"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Республика күні қала музейлерінде

25.10.2022
Республика күні қала музейлерінде
68
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мереке. 25 қазан – ұлттық мереке мәртебесінде алғаш аталып өтілді. «Республика күні еліміздің мемлекетке деген батыл қадамының нышаны болуы тиіс. Бұл күні тәуелсіздікке қол жеткізуге зор үлес қосқан ұлттық қаһармандарымыз құрметтелуі керек», — деді Мемлекет басшысы. Бұл күн – елімізге еркіндік сыйлаған, ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан Ұлы күн. Ұлттық мереке жоғарғы деңгейде түрлі шаралармен аталып өтілді. Солардың бірқатары қала музейлерінде шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналып ұйымдастырылды.

Дана Талғатбек,
«Семей таңы»

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ашық есік күні» акциясы өтті. Музей экспозицияларын үш жүзден астам келушілер тамашалап, тарихи жәдігерлермен танысты. Келушілер музей мамандарына сұрақтарын қойып, қызықтырған сауалдарына жауап алды. Мейрам күні музей қонақтарының қатарында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев та болды. Сондай-ақ өлкетану музейінде атаулы мерекеге орай ұйымдастырылған шаралардың қатарында «Ұлттың тарихи қазынасы» тақырыптық дәрісі мен «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» викториналық ойыны бар.

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейінде «25 қазан – Республика күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесіне Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістері туралы кітаптар қойылды. «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының директоры Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай барша келушілерді тарихи маңызы зор мерекемен құттықтады.

— 25 қазан Республика күні ретінде қайта бекітіліп, Президент тиісті заңға қол қойды. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Рухани құндылығымызды, қазақы қайсар рухымызды, бай тарихымызды, бабадан қалған даланың мұрагері ретінде алты алашты әлемге таныту арқылы осы тарихи датаның біз үшін қасиеттілігін көрсете білуіміз қажет.

Бұл дата тарихи бағасын әлдеқашан алып қойған. Алайда осы жылдан бастап қайта түлеп, жаңғырып, ұлтымызды ұлықтайтын мерекеге айналғаны көңіл қуантады.

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр тілеймін. Еліміз гүлденіп, көркейе берсін! — дейді  «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының директоры

Тұрдықұл Қасенұлы.

Республика күні Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде де аталып өтті. Музейдің барлық келушілеріне «Сүйікті қалам» атты қала суретшілерінің көрмесі ұйымдастырылса, қаламыздағы №30 орта мектеп оқушыларына музей ұжымы шығармашылық іс-шара өткізді. Оқушылар «Тұмар» атты шығармашылық сабақта тек қол икемдерін дамытып қана қоймай, экран арқылы музей қызметкерлері дайындаған қызықты бейнероликтерді тамашалап, танымды мәлімет алды. Ата салтын сақтап, әдет-ғұрыпты ұстануда мұндай сабақтардың өткізілуі оқушылар үшін маңызы зор. Шығармашылық сабақ соңында әр бала өз қолымен жасаған тұмарын үлкен қуанышпен өздерімен бірге ала кетті.

Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Восток» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілерінің қатысуымен Республика күніне арналған дөңгелек үстел өтті. Осы мереке аясында әдеби-мемориалдық мұражайда Семейде мерзімді қызмет өткеріп жатқан сарбаздарға тәуелсіз Қазақстан тарихын қалыптастырудағы қаламыздың ерекше орны туралы мағлұмат берілді. Соңында қаланың көрнекті жерлеріне виртуалды экскурсия ұйымдастырылып, әскери қызметшілер Достоевский музейінің экспозицияларын аралады.

Мақалада: Республика күні қала музейлерінде

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

8 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

8 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

8 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

8 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

9 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

9 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС