"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«РУХТАСТАР CASES»  ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 

21.10.2022
«РУХТАСТАР CASES»  ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 
18
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Шәкәрім университетінде «AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанатының бастамасымен «Рухтастар cases» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды. Жиынға облыстық мәслихат депутаты Айбек Нұғымаров, жазушы Қуат Қиықбай және студент жастар қатысты. Шараның басты мақсаты – жастарға жетістікке жеткен тұлғаларды насихаттау, білім мен ғылымда озат болуға шақыру.

Талшын ҚАЛИАСҚАР,

«Семей таңы»

— Диалог алаңына әрбір оқу орнының және қаламыздың белсенді жастары келді. Бұл, ең алдымен, жастардың ойын, пікірін тыңдап, Президент Жолдауына байланысты көзқарастарын білу үшін ұйымдастырылған шара, — дейді «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Темірлан Бахтияров.

25 қазан — Республика күніне орай ұйымдастырылған шараның бүгінгі тақырыбы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың соңғы Жолдауына арналды. Диалог алаңында сондай-ақ  ел жастарының бүгіні мен болашағы туралы да сөз болды. Осындай шаралар жастардың өзін еркін сезінуіне, аға буын өкілдерімен байланыс орнатуларына ықпал етеді, оларды әрі қарай жетілуге, алға қадам басуға ынталандыра бермек.

Кездесу барысында танымал жас жазушы Қуат Қиықбай жастарға ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар сілтеді.

— Біз жастармен кездесіп, көкейлерінде жүрген ойларын тыңдағымыз келеді. Біздің жұмысымыз жас буынмен байланысты болғандықтан олардың мәселелеріне де қанықпыз. Тұрғылықты мекенжайының болмауы сынды проблемалар студенттердің білім сапасына әсер ететінін білеміз. Қаламызға алыс-жақыннан әділет іздеп келетіндер де бар. Әділет іздеу дегеніміз — ақиқаттың түпкі астары, білім, ғылымға талпыну, — деді жазушы Қуат Қиықбай.

Кездесуде Семей қаласының тарихы мен өркендеуі туралы да сөз қозғалды. Қатысушылар Абай облысы болып құрылғаннан бергі шаһардағы өзгерістер, әлеуметтік жағдай, тұрғындардың тұрмысы жайында пікірлесіп, өз ойларын бөлісті.

Қуат Қиықбай бүгінгі күннің басты мақсаты жастарға сапалы білім беру екендігін айтып өтті. Өйткені нағыз білімді азамат қана Отанымыздың гүлденуіне үлес қоспақ. 

— Білім беріп қана қоймай, өскелең ұрпаққа ұлттық дәстүрде тәрбие беруіміз қажет. Бүгінде мені қазақылықты, тіл мен дәстүрді ұмыта бастаған қаракөз қарындастарымыз бен бауырларымыз алаңдатады. Осы мәселелердің барлығы үнемі айтылып, қозғалуы керек, — деді жазушы.

Диалог алаңына қатысқан университет студенттері қонақтарға сауалдарын қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Мақалада: «РУХТАСТАР CASES»  ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

9 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

9 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

13 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС