"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстарына неше күн беріледі

17.10.2022
ОСК-ның бірнеше кандидатты тіркеуден бас тартуы заңды ма – Заңгерлер одағы пікір білдірді
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

20 қарашада өтетін президент сайлауына үмкіткер ұсынуға берілген уақыт 11 қазан күні сағат 18.00-де аяқталды. ҚазАқпарат сайлаудың күнтізбелік жоспарына сүйене отырып, саяси науқанның әрі қарай қалай өрбитінін баяндайды.

Үміткер ұсынуға 19 күн берілді

2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қолданыстағы сайлау туралы заңнама бойынша әзірленген.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан сағат 18.00-де аяқталды. Осы кезеңде 5 үміткердің талаптарға сәйкестігі анықталған. Кеше ОСК тағы екі үміткердің ҚР Президенттігіне үміткерге қойылатын талаптарға сәйкес екендігі туралы қаулы қабылдады. Олар – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі үміт артып отырған Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова мен «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Жұматай Әлиев.

Ал, Нұржан Әлтаевтың үміткер ретінде тапсырған құжаттарының төңірегіндегі дау ушығып барады. Президенттікке ұсынды делінген «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп, сотқа жүгінген. Соны алға тартып, Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаевты президент сайлауына кандидат ретінде тіркеуді тоқтату жөнінде шешім қабылдады.

«Біз кандидат тапсырған құжаттарды құзырлы органдарға жіберіп, сәйкестігін анықтадық. Кеше Астана қалалық соты бізге Н. Әлтаевты кандидат ретінде қабылдау туралы хаттаманы уақытша тоқтату туралы ұйғарымын ұсынды. Сол себептен, Орталық сайлау комиссиясы Нұржан Әлтаевты кандидат ретінде тіркеуді уақытша тоқтата тұрады», — деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Қалған 4 үміткердің де Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігі қаралып жатыр.

Ол талаптар мынандай:

— тумысынан Республика азаматы болуға тиіс;

— ҚР аумағында соңғы он бес жыл бойы тұруға тиіс;

— жоғары білім;

— қырық жасқа толған;

— белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс;

— мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға тиіс;

— мемлекеттік тілді еркін меңгеруi тиіс.

Үміткерлерді тіркеуге 29 күн беріледі

Сондай-ақ, кеше ОСК кезектен тыс президент сайлауының үгіт-насихат кезеңіне өткен алғашқы кандидатты тіркеді. Ол – халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жалпы, үміткер ұсынуға ұзын саны 19 күн берілсе, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтауға 29 күн көзделген, яғни бұл шара 21 қазанға дейін жалғасады.

Осы аралықта сайлау заңнамасына сай толық іріктелген кандидаттар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кем дегенде үштен екісінің атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1% қолын жинау қажет. 1 шілдедегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы сайлаушыларының тізіліміне дауыс беру құқығы бар 11 827 277 азаматты енгізген. Осылайша, әр кандидатты қолдау үшін сайлаушылардың 118 273 сенім қолы жиналуы керек.

Ол жиналған қолдардың дұрыстығы да 21 қазанға дейін тексеріліп бітуі керек.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағы бойынша, ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мына құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:

1) қоғамдық бірлестіктің жоғары органының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі мәжілісінің осы қоғамдық бірлестікті Республиканың Әділет министрлігінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген хаттаманың үзіндісі;

2) Президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініш;

3) азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;

4) кандидаттың өмірбаяндық деректері;

4.2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;

6) денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды.

Үгіт-насихат қашан басталады?

Сайлау алдындағы үгіт тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін басталып, 2022 жылғы 22 қазаннан 19 қараша сағат 00-00-ге дейін жалғасады. Бұл процеске берілген 28 күн түгесілген шақта «тыныштық күні» жарияланады – 19 қараша сағат 00.00-ден 20 қараша сағат 00.00-ге дейін.

Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күндік мерзімде (22 қарашадан кешіктірмей) жеткізіледі. Демек, сайлаудың алдын ала қорытындылары 21-22 қараша аралығында жариялануы шарт.

Заңнамада сайлау қорытындыларын белгілеуге және жариялауға, сайланған Президентті тіркеу сайлаудан кейін 10 күннен аспайтын мерзімде көзделген. Бұл жолы сайлау қорытындыларын анықтап, сайланған Президентті тіркеуге 7 күн беріліп отыр – 21.11.2022 ж. – 27.11.2022 ж.

Қорытып айтсақ, кезектен тыс президент сайлауы дауыс беру күнін қоса есептесек, Жарлық жарияланған күннен бастап 60 күннің ішінде өтуі керек. Үміткер ұсыну кезеңі 19 күнге, қолдардың сәйкестігін анықтау, беру, жинау және тексеру 29 күнге, сайлау алдындағы үгіт-насихат 28 күнге, дауыс беру алдындағы «тыныштық күні» 1 күнге, дауыс беру процесі 1 күнге, қорытындыларды белгілеп, сайланған Президентті тіркеу 7 күнге созылады. Ал, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы ақпараттық хабар сайлау өткізілген күннен бастап 10 күннен қалмай, яғни 30 қарашадан кешіктірмей жариялануы керек.

Байқаушылар мен БАҚ өкілдерін аккредиттеу

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша аккредиттейді. Аккредиттеуді өткізу дауыс беру күніне бес күн қалғанда, яғни 2022 жылғы 14 қарашада елорда уақыты бойынша 18.00-де аяқталады.

Сондай-ақ, 1 қарашаға дейін аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын оқытуды аяқтау,

18 қарашаға дейін учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелерін оқыту жоспарланған.

Мақалада: Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстарына неше күн беріледі

Ұқсас жаңалықтар

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

12.08.2026
Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

Колоректальды обыр – қазіргі онкологиядағы өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын Қазақстанда бұл ауру бойынша 4 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС