"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРГЕНДЕР МЫҚТЫЛАРЫН АНЫҚТАУДА

21.07.2014
МЕРГЕНДЕР МЫҚТЫЛАРЫН АНЫҚТАУДА

«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы базасында ҚР Қарулы Күштерінің сарбаздары мен әскери оқу ордалараның курсанттары арасында табельдік қарумен атудан ел чемпионаты өтті. Ел көлеміндегі әскери сайыс ҚР Қарулы Күштерінің биылғы жылға арналған даярлық жоспарына және ҚР Қарулы Күштерінің әскери-қолданбалы, ойын және ұлттық спорт түрлері бойынша ХІІ Спартакиадасының бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылды.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін чемпионатқа еліміздегі барлық өңірлік әскери  қолбасшылықтардан, әскери оқу орындарынан және жеке әскери бөлімдерден барлығы он төрт команда қатысып, 150-ден астам әскерилер жауынгерлік әзірліктерін шыңдай түсті. Сайысқа қатысушылар алдымен табельдік қарудан, атап айтқанда, «АК» автоматымен мергендіктерін сынап, сондай – ақ,  «Макаров» тапаншасынан нысана көздеуден де сынға түсті.

— Сайыстың мақсаты — ТМД елдерінің әскерилері арасында өтетін чемпионат-қа іріктеу болып отыр. Достастық елдерінің сарбаздары сынға түсетін халық-аралық сайыс алдағы қыркүйек айында Астана қаласында өткізіледі, — деген ҚР Қорғаныс министрлігі Армияшылардың орталық спорт клубының бұқаралық спорт жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, подполковник Мұхтар Берниязов, — Жарыс жыл сайын өткізіліп келеді. Бұдан өзге әскери оқу орындарының курсанттары арасында да осындай сайыстар өткіземіз. Ағымдағы жылы   шамамен он төрт спорт түрінен чемпионаттар өткізу жоспарда бар. Аталған са-йыстардың көбі әскери-қолданбалы спорт түрінен өтеді. Сондай-ақ, қазақ күресі, футбол, волейбол және әскери қоян-қолтық ұрыс түрлерінен жарыстар үздіксіз ұйымдастырылуда, — дейді.

 

{jcomments on}Сонымен қатар, бұл сайыста нәзік жандылар қауымы да өз өнерлерін көрсетті. Чемпионатта әрбір командадан бір-бір әскери аруларымыз шығып, мергендіктерін сынға салды. Ер азаматтарға қарағанда әйелдердің ішінде де құралайды көзге атқан мергендер бар екедігі сайыста анық аңғарылды.

 

Чемпионатта жоғары нәтиже көрсеткендердің бірі «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының жауынгерлік даярлық басқармасының дене дайындық бөлімінің бастығы, майор Үсен Нартаев болды.  Қазақстан Республикасының табельдік қару атудан спорт шебері осындай жарыстарға бірнеше жыл қатарынан қатысып келе жатқанын айтады. Үсен Нартаевтың айтуынша, жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

— Жарысқа «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығынан өзіміздің командамызды алып келдік.  Үш жауынгеріміз қолбасшылықтың намысын қорғауда. Осындай жоғары деңгейде чем-пионат ұйымдастырған ҚР Қорғаныс министрлігі Армияшылардың орталық спорт клубына, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығына алғысымыз зор. Жеке өзімнің көрсеткішіме ризамын. Жатып атудан жеке көрсеткіш бойынша 94 ұпай жинадым. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Өткен жылы командалық көрсеткіш бойынша үшінші орын иеленген едік. Биылғы жа-рыста бірінші орын алуға үмітіміз бар. Өйткені, нәтижеміз өте жақсы, — дейді Үсен Нартаев.

Бір сөзбен айтқанда, чемпионат әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын  насихаттауға бағытталған. Ал, әскерилердің физикалық тұрғыдан мықты болуын ескерсек, бұл ретте спортқа машықтандыруға қажет жағдайлар тек республика құрама командасына кіретін спортшыларға ғана емес, барлық әскери бөлімшелерде жасалған.  Бұл бағытта ҚР Қорғаныс министрлігі Армия-шылардың орталық спорт клубының жылда өткізіп тұратын спартакиадасының алар орыны ерекше.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

10 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

11 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

14 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

14 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

14 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

1 день бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

1 день бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

1 день бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС