"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Махаббат жасқа қарамайды»: Танымал актриса Гүлбаһрам Байбосынова жеке өмірі туралы құпияның бетін ашты

18.09.2022
«Махаббат жасқа қарамайды»: Танымал актриса Гүлбаһрам Байбосынова жеке өмірі туралы құпияның бетін ашты
231
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Актриса Гүлбаһрам Байбосынова жақында Instagram желісінде сүйіктісінің суретін жариялап, елді қызықтырып қойды. Ару жүрегін жаулаған азаматтың кім екенін және шығармашылығында қандай жаңалықтар барын Stan.kz тілшісіне баяндады.

– Instagram парақшаңызға сүйіктіңіздің суретін жариялаған екенсіз… 

– Негізі мен жеке өмірімді жарияламаймын. Бірақ көпшілік жеке өмірім туралы көп сұрайды. Сондықтан шет жағасын көрсетіп қояйын дедім. Жігітім бар. Ал той мәселесі әзірге белгісіз. Бірақ жоспарда бар.

– Көбіне өнер адамдары сүйіктілерін көз тиеді, сөз тиеді деп көрсетуге үрейленіп жатады ғой. Сізде мұндай қорқыныш болмады ма?

– Жоқ, ондай қорқыныш жоқ. Алайда тіл-көз деген бар. Бәрін Аллаға аманаттап қойдым. Жігітімді жасырып жүре бергім келмеді. Көпшіліктің білгенін қаладым.

– Жігітіңізбен қалай таныстыңыз?

– Оқырмандардың кейбірі тануы мүмкін. Әсіресе, театрға жиі келетіндерге, өнерді сүйетіндерге таныс адам. Өнерде, театрда бірге жүрген өзімнің әріптесім. Таңнан кешке дейін театрда, одан қалды съемка алаңында жүреміз. Көзімізді ашсақ та, жұмсақ та өнер саласының адамдарымен жолығамыз. Алыстағы емес, өзіміздің ортамыздағы азаматқа таңдауым түсті. Ең бастысы – бақыттымын.

– Жас айырмашылығы қанша?

– Оны айтпаймын. Бұл құпия. Оны кейін айта жатармыз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Байбосынова Гулбаhрам (@gulbakhram_akhat)

– “Махаббат жасқа қарамайды” деген қағидаға қаншалықты сүйенесіз?

– Ол адамға байланысты сияқты. Өйткені бес саусақ бірдей емес. Расында махаббат жасқа қарамайды. Менің болашақ жарым өз парақшасында махаббатты сипаттап, болашақта “Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бен Хадиша анамыздан үлгі алып, бір-бірімізге адал болайық” деген сияқты күшті пост жазды. Менде қыз бен жігіттің арасындағы ең басты дүние ол — сыйластық деп білемін. Сыйластық болса, махаббат та болады. Жалпы өз басым “жігіт үлкен болу керек немесе құрдас болу керек” деген принципке аса мән бермеймін.

– Ел ішінде “театр әртістері қияли болып келеді” деген жорамал бар. Келісесіз бе?

– Бұдан бір жыл бұрын мен бұған келіспейтінмін. Ойнайсың, шығасың, қайдағы қиял деп ойлайтынмын. Алайда шынымен актер деген қиял болады екен. Менің ойымша өнер адамдарының барлығы сондай болады. Қиял деген жаман немесе төмендету мақсатында емес. Өзінің әлемі бар деген сөз. Мысалы, мен спектакль аяқталған соң гримеркада кемінде 10-15 минут отырып қаламын. Жаңағы спектакльды басынан бастап қайтадан миымда, ойымда ойнап шығамын. Образға еніп, соны барынша көрерменге шынайы жеткізу оңай емес. Нағыз актер әр рөлді жүрегімен қабылдап, тұла бойына толық өткізіп, сезінеді. Әйтеуір жүгіріп шығып ойнай салу деген театрда мүмкін емес. Бұл жақта дубль жоқ. Сол себепті де өзгелерге қияли болып көрінетін шығармыз.

– «Рөлдегі оқиғалар актер өмірінде қайталанады» дегенге сенесіз бе?

– Ол жағын мен нақты білмеймін. Дегенмен ой жүйрік қой. “Ой барған жерге қол барады” деген сөз бар. Рөлдегі негативті өз өміріңізге елестетіп көруге болмайды деп ойлаймын. Түпкісанаға жамандықтың сигналы бармау керек.  Жалпы әртүрлі рөлдерді сомдап жатырмыз ғой. Өмірімде ондай болған емес. Болмай-ақ та қойсын.

– Жиі депрессияға берілесіз бе?

– Иә, жиі демесем де болып тұрады. Депрессия деген сөзді көп айтамыз. Негізі ол кәдімгідей ауру. Депрессия созылмалы және жай деген екі түрге бөлінеді. Оны психологтар емес, психосамотик мамандар емдейді. Ал менде кейде “выгороние” болып тұрады. Ешкіммен сөйлескім келмей, ешкімге жауап бергім келмейді. Ештеңе қызық емес. Бұл енді шығармашылық тоқырау, шығармашылық депрессия деп білемін. Актер сахнаға шықпаса, рөл ойнамаса, аш болады. Өзі іздеген рөлдер кездеспейтін немесе тіпті сәті түспей қалатын кез болады. Сол кезде шығармашылық депрессияға тап боламыз. Жеке өміріме байланысты да депрессияға түскен кездерім болған. Біз енді таңнан кешке дейін театрда жүрдік. Жеке өмірге уақыт та болған жоқ. Сол кездері “Қашан менің жігітім болады? Қашан  мен тұрмыс құрамын?” деген сұрақтар іштей мазалайтын. Кәдімгідей уайымға салынып, жатып қалатын кездер болатын. Неше түрлі депрессиядан өттік қой. Аллаға шүкір қазір бәрі жақсы.

– Депрессиядан шығу үшін өзіңіз қандай әдістер қолданасыз?

– Депрессиядан шығу үшін мен психологпен жұмыс жасадым. Тура карантин кезі еді. Ол серік қосу емес. Сұхбаттасамыз, маман сенің минустарыңды айтады. Минустарыңмен жұмыс істеуді үйретеді. Бағыт-бағдар көрсетеді. Өнер адамы іштей сынбауы керек. Ішкі мінез сынса әртіс тез өшеді.

– Психологпен көбіне қаржылай бағытта жұмыс істеп жатады. Өзіңіз осындай бағытта жұмыс істеп көрдіңіз бе?

– Қазір психолог пен коучтар көп. Ақша бағытымен жұмыс істеп жүргендер көп. Себебі адамдардың басты проблемасы мен сұранысы ақшаға тікелей байланысты екенін жақсы біледі. Менің ойымша ол дұрыс емес деп ойлаймын. Кез-келген психологқа баруға болмайды. Мен өзіме психологты ұзақ іздедім. Зерттедім. Психологым 50-ден асқан тәжірбиелі кәсіби психолог маманы. Өзіммен құрдас мамандармен жұмыс істей алмаймын. Бір қызығы қоғамда мынадай “психолог-сымақтар” өте көп. Өзі ажырасады, өзінің мәселелерін шешу үшін психологқа барады. Кейін содан үйренгенін, көргенін айтып, болмаса 2-3 апта курс оқып алып өзін “коуч-психологпын” деп таныстырады. Бұл дұрыс емес қой.

– Сөз соңында сіздің актриса ретінде талаптарыңыз қандай екенін білсек? 

– Мен ашық-шашық, сүйісу, төсектегі сахналарды мүлдем сомдамаймын.

– Ал сіз сұраған гонорарды төлемесе ше…

– Қатып қалған гонорар жоқ. Келісуге болады. Алайда түсірілім барысында біздің энергиямыз, уақытымыз, денсаулығымыз кетеді. 100% рөлді сезініп ойнау үшін мотивациямыз жақсы деңгейде болуы керек және еңбекақымыз да соған сай болу керек. Бұл – біздің жұмысымыз, біздің нанымыз. Неге алмасқа? Әрине, келісетін кез болады. Көңіліне қарап отырамыз. Бір шетінен олай да болмайды. Негізі гонарарға қараймын. Соншалықьы бір керемет қымбат деп айтпаймын. Біздің Қазақстанға келетіндей.

– Ең көп алған гонарарыңыз қанша?

– Нақты есімде жоқ. Бір телехикаядан 5 000 000 тг көлемінде гонорар алдым. Әзірге, сол ең үлкен гонорарым шығар.

Cұхбаттасқан: Жанар Тайырқызы

Мақалада: "Махаббат жасқа қарамайды": Танымал актриса Гүлбаһрам Байбосынова жеке өмірі туралы құпияның бетін ашты

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

18 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

19 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

19 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

19 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС