"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАРАПАТ ЖАУҒАН КҮН

25.10.2022
МАРАПАТ ЖАУҒАН КҮН
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Республика күніне орай, Абай театрында облысымызда қоғамның әр саласында жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты кешке Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев және аймағымыздағы мемлекеттік мекеме, басқарма, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер және кәсіпкерлер қатысты.

Биыл елімізде 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күні тойланып жатыр. Бұл күн мерекелер қатарынан алынып тасталғанымен, биылғы жылдың 16 маусымында Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының Парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні, яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні — 16 желтоқсан мемлекеттік мерекеге айналды. Салтанатты кеште Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жиналғандарды мерекемен құттықтады. — Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер! Баршаңызды Ұлы даламыздың ұлттық мерекесі, егемендік арқауы болған Республика күнімен құттықтаймын! 1990 жылы азаттыққа бет бұрған еліміздің жаңа тарихы жазыла бастады. Бұл көп ұлтты халқымыздың Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш тағдыр шешті қадамы болатын. 2009 жылға дейін Республика күні ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде аталып келді. Араға он үш жыл салып ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ұмыт болған мейрамға ұлттық мәртебе берілді. Республика күні Қазақстанның тарихына басты мереке ретінде енді. Бұл — еңсесі биік егемендік пен елдіктің, рухы асқақ азаттық пен тәу етер Тәуелсіздіктің салтанаты. Осынау мерекені Абай елі зор қуанышпен, болашаққа деген үлкен сеніммен қарсы алуда. Халықтың қалауымен, Президент шешімімен дүниеге келген Абай облысы бүгіннің өзінде республикамыздың маңызды аймақтарының біріне айналуда. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жедел шешіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мақсатында нақты тапсырмалар іске аса бастады. Инвестицияның тартылуына, өнеркәсіп пен жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасалуда. Аймақты республикалық бюджеттен тікелей қаржыландыру жүзеге асады. Бір сөзбен айтқанда, біздер тарихи әділдіктің салтанат құруының куәгері болдық. Ынтымақ пен бірлікке ұмтылып, татулық пен достықты адастырмас темірқазыққа айналдырған қасиетті Семей елі Президент тапсырмалары аясында көркея түседі деп сенемін,- деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев. «Парасат» орденімен еңбек арадагері Болат Сапоров, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің директоры Татьяна Стромская, Жарма аудандық Мәдениет үйінің директоры Аманжол Дауытов, «Құрмет» орденімен Республикалық «Абай Құнанбаев» қоғамдық қорының президенті Отантай Кәрібжанов, Қазақ күресі ассоциясының вице-президенті Баделхан Камалханұлы, Үржар ауданының №2 ауруханасының бас дәрігері Нағима Жақиянова, еңбек ардагері Айгүл Иманғалиева (Ақсуат ауданы), жеке кәсіпкер Рафаиль Хазипов, Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ғибрат Валиев, мүсінші Нұрбол Қалиев, «Раушан» ЖШС директоры Талғат Оразаев (Бородулиха ауданы), Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Сандыбаев, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Талап» шаруа қожалығының механизаторы Қайрат Шалқыбаев (Көкпекті ауданы), ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Шағангүл Жанаева, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Коростелевское» ЖШС директоры Ерлан Ертаев (Бородулиха ауданы), «Азамат» шаруа қожалығының директоры Асқар Данабаев (Бесқарағай ауданы), «Диас» шаруа қожалығының жетекшісі Қанатбек Жанұзақов (Ақсуат ауданы), Үржар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәрсенхан Қабдолданов, Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Мәулетбек Матанов, еңбек ардагері Слямбек Мұқашев (Көкпекті ауданы), «Рүстем» шаруа қожалығының басшысы Рүстем Садуов, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония әншісі Баян Сағынбаева, Бесқарағай ауылдық округінің әкімі Юрий Слоницкий және басқа да азаматтар, «Шапағат» медалімен еңбек ардагері Молдабек Жанболатов (Семей қаласы), «Талап» шаруа қожалығының басшысы Жұмабек Күшікбаев (Көкпекті ауданы), Көкпекті аудандық аруханасының дәрігері Оралбек Тоғасбаев марапатталды. Сондай-ақ қатар бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына ие болды. Жиын соңында барлық марапат иелері естелік суретке түсіп, мерекелік концертті тамашалады.

 

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

01.11.2026
Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

Қазіргі уақытта адамдардың күнделікті өмірі цифрлық технологиялармен тығыз байланысты. Телефондағы жеке мәліметтер, банк шоттары, әлеуметтік желілердегі жазбалар мен хат-хабарлар адамның...

Толығырақ...Details

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

01.11.2026
Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы жаңа Көрме орталығының құрылыс барысымен танысты. Нысан «Абайға құрмет» акциясы аясында Түркістан облысының...

Толығырақ...Details

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

01.11.2026
Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

Семей қаласында заманауи үстел теннисі орталығының құрылысы жалғасып жатыр. Павлодар облысының тартуы саналатын спорт кешені «Абайға құрмет» акциясы аясында салынып,...

Толығырақ...Details

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

01.11.2026
Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыру, заманауи агротехнологияларды енгізу және аграрлық өндірістің климат өзгерістеріне төзімділігін нығайту бағытындағы жүйелі...

Толығырақ...Details

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.2026
Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2026 жылғы егін жинау науқанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 24,3 млн тонна астық жиналды. Бұл — соңғы 15 жылдағы ең жоғары...

Толығырақ...Details

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

31.10.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымы түркі әлемінің тұтастығын нығайтып келе жатқан бірегей құрылым екеніне назар аударды. – Бауырлас елдердің егемендігіне,...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

11 часов бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

20 часов бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

20 часов бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

21 час бұрын

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

2 дня бұрын

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі

2 дня бұрын

Білім алу – әр азаматтың құқығы: Конституцияда тегін оқуға қатысты не жазылған?

2 дня бұрын

Еңбек етуге мәжбүрлеуге бола ма? Конституция жұмысшылардың қандай құқықтарына кепілдік береді?

3 дня бұрын

Адал кәсіпке берілген баға: Абай облысында «Адал кәсіпкер – 2026» байқауының жеңімпаздары марапатталды

3 дня бұрын

Ертіс өзеніне 22 мың сібір бекіресінің шабағы жіберілді

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС