс Қазақстан облысында  ауылдық жерлерде жергілікті өзін-өзі басқарудың жұмыс істеуінің үлкен оң тәжірибесі бар екенін және экономиканың тұрақты даму үрдісі сақталып отырғанын атап өтті. Бұдан бөлек, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жетіс-тіктерін, алдағы жоспарлар мен жүзеге асырылып жатқан жобаларды, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және ауыл әкімдерінің барлық өкілеттіктерін іске асыру мәселелерін баяндады.

 

 

Осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірген Ертіс ауылдық округінің әкімі Залиха Межекенова жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

—  Ауыл әкімі болғандықтан, тұрғындар өз мәселелерімен бірінші кезекте бізге жүгінеді. Біздің ауылдық округте тоғыз елдімекен бар. Жақында БҰҰ  — ның Даму бағдарламасы бойынша онлайн орталығын аштық. Тұрғындар қала әкіміне тікелей байланысқа шығып, өздерін     толғандырған мәселелерін шешуде, — деген Залиха Межекенова, — Әкімшілік реформа бойынша біздің ауылдық округке былтыр үш бірлік берілген. Бүгінгі күнде арнайы сынақтан өтіп, жұмысқа орналасқан жас мамандарды тәрбиелеудеміз.  Мемлекеттік қызметке деген құлшыныстары басым. Ауылдық округте өзін-өзі басқару жүйесі жақсы қалыптасып келеді. Мәселен, жақында үйі өртеніп кеткен ауыл тұрғынына үй сатып алып беріп, өздерін жұмысқа орналастырдық. Тағы бір үйсіз жүрген жал-ғыз басты анаға ауыл тұрғындары баспана салып берген болатын. Ал Мұқыр ауылында жергілікті тұрғындардың тікелей атсалысуымен саябақ салуды қолға алдық. Осыған қарап, ауыл тұрғындарының береке-бірлігін көруге болады. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы ауыл тұрғындарының пікірлері осындай, — дейді.

Жиын соңында қала әкімі    Айбек Кәрімов  Семей өңіріне жұмыс сапарымен келген  Әмірхан Рақымжановқа ризашылығын білдірді.

 

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

11.08.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Еңбек өтілін растайтын анықтаманы қалай алуға болады? Еңбек өтілін растайтын архивтік анықтаманы келесі жолдармен алуға болады: 1. Еңбек өтілін растау:...

Толығырақ...Details

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

11.08.2026
Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

Абай күні сайлауалды күн тәртібіне мәдени мұра мен қоғамдық бірегейлікті қалыптастыратын құндылықтарға қатысты жаңа мазмұн қосты. Сонымен қатар партиялар тұрғындармен...

Толығырақ...Details

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

11.08.2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бағыты...

Толығырақ...Details

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

11.08.2026
АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселесімен қатар радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де ерекше мән беріліп отыр. Бұл бағытта радиациялық...

Толығырақ...Details

Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

11.08.2026
Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

15-16 тамыз күндері Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «LOTUSFEST-2026» фестивалі өтеді. Былтыр алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге 5 мыңға жуық турист келген....

Толығырақ...Details

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

10.08.2026

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

9 часов бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

10 часов бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

10 часов бұрын

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

11 часов бұрын

Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

11 часов бұрын

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

1 день бұрын

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

2 дня бұрын

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

2 дня бұрын

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС