"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абайдың соңғы күндері

11.10.2022
Абайдың соңғы күндері
55
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда қазақ киноөндірісіне тағы бір фильм қосылды. Жаңа туынды хакім Абай туралы. Жалпы, бұған дейін де ақын туралы бірнеше көркем һәм деректі фильм түсірілген. Бұл да сол данышпан Абайға қол созған кезекті тың туынды. Күні кеше ғана ел астанасында «Абайдың соңғы күндері» деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті. Ойшылдың ақырғы күндері туралы бір сериялы тарихи кино «Хабар» агенттігі» АҚ тапсырысымен түсіріліп отыр.

Ақын өмірінде ұлы Мағауияның қазасы сұмдық ауыр болғанын білеміз. Бауыр еті баласының өлімінен кейінгі ақырғы қырық күнін Абай қалай өткізді? Не күй кешті? Не айтты? Фильм және сценарий авторлары – жазушы-журналист Қанат Тілеухан мен әдебиетші Бағашар Тұрсынбайұлы осы сұрақтарға жауап іздеп, хакімнің соңғы қырық күндегі бейнесі мен рухани ахуалын көрсетеді.

«Біз ақын өмірінің бір кезеңіне ғана тоқталдық. 1904 жылы Балашақпақ жайлауынан Абайдың сүйегі қайтты. Уәсилә Мағауияқызының айтуынша, хакімнің демі Балашақпақтағы Қырықошақ деген жерде үзілген. Осы Қырықошақта болған қайғылы оқиғаға дейінгі ақынның қырық күні фильмде қамтылған. Абайдың данышпан екенін бәріміз білеміз де, қара­пайым адам екенін қаперге ала бермейтін сияқтымыз. Өмірінде жасып көрмеген, ғажайып қайрат, кемел ақыл иесі Оспан, Әбіш қайтыс болғанда қатты күйзелді. Бірақ Мағауия тірі болатын. Бар сүйеніші, үміт артқаны қасында болды. Алайда жасынан жабысқан дерт ақыры Мағашты да алып тынады. Бұл қаза Абай өміріндегі ең ауыр соққы болды. Көрермен қауым ақын бейнесін жаңа қырынан көріп, өмі­рінің соңғы күндеріндегі рухани халін тани түседі деп үміт етеміз», дейді Қанат Тілеухан.

Деректі фильм кейіпкерлерімен құнды болмақ. Олардың бәрі Абай елінде туған, ақын өмірінің шежірелі қатпарларынан хабары бар адамдар. Мысалы, Нәстілек Сәменбетов – Абайдың шәкірті, Уәйіс Шондыбайұлының жиені, Шағжан Иса­баев – әйгілі Бекен Исабаевтың ұлы, ше­жі­реші, Құсман Берлешов – Тәңірберді Құнанбайұлының ұрпағы, Манатай Бал­тақайұлы – Ырғызбай тұқымы. Айта кетейік, фильмнің режиссері – Бекзат Смадияр, продюсері – ақын Серік Қалиев.

«Абайдың соңғы күндері» – «Хабар» агенттігі биылғы жаңа телемаусымда­ кө­рер­­менге ұсынып отырған түрлі жанр­да­ғы жүзге тарта жобаның бірі және бі­ре­гейі. Агенттіктің тапсырысымен атал­ған жобаны қолға алған белгілі журналист, жазушы Қанат Тілеухан бұл туын­ды арқылы бүкіл қазақтың қайғы­сын арқа­лаған ұлы ақынның соңғы 40 күн­дегі ішкі дүниесіндегі арпалысқа, терең күйзеліске негіз болған оқиғалар арқылы үңіледі. Кейіпкерлердің айтуымен кейбір тың деректерді ашып, көрерменге ой салады», деді «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли.

Тың туындыны көрермендер Республика күніне орай «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады.

egemen.kz

Мақалада: Абайдың соңғы күндері

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

2 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

6 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС