"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОБЛЫС ҰСТАЗДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ   

13.10.2022
ОБЛЫС ҰСТАЗДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ   

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мектеп: жеке тұлғаны тәрбиелеу» атты облыстық семинар – практикум басталды. 2 күнге жалғасатын шараға Абай облысының білім басқармасы, қалалар мен аудандық білім бөлімдері мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, кітапханашылар қатысады. Негізгі мақсат – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәрбие жүйесіндегі тәжірибелерді тарату.

— Назарбаев Зияткерлік мектептері жеке тұлғаны тәрбиелеу бағытында түрлі бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырып келе жатыр. Солардың ішінде «100 ән», «100 күй», «100 кітап», «Берік отбасы», «Туған елге тағзым», «Даналық бейсенбі» сынды жобалар мен «Шаңырақ» қауымдастығының атқарып отырған жұмыстары әр оқушыны ел мен жерді сүюге, ұлттық өнер мен құндылықтарды бағалауға, үлкенге құрметпен қарауға тәрбиелейді. Бүгінгі семинар-практикумда ұзақ жылдар бойы жинаған осы тәжірибемізді жаңадан құрылған Абай облысының ұстаздарымен бөлісеміз. Екі жақты тығыз қарым-қатынастың арқасында еліміздің келешегі жастарымызға сапалы білім ғана беріп қоймай, саналы тәрбие беретін болсақ, біздің ұтарымыз көп. Шараға қатысқан әр ұстаз өзіне қажетті, пайдалы ақпаратты меңгеріп, тәжірибеде пайдаланатынына сенімдімін,- дейді Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.

Семинар-практикум барысында білім ошағымыз бен Павлодар, Өскемен қалаларындағы зияткерлік мектеп ұстаздарының түрлі тақырыптарда түрлі пәндермен кіріктірілген сабақтары өтеді.

ОБЛЫС ҰСТАЗДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ   

— Біз тәрбие саласындағы түрлі жобаларымызды қала мектептеріне бұған дейін таныстырып, екі жақты бірлескен жұмыстар жүргізіп жүрміз. Олармен жыл бойы бірнеше мәрте кездесіп, тәжірибе алмасамыз. Енді тәжірибе тарату аумағын кеңейтіп, ауыл мектептерімен де білгенімізді бөлісуді қолға алдық. Семинар-практикумге қатысуға 220-дан астам ұстаз ниет білдірді. Біз бұл семинармен ғана тоқтап қалмаймыз. Жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жүргізіледі,- дейді Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Лариса Абылқасымова.

ОБЛЫС ҰСТАЗДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ   

Семинар-практикумге қатысушылардың бірі — Дархан Мамытханов. Үржар ауданы Мақаншы ауылынан келген жас ұстаз бұл басқосудың пайдалы екенін айтады.

— Әр күні жаңалыққа толы бүгінгі қоғамда бала тәрбиесі ерекше назар аударуды қажет етеді. Осы ретте мектептің де рөлі ерекше. Қазір оқушыға ертеден келе жатқан дәстүрлі оқыту әдістерімен білім беріп, тәрбиелеу мүмкін емес. Жаңаша көзқарас, жаңа бағыт керек. Міне, осы бағытты бүгінгі семинар-тренингтен көріп отырмын. Оқушының азаматтық көзқарасы қалыптасқан, ұлтжанды, патриот болып өсуіне ықпал ететін түрлі жобаларды үйреніп, өз мектебімізде қолданысқа енгізуді жоспарлап отырмын,- дейді Әсет Найманбай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дархан Мамытханов.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар-практикум ауыл мектебі ұстаздарының тәжірибе алмасып, тәрбие саласындағы білімдерін молайтуға септігі тиетін үлкен алаңға айналды.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Мақалада: ОБЛЫС ҰСТАЗДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

14 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

14 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

14 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

1 день бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

1 день бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

1 день бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС