"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Республика күнінде 64 отбасы баспаналы болды

25.10.2022
Республика күнінде 64 отбасы баспаналы болды
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Республика күні тек концерттер мен ойын-сауықтық кештерден тұрмады, сонымен қатар қала халқының әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысқан игі істер жасалды. Осы орайда Абай облысында Республика күні қарсаңында Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданынан 64 отбасыға көпқабатты тұрғын үй пәтерінің кілті табыс етілді.

Бибі ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Семей таңы»

Қуанышқа толы іс-шараға келген Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтап, алда құрылыс қарқыны өсетіні туралы атап өтті.

— Мемлекет басшысының тікелей қамқорлығымен біздің өңір өзінің даму жолына түсіп келеді. Кешенді жоспар қабылданып, тың жобалар іске асырылатын болады. Біз тұрғын үй құрылысының қарқынын ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде қаламыздың бас жоспары әзірленуде. Биылғы жылға қалада қаржыландырудың барлық көздері есебінен 5166 пәтерге арналған 496 415 мың м2 тұрғын үй салу жоспарлануда. Осылайша кезең-кезеңімен баспана санын ұлғайту жоспарымызда бар, -деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Шаһарымызда баспаналы болған жандар өз кезегін кем дегенде 6-7 жыл көлемінде күткендерін айтады. Оның ішінде көп балалы отбасылар, әлеуметтік осал топ мүшелері, мүгедектер, асыраушысынан айырылғандар, жетім балалар бар.

— Мен өз кезегімді 6 жыл күттім. Өзім банк саласының қызметкерімін, көп балалы анамын. Әрине, кезекті ұзақ күткеніміз  бар. Алайда, облыс орталығы болғаннан кейін көпқабатты  үйлердің салынып, тұрғын үйге кезекке тұрғандардың баспаналы болғаны өте қатты қуантады, -дейді пәтерлі болған Гүлсім Тұрарова.

Семей қаласының оң жағалау бөлігінде бекітілген бас жоспарға сәйкес «Қарағайлы» тұрғын алабының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Жоспар бойынша алдағы уақытта 35 мыңнан аса адам тұратын, 227 тұрғын үй салынады.

-Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді халықтың әлеуметтік осал топтары санатында кезекте тұрғандар алды, олардың 18 – і көпбалалы отбасылар, сондай-ақ 13-і жетім балалар. Бұл тұрғын үйде олар кез-келген уақытта тұра алады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне орай тағы 64 отбасыға пәтер кілттері тапсырылады деп күтілуде. Алайда қазір тұрғын үй кезегінде 13 265 адам тұр, — деді Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова

Қазірде «Қарағайлы» шағын ауданы су құбыры, канализация, телекоммуникация, жылу және электр энергиясының магистральдық желілерімен қамтамасыз етілген.

Шағын ауданда Назарбаев зияткерлік мектебі, 320 орындық балабақша, 5600 орындық «Арена» мәдени-спорттық кешені орналасқан. Бүгінгі таңда жалпы ауданы 253,4 мың шаршы метрді құрайтын 41 үй пайдалануға берілген.

Бірақ мұндай қуанышты оқиғалар тек облыс орталығында өткен жоқ. Баспаналы болған жандардың қатары бұнымен шектелмеді. Мәселен, Үржар ауданы Таскескен ауылында жаңадан салынған 12 пәтерлі алты үй пайдалануға берілді. Пәтер кілттерін аудан басшысы Нұржан Тоқсеитов салтанатты түрде баспана иелеріне табыстады.

Осылайша, Ұлттық мереке ретінде қайта оралған Республика күнін облыс тұрғындары тек қуанышпен қарсы алды.

Мақалада: Республика күнінде 64 отбасы баспаналы болды

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

5 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

5 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

5 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС