"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ҮМІТ СЫЙЛАЙДЫ

31.10.2022
«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ҮМІТ СЫЙЛАЙДЫ
33
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қалалық Мәдениет сарайында Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз — 2022» облыстық шығармашылық фестивалінің гала-концерті өтті. Жыл сайын өткізілетін бұл дәстүрлі іс-шараға мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысады. Биылғы фестиваль Мүгедектер күні мен Балалар жылына орай ұйымдастырылды.

Дана ТАЛҒАТБЕК,

«Семей таңы»

Фестивальға Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Сұлтанова, аудандар мен қаланың аумақтық орталықтарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, демеушілер, мүгедектігі бар балалардың ата-аналары мен балалар шақырылды.

— Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен өтетін «Екі жұлдыз» облыстық шығармашылық фестивалін жыл сайын ұйымдастырамыз. Бұл іс-шараның ерекшелігі – мүгедектігі бар жандар түрлі конкурстардың лауреаттарымен, дипломанттарымен, Қалалық Мәдениет сарайының кәсіби әртістерімен жұптасып өнер көрсетеді. Бүгін қалалық, аудандық деңгейдегі сайысқа қатысқан 30 мүгедектігі бар жандардың арасынан іріктелген 12 жүлдегердің өнерін тамашаладық, — дейді Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Рымжан Тынысова.

Гала-концертте Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Көкпекті, Бородулиха, Үржар аудандарының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жастан асқан мүгедектерге үйден қызмет көрсету бөлімшелерінің, сондай-ақ Семей қаласындағы «Асыл» қоғамдық бірлестігінің өкілдері өнер көрсетті.

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ҮМІТ СЫЙЛАЙДЫ

— «Екі жұлдыз» фестивалі алғаш рет біздің орталықтың бастамасымен 2014 жылы ұйымдастырылды. Ал 2018 жылдан бастап Семей қаласы әкімінің қолдауымен облыстық деңгейде өткізіліп келеді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды ортаға бейімдеу, өмірге деген қызығушылықтарын арттыру, дарындыларды анықтап, олардың өнерін халыққа паш ету, — дейді орталықтың әлеуметтік қызметкері АнарУстановить изображение записи Толымханқызы. — Бұл шара тек концертпен шектелмейді, Мәдениет сарайының фойесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызмет алушыларының шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды, алдыңғы байқаулардан естелік сәттер — фотосуреттер қойылды, — дейді Анар Толымханқызы.

Көрермен назарына қалалық орталықтың қызмет алушылары жайлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Мапруза Утуленова, республикалық сайыстардың лауреаты Әсия Әлімханова, халықаралық сайыстардың лауреаты Нұрлан Тутуновтың орындауындағы «Главное на свете – это наши дети» әніне түсірілген бейнефильм ұсынылды.

«Екі жұлдыздың» гран-при жүлдесін аягөздік Темірлан Төлеуғазы мен семейлік Еркеназ Нұрғазы жеңіп алды. І орынды Айлин Узбеканова (Жарма ауданы), Темірлан Кулекенов (Көкпекті ауданы), Сабина Жанболатова (Бесқарағай ауданы) иеленді. ІІ орынды Артем Дюсупов (Көкпекті ауданы), Нұрәділ Еркін, Мөлдір Тыныбекова (Үржар ауданы) қанжығаларына байласа, ІІІ орынды Ақниет Қасенова (Үржар ауданы), Жұлдыз Жамбылқызы (Семей қаласы), Айдана Тұрсынова (Үржар ауданы), Балнұр Оразғалиева (Абай ауданы) иеленді.

Барлық қатысушылар мен олардың тәлімгерлері дипломдармен марапатталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Гала-концерт қатысушылардың орындауындағы фестивальдың символына айналған «Екі жұлдыз» әнімен қорытындыланды.

Мақалада: «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ҮМІТ СЫЙЛАЙДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

21 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

22 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

22 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

23 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

23 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС