"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ПЕДАГОГТЕРІ БАС ҚОСТЫ

21.10.2022
ҚАЛА ПЕДАГОГТЕРІ БАС ҚОСТЫ

Семей қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Педагог» кәсіби стандартының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинар өтті. Жиынға білім бөлімінің мамандары, мектеп директорлары мен әдіскерлері және мұғалімдер қатысты.

Талшын ҚАЛИАСҚАР,

«Семей таңы»

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұстаздың кәсіби құзыреттілігінің нақты шеңберін анықтау мақсатында жаңа буын «Педагог» кәсіби стандартын дайындады. «Педагог» жаңа буын кәсіби стандарты педагогтің еркінділік шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл ретте оның еңбек нәтижелері үшін жауапкершілігін арттырады, нақты бағалау критерийлерін ұсына отырып, оның біліктілігіне қойылатын талаптарды ұсынады. Кәсіби стандарттың мақсаты — педагогтердің кәсібилігі мен сапасын арттыру үшін мектептерді, педагогикалық жоғары оқу орындарын, біліктілікті арттыру ұйымдарын, білім басқармаларын біріктіру. Қазіргі күні кәсіби стандартты, оның мақсаттарын, қолдану салаларын жан-жақты талдау үшін педагогикалық ұжымдар арасында кәсіби стандарттың мазмұны бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

— Стандарт дегеніміз қалып, өлшем дегенді білдіреді. Өздеріңіз білесіздер, 2019 жылы Президент «Педагог» мәртебесі туралы Заңға қол қойды. Ал кәсіби стандарт бізге не үшін керек? Бұл білім алушылардың және ұстаздардың кәсіби әлеуетін көтеруді, жақсы білімге қол жеткізуді көздеп отыр, — деді Шәкәрім атындағы гимназия директорының орынбасары Нұргүл Мұқанова.

Жиын барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Абай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының тренері Г.Құрманғалиева, №40 мектеп директоры А.Қуанышбаева, №6 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Б.Масалимова және №25 ЖОББМ директорының орынбасары К.Омарова баяндама “Педагог” кәсіби стандартының ерекшеліктері туралы баяндама жасады.

— Бұл жоба әлі заңды түрде бекіген жоқ. Сондықтан ұстаздар қауымының әлі де өз ұсыныстарын айтуға, өзгерістер енгізуге мүмкіндіктері бар. Заманауи қоғамда мұғалімнің рөлі өте маңызды болғандықтан, педагогтерден көп үміт күтіледі. «Педагог» кәсіби стандартын талқылау барысында жаңа ұсыныстар енгізілуі керек, — дейді №40 мектеп директоры Айжан Қуанышбаева.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Педагогтердің құзыреттілік шеңбері» — «Педагог» кәсіби стандарты жыл соңына дейін дайындалып, тәжірибеге енгізілетінін айтқан болатын.

 

Мақалада: ҚАЛА ПЕДАГОГТЕРІ БАС ҚОСТЫ

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

16 часов бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

16 часов бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

16 часов бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1 день бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

1 день бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС