"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

13.10.2022
ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ
130
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Құрметті Абай облысының тұрғындары!

Семей — Алаштың жүрегі, рухани астанасы. Барша қазақ ұлты мақтан ететін Ұлылар мекені. Биылғы жылы тарихи әділдік орнап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Семей қаласына облыс орталығы статусы қайта беріліп, Абай облысы болып жаңғырды.
Таяуда Абай облысының орталығы Семей қаласына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмыс сапарымен келіп, Үкіметке Абай облысын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Абай облысын дамыту бойынша кешенді бағдарламалар әзірленеді. Осылайша баршамыздың сүйікті өлкеміз, кіндік қанымыз тамған киелі туған жеріміз, Ұлылар мекені дамудың жаңа кезеңіне қарыштап қадам баспақ.

Осы орайда, Біз – қойнауы қазыналы Қалба тауын мекен еткен киелі Көкпекті өңірінің халқы барша Абай облысының жұртшылығына Үндеу жариялаймыз. Алаштың жүрегі, қазақтың рухани астанасы Семей қаласын дамыту – баршамыздың ортақ парызымыз. Сүйікті қаламызды дамытып, өркендету әрбір азаматтың үлес қосуымен ғана жүзеге асатыны сөзсіз. Осы аталған мүдделерді ескере келе, Семей қаласын дамытуға үлес қосуды нақты істермен, жарқын жобалармен бастауға шақырамыз.

Топырағын түртсең тарихы сөйлеп қоя беретін Толағай тауының баурайын мекендегін Көкпекті ауданының халқы Семей қаласының ұлтымыз үшін орны ерекше тарихи-рухани шахар екенін жақсы біледі. Көкпекті өңірі – батыр бабалар тұлпары тұяғының ізі қалған киелі өлке. Толағайдың түбінде Абылай хан жорық ордасын тігіп, Қаракерей Қабанбай батыр қол бастаған жер. Әулие Бөдес ата руханият ұясын қалаған, Ұлт қайраткері Тана мырза елге тұтқа болып, Кегенбай би сөз бастаған жер. Осындай киелі өлкенің тұрғындары ұлы Абайдың атымен аталған облыстың орталығы Семей қаласын дамытуға сүбелі үлес қосуды қасиетті парыз деп санайды.

Облыс орталығына көрік беретін, Алаш қаласының ажарын ашатын бір нысан салу жобасын Көкпекті ауданы жүзеге асырады. Көкпекті ауданының осы бастамасы басқа аудандар, облыс орталығындағы мекеме мен ұйымдар тарапынан кең қолдау табады деген сенімдеміз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл, ағайын!

Семей қаласын дамытуға Мемлекет тарапынан кешенді жобалар қолға алынды. Алайда әрбір туған жердің патриоты үлес қосқанда ғана Алаштың астанасын Тәуелсіз қазақ елінің көркейген қалалары қатарына қоса аламыз. Біздің әрқайсымыз туған өлкемізді Ұлылар мекені деп мақтан етеміз. Туған жерге іңкәрлік Туған елге сүйіспеншілікпен ұласады. Туған жерге қамқорлық Туған елге жанашырлықпен астасады. Біздің асыл мақсатымыз оның өсіп-өркендеуіне қызмет жасау. Барлық елжанды азаматтарды, жомарт жүрек жандарды, аудандар мен шағын қалаларды, облыс орталығындағы мекеме мен ұйымдарды, оқу орындарын Көкпекті ауданының бастамасына қолдау білдіруге шақырамыз!

Құрметпен,
Көкпекті ауданының мәслихат депутаттары,
Көкпекті ауданының шаруа қожалық басшылары,
Көкпекті ауданының кәсіпкерлері
Көкпекті ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелері
«Көкпекті жастары» жастардың патриоттық қоғамдық бірлестігінің мүшелері

Мақалада: ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

11 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

11 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

11 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

11 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС