"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

21.10.2022
ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ
21
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 19 қазан күні Семей қаласындағы Жастар мен балалардың шығармашылық сарайында ҚР Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 200-ден аса қызметкері, сала ардагерлері мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Жиналғандар алдымен Абай облысында өртті жою кезінде ерлікпен қаза тапқан Айдос Тоғызбаевты және қызметтік борышын орындау кезінде өз өмірін қиған барлық қызметкерлерді еске алып, олардың рухына тағзым жасау үшін бір минут үнсіздік жарияланды.

ҚР ТЖМ министрі Юрий Ильин салтанатты жиынға қатысушыларды кәсіби мерекемен бейнебайланыс арқылы құттықтады.

Бейбіт күннің батырларын төл мерекелерімен Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Манарбек Шапағатов та құттықтап, азаматтық қорғаныс саласында көп жылдар бойы еңбек еткен ардагерлерге ізгі тілегін білдірді.

— Құрметті әріптестер, мерекеміздің қонақтары мен ардагерлер! Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі биыл 27 жылдығын тойлап отыр. Бұл мерекені біз жаңадан құрылған облысымызда алғаш рет атап өтудеміз. Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жақында ғана құрылғанына қарамастан, төтенше жағдайлардың алдын ала алатынын көрсетті. Осыған дейін облыс көлемінде құтқарушылар дабыл бойынша 1100 рет шығып, 21 адамды құтқарды. Төтенше жағдайлар аймағынан 200-ден астам адам көшірілді. Бүгінде біздің бөлімше өз міндетін тиісті нормативтерге сәйкес орындайды, материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Құтқарушылар, Үкімет пен министрліктің қойылған тапсырмаларына сәйкес, өз міндеттерін орындауға дайын. Бүгінгі мерекелік жиында біз қызмет барысында ерекше батылдық танытқан азаматтардың барлығына алғыс сезімін білдіріп, жұмыстарына табыс тілегіміз келеді, — деді Манарбек Қайыргелдіұлы.

Оның айтуынша, облыстық құтқарушы қызметі тек өрт сөндірушілерді ғана емес, сонымен қатар судан құтқару қызметі, кинологиялық қызмет, апаттар медицинасы орталығының қызметтерін қамтиды. Құтқарушылардың қызмет аясы жан-жақты болғанымен, олардың барлығы бір мақсатқа – адам өмірі мен мүлкін қорғап, төтенше жағдай кезінде орын алған барлық жағымсыз салдарды жоюға бағытталады.

Салтанатты жиында төтенше жағдайлар кезінде ерекше көзге түскен және көп жылдар бойы лайықты  қызмет атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен, Төтенше жағдайлар министрлігінің, облыс басшылығының, Полиция департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.

— Өрт сөндіру мамандығы жоғары біліктілікті және батылдықты қажет етеді. Бұл ретте Құтқарушылар күні қарсаңында Абай облысының орталығы Семей қаласына келіп, марапаттарға ие болып жатырмыз.  «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» төсбелгісімен марапатталуым еңбегімнің еленгені деп білемін. Әрине, әріптестеріміздің батылдықпен қабылдаған әр шешімі, жасаған ерлігі бағаланып жатқаны қуантады. Мен өз мамандығымды мақтан етемін және барша жастарды біздің қатарға қосылуға шақырамын, — дейді №18 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Сырым Заданов.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концертіне ұласты.

Мақалада: ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

11 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

11 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

15 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС