"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

18.10.2022
БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
41
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жыл сайын 18 қазан күні елімізде Рухани келісім күні аталып өтеді.  Биыл да еліміздің барлық өңірлерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ал Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде жергілікті діни бірлестіктер басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Саяжан КЕРІМБЕКОВА

«Семей таңы»

 

Алқалы жиынға Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж басшылығы, діни бірлестіктердің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы ашып берді.

— Рухани келісім күнін атап өтіп келе жатқанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Осы мерейтойда өздеріңізбен кездесіп отырғанымызға ризашылығымды білдіремін. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңізді, рухани адамгершілік қасиеттеріңіз бен пайым-парасаттарыңызды пайдалана отырып, біз қоғамға өзіміздің жұрнақтай пайдамызды тигізсек, рухани-адамгершілік тұрғысынан қоғамымыздың кемелденуіне күш салсақ, біздің де миссиямыз орындалады деп ойлаймын. Бүгінгі іс-шараны дәл осы қазақ педагогикасының қара шаңырағы, 119 жылдық тарихы бар тұңғыш кәсіби оқу орны, кешегі Мұхтар Әуезов бастаған ұлттың ұлы тұлғаларын қанаттандырған киелі жерде өткізуіміздің үлкен символикалық мәні бар. Бұл, ең алдымен, Абай есімін иеленген облысымыздағы қасиетті қара шаңыраққа, осында білім алған ұлт зиялыларына жасаған тағзым, құрметіміз. Қазіргі таңда қоғамның рухани кемелденуіне жастарға сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие беруімен өз үлесін қосып жатқан білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы аясында біз де қоғамымыздың көшбасшыларын, көптің ішінде өзіндік орны бар азаматтардың басын қосып, кеңес құруымыздың жөні де, жолы да оң деп есептеймін, — деді Айдар Садырбаев.

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Егемендік алғаннан бері бұл күнді ерекше атап өтудегі мақсат —  еліміздегі  18 діни конфессия мен 130-ға жуық ұлт өкілдіренің басын біріктіру, тұрақтылық пен тыныштықты сақтау. Бүгінгі таңда рухани келісім көптеген елдер үшін бірінші кезектегі міндетке айналды. Осы жағдайда Қазақстан ұлттың бірлігіне негізделген тұрақтылықты көрсетіп отыр. Елімізде өмір сүретін этностардың ауызбірлігі мен толеранттылығы егемендігімізді орнықтыру жолындағы күрделі кезеңдерден өтуге жәрдемдесті және әлі күнге дейін ел дамуына үлкен күш-қуат беріп отыр.

— Бұл күннің басты мақсаты – жер бетінде болып жатқан қақтығыстар мен жанжалдарға тосқауыл қою. Осындай түйткілді мәселенің алдын алу үшін елімізде дәстүрлі түрде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өткізіліп келеді. Маңызды мәселелердің түйінін бірлесе шешіп, ізгі бастамалардың ел іргесінде көтерілуі Қазақстанды бейбітшіліксүйгіш, тәуелсіздіктің бағасын білетін мемлекет ретінде дүние жүзіне танытып келеді. Рухани келісім күні негізінде біздің ұлтымызға тән үлкенді сыйлау, отбасыға құрмет, балаларға қамқорлық, татулық, ауызбіршілік, достық сынды ізгі ортақ құндылықтар берік орнады. Халқымыздың татулығы мен бірлігі еліміздің өркендеп, алға басуына негіз бола алды. Осы құндылығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату ел болашағының жарқын болуына кепіл болмақ. Олай болса, барша халықты мейірімділікке, изгілік пен бірлікке үндейтін мереке құтты болсын! — деді Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов.

Жиын барысында дінаралық қатынастар мен рухани келісімді нығайту мәселелері талқыға салынды. Сонымен қатар қаламыздағы діни бірлестіктер мен этномәдени орталықтардың осы бағытта атқарылар шараларға  қосар үлесі мен игі істері сараланып, қаламыздағы рухани тұрақтылық пен келісімнің болашақтағы даму мүмкіндіктері мен жолдары қарастырылды.

Іс-шара соңында Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев діни бірлестіктер басшыларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

16 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

16 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

19 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС