"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕДЕРГІЛЕР КЕЗЕҢІМЕН РЕТТЕЛЕДІ

08.08.2014
КЕДЕРГІЛЕР КЕЗЕҢІМЕН РЕТТЕЛЕДІ
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Халықтың баспанамен қамтамасыз етілуіне жағдай жасау — мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі. Бұл орайда, ел аумағында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалармен қатар, азаматтарға жеке тұрғын үй       салуға мүмкіндік берудің үлкен мәнге ие екені белгілі. Осыдан он жылға жуық уақыт бұрын Үкімет тарапынан аталмыш  бағытта шаралар қолға алынған. Дәлірек айтқанда, азаматтарға жеке тұрғын үй салуға қажетті жер телімдері беріле бастаған.

Бұл бастама Семейде де жүзеге асырылған болатын. Мәселен, тұрғындар қала аумағынан жеке баспаналарын салу мақсатында жер телімдерін алу мүмкіндігін иеленді. Осындай шаралардың атқарылуы тұрғын үйлері жоқ адамдар үшін үлкен қуаныш болғаны айтпаса да түсінікті. Осы ретте, баспаналы бол-ғысы келгендер шаһар шетіндегі бүгінгі Ұшақтар тұрғын ауданы мен Комсомол кентінен жер телімдерін алып, жеке баспаналарын сала бастады. Алайда, бүгінде олардың алдарынан бірқатар  мәселелер туындап отырған көрінеді. Қалыптасқан жағдайды егжей-тегжей анықтап білу үшін қала әкімшілігінің жауапты бөлімдері басшыларымен және тұрғындармен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түсті.

Ұшақтар тұрғын ауданы мен Комсомол кентінің шетінде жеке баспаналардың салына бастағанына он жылдай уақыт болды. Әлбетте, билік тарапынан қолға алын-ған бастама аясында. Бірнеше жылдың ішінде жеке баспана салу мақсатында Ұшақтар ауданында бес жүзге жуық, ал, Комсомол кентінде төрт жүзден астам жер телімі берілген. Көрсетілген сан-   дарға қарап, халықтың бұл орайда белсенді болғанын анық байқауға болады. Алайда, 2008 жылы облыс аумағында тұрғын үй құрылысына жер телімін беруге мараторий жарияланады. Қаланың бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқилановтың айтуынша, мұның өзіндік себебі бар көрінеді. Атап айтқанда, 2008 жылы   Семейдің Бас жоспарын әзірлеу бойынша атқарылуға тиісті шаруалар аясында сәулет және қала құрылысы бөлімінде аудандардың жоспарларының жобаларын жасау қолға алынған. Жарияланған мараторийге байланысты алған жерлеріне жеке баспаналарын салып, қоныстанып үлгерген тұрғындардың алдында қиыншылықтар туындаған.

 

{jcomments on}Тағы да бір қайталап өтейік, Ұшақтар ауданы мен Комсомол кентіндегі берілген жер телімдері қала аумағында орналасқан. Дегенмен, бұл жерлерде тұратын халықпен сұхбаттасу барысында таяу арада шешілуі тиіс мәселелердің бар екенін білдік. Мысалы, Комсомол кентінің шетінен жер телімін алған халық асфальт төселген жолдың жоқтығына наразылықтарын айтуда. Сондай-ақ, су құбырын тарту мәселесі де күн тәртібінде көрінеді. Сондықтан, мұнда тұратын халық ауыз суды жүздеген метр қашықтықта орналасқан құдықтардан тасуға немесе тасымалдаушылардан сатып алуға мәжбүр. Жер телімін алып, жеке баспанасын    салып жатқандардың қатарында Әсел Қабибиева есімді тұрғын бар. Ол осы жылдар ішінде су тапшылығын сезініп келе  жатқанын айтады.

 

— Суды жүздеген метр алыс жерде орналасқан құдықтардан тасып ішудеміз. Әркім шамасы келгенінше қолында барымен әкеліп жүр. Көлігі барлар көлігімен, көлігі жоқтар жаяулап шелекпен, бөшкелермен тасиды. Бұл мәселе тез арада шешілсе дейміз, — дейді Әсел Қабибиева.

Бұл ауданның тұрғындарын толғандырған тағы бір түйткіл – электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі. Барлығы дерлік, электр қуатын осы Комсомол кентінде тұрып жатқан көршілерінен алуға мәжбүр. Әлбетте, бірнеше үй ортақтасқан соң электр желілері кернеуге шыдамайтын кездері болады. Сол себепті тұрғындар электр қуатын сирек, қажеттілік туындаған жағдайларда ғана пайдаланып жүр.

Дружба көшесінің тұрғыны Нұрасыл Жетпісбайұлы да осындай жағдайды басынан кешіруде.  Электр қуатын бұрыннан тұрып келе жатқан тұрғындардан тартып отыр.

—   Мен бұл жерді бұрынғы иесінен осыдан екі жыл бұрын сатып алдым. Содан бері осы кентте тұрып келемін. Электр қуатының жетіспеушілігін сезінудеміз. Бұл қиындықты әркім өзінің мүмкіндігі жеткенінше шешуде. Электр желілерінің қуаттылығы жете бермейді. Кешкі уақытта жұрттың бәрі үйлерінде жарық, тұрмысқа қажетті құрылғыларды қосқанда электр қуатының жепейтіні анық байқалады. Бәрінен бұрын бұл жағдай мектепте оқитын оқушы балаларға қиын, — дейді Нұрасыл Жетпісбайұлы.

Халықты толғандыратын тағы бір мәселе бар. Ол көшелердің жарықтандырылмауы. Тұрғындар кеш батқанда, әсіресе, қыс мезгілінде көшелер қараңғы болып тұратынын айтады. Сондай-ақ, бұл жерге қатынайтын қоғамдық көліктердің аялдамасы да едәуір жерде.

Жер телімдеріне қатысты құжаттарды заңға сәйкес рәсімдеу мәселесі де өзекті болып отыр. Себебі, мораторий жариялануына байланысты бүгінге дейін жер иелерінің 10% ғана қажетті құжаттарының мемлекетттік актілерін алып үлгерген. Қалғандарының қолында тек жер телімдерінің сызба нұсқалары бар көрінеді. Комсомол кентінің шетінен жеке баспана салуға жер телімін алғандардың арасында Райхан Садырбаева есімді әжеміз де бар. Ол кісі осы жылдардың ішінде қажетті құжаттардың барлығын жинап үлгермегенін айтады. Сол себепті, қазір зейнеткер әже ұлы екеуі уақытша пайдалануға салынған там үйде тұруға мәжбүр.

— Жер беріле бастаған кезде осы жерді өтініш жазып алған болатынмын. Енді қазір, міне, уақытша баспанада тұрып жатырмыз. Құжатым түгел болмаған соң, үй салуды ойлап отырған жоқпыз. Барлық құжаттарды реттеп алып, құрылысын  бастаймыз, — дейді Райхан әжей.

Бұл орайда, қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Құдайберген Сейілханов жер теліміне қатысты құжаттарды рәсімдеу қиын шаруа еместігін айтады.

— Арнайы комиссияның рұқсаты мен қала әкімінің қаулысын алса, мемлекеттік акті беріледі. Егер әлдебір жағдайлармен бұрын рәсімделген құжаттарын жоғалтып алған болса, сәулет және қала құрылысы бөліміндегі мәліметтер базасынан көшірмелерін алып бізге ұсынып, барлық құжаттарын толық ретке келтіріп алуға болады. Жалпы, жеке баспана салу мақсатындағы жер телімінің құжаттарын рәсімдеу соншалықты қиын емес,-дейді Құдайберген Мұхамадиұлы.

Сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдері тұрғындардың мәселелері жергілікті биліктің назарында екенін айтады. Тек, мораторий жариялануына байланысты оларды ретке келтірудің мүмкіндігі болмаған. Дегенмен, тұрғындардың мәселелері назардан тыс қалмайды. Қаламыздың бас сәулетшісі Қалдыбек Қоқиланов, бүгінгі таңда Комсомол кентінің топографиялық түсірілімі жасалғанын, Ұшақтар  ауданында да осындай жұмыстар жүргізу жоспарланып отырғанын атап өтті. Атқарылған шаруалардың қорытындысы бойынша арнайы сараптама жасалмақ екен. Дәлірек айтқанда, мамандардың алдында тұрғындар жеке баспаналарының құрылысын жер телімдерінің сызба нұсқаларына сәйкес жүргізген, жүргізбегендерін анықтау міндеті тұр. Сондай-ақ, көшелерді түзулеу жұмыстарын атқару жоспарлануда.

— Бірінші кезекте біз топографиялық түсірілімді аяқтап, жеке баспаналардың қалай салынғанын анықтауды жоспарлап отырмыз. Ұзақ жылдар құрылыс жүйесіз жүргізілгендіктен кейбір үйлердің біраз бөлігі көшелердің аумағына шығып кеткен. Сондықтан, көшелерді түзулеу жұ-мыстарын атқармақпыз,- дейді Қалдыбек Қоқиланов.

Көшелерді түзулеуден бөлек бұл ауданда мектептер, балабақшалар, футбол  манежі сияқты бірқатар әлеуметтік, спорттық нысандардың құрылысы жоспарлануда.

— Қазір жобалық құжаттамалар әзірленіп, дайындық жұмыстары жүргізілуде. Егер қандай да бір тұрғындардың жер телімдері осы аталған нысандар салынатын орында орналасса, онда оларға басқа орыннан жер телімі берілетін болады, — деп атап өтті Қалдыбек Қоқиланов.

Сол себепті, қазір ең бастысы, жер телімдері әлеуметтік нысандар салынатын орындарда болмауы керек, салынған үйлер көшелердің аумағына шығып кетпеуі керек.

— Біз қазір әрбір тұрғынмен жеке-жеке жұмыс істеп жатырмыз. Үйлердің барлығын аралап, жер телімдерінің, жүргізілген құрылыс жұмыстарының талаптарға қаншалықты сәйкес келетінін анықтаудамыз. Егер ешқандай кемшілік болмаса, құжаттарды толықтай рәсімдеуге мүмкіндік беретін анықтамалар табыстап жатырмыз, — дейді сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ, аталмыш тұрғын ауданының электр желілерін тартуға қажетті шағын трансфрматорлық стансалардың орнатылғаны мәлім болды. Жер телімдерінің иелері мемлекеттік актіні алғаннан кейін барлық үйлерге электр желісін тарту   басталатын көрінеді. Су құбырына келетін болсақ, Ұшақтар тұрғын ауданында бұл мәселе ішінара шешімін тапқан.

Бүгінгі таңда қоғамдық көлік қатынасын ретке келтіру жолдары қарастырылып жатыр. Жалпы, аталған Ұшақтар ауданы мен Комсомол кенті тұрғындарының мәселесі Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімовтің тікелей бақылауында. Шаһар басшысы, бұл ретте, халықпен арнайы кездесіп, мәселенің мән – жайын түсіндіріп те бергені бар. Жоғарыда аталған, жылдар бойы жинақталған мәселелердің дерлігі бір сәтте шешімін тауып кетпейтіні анық. Сондықтан да,  жоспарланған жұмыстарды әкімдік тарапы кезең – кезеңмен іске асыруда. Әзірге тұрғындарға иеліктеріндегі жер телімдеріне қатыс-ты құжаттардың барлығын ретке келтіріп, сабыр сақтай тұруы керек. Әлбетте, «Сабыр түбі – сары алтын!».

Мирас ҚҰСАЙЫН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент пен Құрылтай арасындағы кадрлық өкілеттіктерді бөлу тепе-теңдікті сақтайды – саясаттанушы жаңа Конституция туралы пікір білдірді

03.02.2026
Президент пен Құрылтай арасындағы кадрлық өкілеттіктерді бөлу тепе-теңдікті сақтайды – саясаттанушы жаңа Конституция туралы пікір білдірді

Саясаттанушы Марат Шибұтов жаңа Конституция туралы әлеуметтік желілерде тараған қауесетті, жорамалдар мен жалған ақпаратты жария түрде жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол...

Толығырақ...Details

Қазақстандықтар жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды – Елнұр Бейсенбаев

03.02.2026
Қазақстандықтар жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды – Елнұр Бейсенбаев

Жаңа Конституцияның алғашқы баптарынан-ақ оның тұжырымдамалық сипаты айқын көрінеді. Бұл – әділеттілікке, тәртіпке және тұрақтылыққа негізделген қоғам сұранысына мемлекеттің нақты...

Толығырақ...Details

Бостандық пен құқыққа мемлекет тарапынан кепілдік беріледі – Динара Закиева

03.02.2026
Бостандық пен құқыққа мемлекет тарапынан кепілдік беріледі – Динара Закиева

Конституция жобасы адамның қолданыстағы құқықтары мен бостандықтарын сақтап қана қоймай, олардың аясын кеңейтіп, нақты іске асуын және қорғалуын күшейтеді. Бұл...

Толығырақ...Details

ҚСЗИ директоры: сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдады

03.02.2026
ҚСЗИ директоры: сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдады

Тәуелсіз әлеуметтік зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдап отыр. Азаматтар сондай-ақ ұсынылған өзгерістерден жеке әл-ауқаты мен жалпы өмір...

Толығырақ...Details

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

03.02.2026
ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді кешенді жаңғыртуға бағытталған. Құжат кәсіпкерлер мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетуді, салық...

Толығырақ...Details

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Мақалада Конституция жобасы күрделеніп келе жатқан әлеуметтік және цифрлық шындыққа институционалдық жауап беруге ұмтылыс ретінде қарастырылады. Мұнда басымдық тосын әрекеттерден...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент пен Құрылтай арасындағы кадрлық өкілеттіктерді бөлу тепе-теңдікті сақтайды – саясаттанушы жаңа Конституция туралы пікір білдірді

47 минут бұрын

Қазақстандықтар жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды – Елнұр Бейсенбаев

49 минут бұрын

Бостандық пен құқыққа мемлекет тарапынан кепілдік беріледі – Динара Закиева

51 минута бұрын

ҚСЗИ директоры: сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың басым көпшілігі Конституциялық реформаны қолдады

56 минут бұрын

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

1 час бұрын

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

1 час бұрын

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи қадам деп бағалады

1 час бұрын

«Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде Ұлттық кеңес президиумы мен парламенттік фракцияның бірлескен отырысы өтті

23 часа бұрын

Серік Егізбаев: жаңа Конституция жобасын елге кеңінен түсіндіру керек

24 часа бұрын

Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» шаңғы жарысы өтті

24 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС